Қызметкерлер — Алматы қаласы мәслихаты

    Алматы қаласы мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы
    Қызметкерлер

    Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы

    Мәслихат төрағасы

    1987 жылы 21 желтоқсанда Түркістан облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы
    Қызметкерлер

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы 1963 жылы 4 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Мақсат Мырзаханұлы өз еңбек жолын 1986 жылғы тамыз айыннан құс шаруашылығы бойынша Абай бас кәсіпорынның орналастыруын даярлау бригадирі болып басталды (Қаскелен ауданы, Алматы облысы). 1990 жылы сәуір айынан бастап құс шаруашылығы бойынша Абай бас кәсіпорын кәсіподағының төрағасы болып сайланды (Қаскелен ауданы, Алматы облысы). 1995 жылдың маусымнан бастап 1998 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Халықаралық агроөнеркәсіптік биржаның сараптау-талдау қызметінің талдаушысы, жетекші сарапшысы болып қызмет атқарды.

    Басқа қызметкерлер

    79
    Әбдімәлік Жансая Даниярқызы
    Қызметкерлер

    Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

    Депутат

    Мен, Әбдімәлік Жансая Даниярқызы 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 2007 - 2010 жылдары №173 мектеп-лицейінде білім алдым. 2010-2016 жылдары №126 мамандандырылған лицейде білім алып, оны үздік бітірдім. 2016 жылы Инновациялық техникалық колледжге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы колледжді үздік бітіріп шықтым. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясының «Жоғары дәрежедегі спорт және денешынықтыру» мамандығы бойынша студентімін. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-да «ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы лауазымында жұмыс істеймін, Нұр-Сұлтан қаласы. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК-да «Спортшы» лауазымында жұмыс істеймін, Алматы қаласы. Жеке жетістіктерім : Қыздар арасында 5 дүркін әлем чемпионы. Халықаралық әйелдер гроссмейстері – 2014 жыл. Халықаралық ерлер шебері – 2017 жыл. 1 орын «5th Asian Indoor & Martial Arts Games 2017» жабық ғимараттардағы Азия ойындары – Ашхабад (Түркменістан) - 2017 жыл. 1 орын 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем Чемпионаты, Тарвизио (Италия) – 2017 жыл. Әйелдер арасындағы шахматтан ҚР чемпионы – 2020 жыл. «AMANAT» партиясының мүшесімін. «Дара», «Үміт» қоғамдық ордендерімен марапатталғанмын. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Ақанова Асия Айқанқызы
    Қызметкерлер

    Ақанова Асия Айқанқызы

    Депутат

    Ақанова Әсия Айқанқызы 1987 жылы 8 қазанда Москва қаласында дүниеге келген. 2005 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқуға түсті. 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Лондон университеттік колледжін «Нейроғылым» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесімен тәмәмдады. 2015 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірді. 2016 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ғылым докторы дәрежесімен бітірді. Еңбек жолын 2011 жылы фармакология кафедрасының аға зертханашысы болып бастап, 2013-2016 жылдары Семей ММУ докторантурада болды. 2018-2021 жылдары аралығында ҚазМУҒО ғылым бөлімінің әдіскері, отбасылық медицина кафедрасының доценті, отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2017-2022 жылдары «Kumis Khasyr» ҚБ директоры, 2018-2022 жылдары Белсенді Ұзақ Өмір Сүру Орталығының директоры. Оның басшылығымен Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүрудің алғашқы Орталығының жобасы іске асырылды. 2021-2022 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Клиникалық пәндер» кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2022 жылдан бері қазіргі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Big Data және жасанды интеллект» кафедрасының доценті. 2019 жылдан бастап ұзақ мерзімді күтімнің медициналық-әлеуметтік мәселелері бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен белсенді жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, 21 сәуірден бастап Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Заңғар» төсбелгісімен, алғыс хаттармен марапатталған.

    Әпсенбетов Бейбіт Тұрсынбекұлы
    Қызметкерлер

    Әпсенбетов Бейбіт Тұрсынбекұлы

    Депутат

    Әспенбетов Бейбіт Тұрсынбекұлы 1966 жылы 3 қарашада Түркістан облысына дүниеге келген. 1984 жылы Ленинград мемлекеттік университетіне оқуға түсті. 1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскерде болды. 1991 жылы Ленинград мемлекеттік университетін «Экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдады. 1991-1993 жылдары Алматы Қор биржасының вице-президенті қызметін атқарды. 1993 жылдан 2002 жылға дейін Deloitte&Touche компаниясының серіктесі ретінде басқарушылық кеңес берумен айналысты, Deloitte&Touche ТМД филиалының бас директоры болды. 1993 жылы Дүниежүзілік Банктің қаржыны басқару курсын аяқтаған, 2005 жылы ABN AMRO «Банктердің өтімділігін басқару» курсын, 2006 жылы Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде бірігу және сіңіру курсын бітірген. Қазақстанның сертификатталған аудиторы. Қазақстанда алғашқы кредиттік Бюро құру жөніндегі жұмыс тобының басшысы. 2006-2012 жылдары Исландияның Қазақстандағы Құрметті консулы. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Песня лета» көкөністер мен жемістерді өңдеу және консервілеу компаниясының негізін қалаушы. 2023 наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары. «За отличие в воинской службе 2-ой степени» төсбелгісімен марапатталған.

    Ахметов Алмат Сағындықұлы
    Қызметкерлер

    Ахметов Алмат Сағындықұлы

    Депутат

    Ахметов Алмат Сағындықұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде (МИРБИС) MBA дәрежесін алды. Сондай-ақ, Mini MBA (КИМЭП), Skolkovo Executive MBA және Master in Management Analytics бағдарламаларын аяқтаған. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде білім алуда. Еңбек жолын Алматы қаласы Медеу ауданының Салық бөлімінде бастаған. Кейін «Банк ТуранАлем» АҚ-да, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жұмыс істеген. 1998 жылдан бастап «Caspian Beverage Holding» АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Қазақстан Халық партиясының мүшесі. Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты және кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. 2024 жылдың қараша айынан бастап Таза өндірістер бойынша салалық кеңестің төрағасы.

    Бакарасова Елена Евгеньевна
    Қызметкерлер

    Бакарасова Елена Евгеньевна

    Депутат

    Бакарасова Елена Евгеньевна, 1965 жылы 2 қазанда Қарағанды облысы Жезқазған ауданы Николаев-8 қаласы Сәтпаев ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. В 1987 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында бірінші разрядты жұмысшы ретінде бастады. Институтты бітіргеннен кейін «Ангор» енгізу бірлестігінің экология бөлімінде инженер және инженер-геолог болып, «Алатау» Қауымдастығының сыртқы экономикалық сауда бөлімінде инженер болып жұмыс істеді. 1993-2000 жылдары «Еркин кварц» ЖШС инженер-геолог болып жұмыс істеді. 2000-2006 жылдары аралығында «Jobi-строй» ЖШС бас менеджер, директор боллп қызмет атқарды. 2006 жылы «Bakarassov концерні» компаниясының бас директоры қызметіне тағайындалып, Алматы қаласында «Kaizer», «MEISTER GUT» брендтерімен әлемнің үздік технологиялары мен Еуропа елдерінен мамандарды тарта отырып, лак-бояу өнімдері зауытын құрды. 2006 жылдан қазіргі күнге дейін «Концерн Bakarassov» компаниясының бас директоры. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кәсіпорын Алмалы ауданы мен қала аумағындағы ғимараттардың, сәулет ескерткіштерінің қасбеттерін қалпына келтіруге белсенді қатысады. Көп балалы отбасыларға және жалғызбасты аналарға, интернаттарға мен балалар үйлеріне тұрақты негізде көмек көрсетеді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың қазан айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Прзидентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Респубикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Атамекен» ҚР ҰКП III дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен, «Nur Otan» партиясының, Алматы қаласы Кәсіпкерлік палатасының алғыс хаттарымен, «Қанатты Әйел-6» көрмесінің «Креативті-инновациялық кәсіпкер» номинациясының, «Қазақстанның үздік тауары – 2012» дипломдарымен марапатталған.

    Бегалин Қайрат Талапұлы
    Қызметкерлер

    Бегалин Қайрат Талапұлы

    Депутат

    Бегалин Қайрат Талапұлы 1987 жылы 19 желтоқсанда Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келген. 2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы облысы Су шаруашылығы комитетінің маманы болып бастаған. 2009-2016 жылдары «Зета КПЦ» ЖШС және «Туркуаз компаниялар тобы» филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан қазіргі күнге дейін « USTUDY» ЖШС директоры. «RESPUBLICA» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Еліміздің бизнес-секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Жыл кәсіпкері» марапатын алған, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты.

    Бекенова Гүлжан Мырзалықызы
    Қызметкерлер

    Бекенова Гүлжан Мырзалықызы

    Депутат маслихата

    Бекенова Гүлжан Мырзалықызы 1973 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Басшиелі ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ақтөбе Педагогикалық училищесін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2007 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасын үздік бітірген. 2001-2007 жылдары аралығында Алматы қаласы Әуезов ауданының №26 мектебінде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының №169 мектебінде директордың оқу - тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2011-2022 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының №169 мектеп-лицейінің директоры қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «№204 Жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры. Үйленген, көпбалалы ана. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Заңғар» төсбелгісімен, Алматы қаласы әкімінің, Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

    Грачев Михаил Владимирович
    Қызметкерлер

    Грачев Михаил Владимирович

    Депутат

    Грачев Михаил Владимирович 1985 жылы Алматы қаласында туылған. Ұлты – орыс. Білмі – жоғары, «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі бар. 2007 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Университетті бітіргеннен кейін өзінің мамандығы бойынша «№13 жол-құрылыс басқармасы» АҚ жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы кәсіпорынның директоры болып табылады. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты мәртебесінде болған қысқа уақыт ішінде Михаил Владимирович өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, сондай-ақ сайлаушылардың өзекті мәселелері бағытында өз округінде көптеген өзгерістер өткізді, атап айтқанда: Түрксіб ауданының 36 сайлау округі бойынша барлық аула аумақтарын абаттандыру 95%-ке дейін жеткізілді; тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін балалар және спорт кешендерін орнату арқылы Ауғандықтар скверін абаттандыру орындалды; Басқарасу өзені мен Сұлтанқарасу өзенінің бойында қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар орындалды; балалар алаңдарын, футбол алаңдарын орнату, Сүйінбай даңғылымен Төменгі және Жоғарғы Пятилетканы жалғайтын көпірді қайта жаңарту жұмыстары аяқталды; Түрксіб ауданын жарықтандыру бойынша жұмыстар аяқталды; Бекмаханов көшесінде ыңғайлы тротуарлар орнатумен асфальтбетон жабынына жөндеу жүргізілді; Пятилетка көшелері бойымен ұзындығы 44 км су құбыры мен канализацияны толық ауыстыру жобасы жасалды; аудан тұрғындарының қатысуымен аумақты тазалау бойынша іс-шаралар өткізіледі, жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге, ағаштардың жай-күйіне қатысты аудандағы ахуал бойынша жергілікті жерді тексеру және жедел ден қою шараларын қабылдау үшін халықпен кездесулер; «Nur Otan» партиясының «Мектепке жол», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау және көмек көрсетеді. «Бақытты отбасы-Алматы» қоғамдық қорына және "#Biz birgemiz!" республикалық қайырымдылық акциясын іске асыру аясында карантин кезеңінде Алматы қаласындағы аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша демеушілік көмек көрсетті. Михаил Владимирович 2019 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференцияға Алматы қаласы мәслихатынан делегат болды. «Ерен еңбегі үшін» (2018ж.) медалімен, «Туған өлке» номинациясында «Жомарт Жүрек» Республикалық сыйлығымен (2019ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алғысмен марапатталған. «AMANAT» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі. 2018-2021 жж. - VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Бекмурзаева Кристина Юрьевна
    Қызметкерлер

    Бекмурзаева Кристина Юрьевна

    Депутат

    Бекмурзаева Кристина Юрьевна Алматы қаласында дүниеге келген. О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және FH Aachen - University of Applied Sciences оқу орнын «Өнертанушы» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылдан 2018 жылға дейін қоғамдық және мәдени ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. «Алматы» галереясын басқарды. 2018 жылдан бері Алматы қаласында жастарды, мәдениетті және спортты қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, «Almaty Creative» ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі және «Almaty Creative Bureau» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. Өз қызметі барысында 100-ден астам жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында: Алматы қаласындағы қоғамдық комьюнити-орталықтарды құру, «Шапағат» және «Әлеуметтік қызметтер үйі» әлеуметтік және мәдени орталықтарын ашу, Almaty Gallery галереясын іске қосу, 15-тен астам кітапхана мен мәдениет үйлерін қалпына келтіру, Астана, Павлодар және Шымкент қалаларында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы С. Жиенбаев атындағы кітапхана базасында креативті орталық құру жобалары бар. 2018 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты және денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

    Бискультанов Асқар Қуандықұлы
    Қызметкерлер

    Бискультанов Асқар Қуандықұлы

    Депутат

    Мен, Бискультанов Асқар Қуандықұлы 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Алматы қаласында 1986 жылдан бастап тұрамын. 1993-2001 жылдар аралығында №120 орта мектебінде (қазіргі «М.Бегалин атындағы №120 гимназия» мемлекеттік мекемесі) білім алып, 9 сыныпты үздік бітірдім. 2000-2002 жж. Ұлыбританиядағы Rugby School мектебіне оқуға түстім, орта білімді үздік нәтежемен бітірдім. 2002-2004 жж. Rugby School колледжін A-level жүйесі бойынша (негізгі пәндер: Математика, Жоғары Математика AS (ескерту - жарты курс), Химия, Экономика, қосымша Физика AS) оқу бағдарламаларын ең жоғары баллмен (барлығы А) бітірдім. 2004 жылы University College London (USL) жоғары оқу орнының экономика факультетінің «BSc Economics» мамандығына түсіп 2007 жылы бітіріп шықтым. Бір жарым жыл жеке құрылымдарда жұмыс істеп, 2009 жылы Еуразиялық Даму Банкіне жобалық қызмет бойынша жетекші маман ретінде жұмысқа орналастым. 2011 жылы жоба менеджері дәрежесіне көтерілдім. 2013 жылы еңбек жолымды «Темірбетон-1» ЖШС темірбетон зауытында жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы ретінде жалғастырдым. 2015 жылы бас директордың орынбасары лауазымына көтерілдім. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Темірбетон-1» ЖШС бас директорымын. Қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікпен айналысамын, мұқтаж жандарға, соның ішінде бірнеше медреселерге, Алматы хайуанаттар бағына, ардагерлерге, балалар үйіне көмектесуге тырысамын. Біз өзен тасқыны қауіпі бар және басқа да төтенше жағдайда қалған аймақтарға көмектесуге тырысамыз. Үйленгенмін, екі ұлым бар. «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі. 2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап VІІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Власов Владимир Валерьевич
    Қызметкерлер

    Власов Владимир Валерьевич

    Депутат

    Власов Владимир Валерьевич 1988 жылы 3 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ «Тасымалдауды ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2011 жылдары Алматы қаласының әуежайында, жолаушыларға қызмет көрсету агенті болып жұмыс істеді, ЭЙР АСТАНА АҚ. 2012-2014 жылдары «Альтаир-Нур» ЖШС биржалық мәмілелер бойынша трейдері, 2014-2015 жылдары «Корунд-777» ЖШС директоры, 2015-2016 жылдары «V Imperial» ЖШС директоры. 2016 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Еуразиялық тауар биржасы» АҚ президенті. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ЕББ АҚ Электрондық сауда алаңы» ЖШС директоры жұмыс істейді. Қазақстан Халық партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутат, Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.

    Жампиисов Көпесбай Оразбайұлы
    Қызметкерлер

    Жампиисов Көпесбай Оразбайұлы

    Депутат

    Мен, Жампиисов Көпесбай Оразбайұлы 1950 жылы 25 мамырда Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ. Үш балам бар. 1967 жылы №11 орта мектепті аяқтадым. Білімім – жоғары. 1975 ж. «Штурман-саяси қызметкер» мамандығы бойынша жоғары әскери-теңіз саяси училищесін үздік аяқтадым. 1984 ж. В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академиясының әскери-теңіз факультетін аяқтадым (Мәскеу қаласы). Еңбек жолымды 1967 жылы Іле ауданы, Николаевка ауылындағы "Рассвет" кеңшарында жұмысшы болып бастадым. 1968-1993 жж. КСРО Тынық мұхит және Балтық флоттарында командалық-саяси лауазымдар атқардым. 1993 жылы Балтық флотының зымырандық кемелері дивизиясы командирінің орынбасары қызметінен Қазақстанға ауыстым. 1993-2002 жж. Қазақстан Қарулы Күштерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқардым. «ҚР Қорғаныс министрі аппаратының бастығы» қызметінен (ҚР Қорғаныс министрлігінің алқа мүшесі, генерал-майор штаттық санаты) жасы бойынша запасқа шығарылдым. Әскери атағым – отставкадағы бірінші дәрежелі капитан. 2003 жылдан жеке кәсіпкермін. 2005-2009 жж. «Алтын Алма» сауда ойын-сауық кешенінің техникалық директоры болдым, 2009 жылдан бастап «Алтын Алма» сауда ойын-сауық кешені Президентінің кеңесшісімін. 2011-2012 жылдары «Экохим» компаниясы» ЖШС коммерциялық директоры болдым. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін «МП-ККК» ЖШС бас директорымын. Қоғамдық қызметім: «Алматы қалалық Ұлы Отан соғысы, әскери қызмет және тыл ардагерлері кеңесі» ҚБ төрағасымын; Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесімін; «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасарымын; «Казахстанская правда» республикалық газеті атындағы Халықаралық фронт клубының мүшесімін; «Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім кеңесі» РҚБ басқарма мүшесімін; «Қазақстанның Бессмертный полкі» азаматтық қозғалысының тең құрылтайшысымын. Қ.О.Жампиисов туралы ақпарат «Қазақ жерінің құрметті адамдары» атты өмірбаяндық жинақтар сериясында жарық көрді. «Отанға қызмет үшін», «Құрмет» ордендерімен марапатталғанмын және 20-дан аса медальдар иегерімін. «Ақ жол» Қазастан Демократиялық партиясының мүшесімін және Алматы қаласы мәслихатындағы «Ақ жол» ҚДП партиясы фракциясының басшысымын. 2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Жандай Сана Шайханқызы
    Қызметкерлер

    Жандай Сана Шайханқызы

    Депутат

    Жандай Сана Шайханқызы 1975 жылы 06 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Тұрмыста, 4 бала тәрбиелеп отыр, көп балалы ана мәртебесіне ие. Жандай Сана Шайханқызы 1992 жылы Қарағанды қаласындағы № 52 орта мектепті бітірді. 1992-1996 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті экономика факультетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алып, «экономист» квалификациясын иеленді. 2019-2021 жылдары Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжәнеМҚА) «Аймақтық менеджмент» мамандығы бойынша Master of Business Administration (MBA) дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын 1992 жылы бастады, жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Осы уақыт аралығында келесі ұйымдарда жұмыс істеді: 1992-1993 жылдары - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде жалпы физика кафедрасының лаборанты. 1994-1997 жылдары- Қарағанды қаласы Ленин ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бактериологиялық зертханасының санитары. 1997 жылы сәуір-шілде айларында - «Интер-РАМ» бірлескен кәсіпорнының, өндірістік кооперативінің бас бухгалтері. 1997 жылдың мамыр айынан бастап өз бизнесін ашты, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік бойынша жұмыс істеді. 05.03.2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ADANAZ» жеке өндірістік компаниясының құрылтайшысы және директоры. Компания Қазақстанның қағаз нарығына әртүрлі қағаз түрлерін жеткізеді және қағаз пакеттер мен қолдану аясы кең қаптар шығарады. 06.08.2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан-Герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы» ҚБ директоры. 2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін - Наурызбай ауданының «Бақытты Отбасы» көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталығының басшысы. Қоғамдық қызметті 2017 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде бастады. Қоғамдық қызмет кезеңінде мынадай қауымдастықтарға, комиссияларға, партияға мүшелігі бар: 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР қаптаушылар қауымдастығының мүшесі; 2017-2018 жылдары - ҚР іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі; 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан-Герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығының мүшесі; 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «АMANАT» партиясының мүшесі (2020 жылғы желтоқсанда праймериз нәтижелері бойынша партияның резервтік тізіміне кірді); 2021-2022 жылдары - екінші сайланған Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі; 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «АMANАT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі. 2022 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты. С.Ш. Жандай Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың алғыс хаттарымен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. Белсенді қоғамдық және кәсіпкерлік қызметі үшін еңбек сіңірген наградалары, алғыс хаттары, грамоталары бар: * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі; * «Халық алғысы» медалі; * «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» медалі; * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаты; * 2021 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың Алғыс хаты; * Аудан өміріне белсенді қатысқаны және жеке үлесі үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі С.А.Тоғаевтың Алғыс хаты; * Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты; * ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Л.Рамазанованың Алғыс хаты; * 2014 жылы Латвияда өткен Бүкіләлемдік хор олимпиадасының лауреаты.; * 2015 жылы Fiestalonia халықаралық музыкалық байқауының II дәрежелі лауреаты; * 2015 ж. «Қанатты Әйел-8» көрмесінің «Өндірістегі әйел» номинациясы бойынша жеңімпаз Дипломы.

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы
    Қызметкерлер

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы

    Депутат

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы 1969 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Жамбыл Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2019 жылы Эриксон Халықаралық бизнес коучинг мектебін бітірген. 1991-1998 жылдары Алматы қаласы Алматы бизнес ұжымының «Маркетинг негіздері», «Тамақ дайындау технологиясы кадефрасының оқытушысы және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары «БИЗНЕС-КУРЬЕР» жарнамалық-ақпараттық газетінің негізін қалаушы және меншік иесі. 1999-2004 жылдары «SHAHAR» телерадиокомпаниясының жарнама және PR бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2002-2005 жылдары «GRAND TOUR» ЖШС туристік агенттігінің негізін қалаушы және меншік иесі. 2012-2013 жылдары Dolce&Gabbana «VILED GROUP» бутиктерінің, «S0KS FIFTH AVENUE Almaty» әмбебап дүкені директоры. 2016-2018 жылдары Астана қаласы «ЦЕСНАБАНК» АҚ маркетинг, ілгерілету және PR коммуникациялар мәселелері жөніндегі Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары THE HUMAN MEDICAL SPA негізін қалаушы, иесі және директоры. 2005 жылдан бастап VINTAGE KAZAKHSTAN негізін қалаушы, баспагері және меншік иесі, 2006 жылдан бастап «БИЗНЕС МЕДИА» Баспа компаниясының құрылтайшы және меншік иесі. 2007 жылдан бастап «АСТРА» Бизнес-қонақ үйінің негізін қалаушысы және иесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Елеусізов Тимур Мэлсұлы
    Қызметкерлер

    Елеусізов Тимур Мэлсұлы

    Депутат

    Елеусізов Тимур Мэлсұлы 1986 жылы 5 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2019 жылдары аралығында «Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары Одағы «Табиғат» ЖМ жобалардың үйлестіруші-менеджері, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «Eco Fund Tabigat» ЖҚ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы. 2021 жылдан бастап «Kaz Eco Patrol» ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы, «АОК» төрағасы (Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы). 2020 жылдан бастап эко-амбассадор. «Сосновый Бор Алматы» Қоғамдық экопаркінің негізін қалаушы. ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Өсімдік әлемі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобалары бойынша қорытындылар дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Партиялық емес. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Ерлан Диана
    Қызметкерлер

    Ерлан Диана

    Депутат

    Ерлан Диана 1986 жылы 22 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Мәскеу қаласындағы Г.В.Плеханов атындағы АЭА «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2018 жылы Executive MBA в Nazarbayev University and Duke University USА дәрежесін алды. 2013-2019 жылдары «Chocobon Қазақстан» ЖШС тең иесі. 2014-2021 жылдары «Тиг-Тан» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап қайырымдылықпен айналыса бастады. 2013 жылдан қазіргі күнге дейін «KZHol» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің тең құрылтайшысы, мүшесі. 2019 жылдан бастап «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, 2020 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Жас сарапшылар клубының» мүшесі, мүгедектігі бар адамдар туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, 2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси бюросының мүшесі. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2022-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VІII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Ибраимов Ермахан Сағиұлы
    Қызметкерлер

    Ибраимов Ермахан Сағиұлы

    Депутат

    Ибраимов Ермахан Сағиұлы 1972 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1999 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2004 жылы «Дене шынықтырудың жаттықтырушы-оқытушысы» мамандығы бойынша Спорт және туризм академиясын бітірген. 1972 жылы Тараз қаласындағы (Жамбыл) А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатқа оқуға кетті. 1983 жылы ол бокспен айналысуға бастады, тренері - ҚР ЗТ Қарсыбаев Б.К. 1986 жылы ол Целиноград қаласында жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы болды. 1987 жылы Х.Мұңайтпасов атындағы спорт мектеп-интернатына оқуға түсті. 1988 жылы ол КСРО жастар чемпионы және КСРО спорт шебері болды. 1990 жылы жастар арасында КСРО чемпионы болды. 1991 жылы ол ересектер арасындағы КСРО Кубогының қола жүлдегері болды. 1995 жылы ол Азия чемпионы (Ташкент) және әлем чемпионы (Рим) болды. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды. 1996-2000 жылдары - бокстан олимпиадалық команданың капитаны. 1997 жылы әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды (Будапешт). 1998 жылы Азия ойындарының чемпионы болды (Бангкок). 1999 жылы ол Азия чемпионы (Ташкент) және Әлем чемпионатының қола жүлдегері болды (Хьюстон, АҚШ). 2000 жылы ол Олимпиада чемпионы атанып, үлкен спорттан кетті. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2000 жылдан бастап бокстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері, 2004 - 2005 жылдары ҚР бокс Федерациясының бірінші вице-президенті, 2005 жылдан бастап ҚР бокс Федерациясының вице-президенті, 2007 - 2020 жылдары «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» РМКК директоры болып қызмет атқарды. 2020 жылдан қазіргі күнге дейін «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» РМКК директорының орынбасары. 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі (AIBA) және Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына қазылар алқасы ретінде қатысады. Үйленген, алты баланың әкесі. «AMANAT» партиясының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен(1996ж.), I дәрежелі «Барыс» орденімен(2000ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен(2020ж.) марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты(2000ж.). «Жыл спортшысы» номинациясында «Жыл адамы» (2000ж.). 2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Есматов Серік Аманжолұлы
    Қызметкерлер

    Есматов Серік Аманжолұлы

    Депутат

    Есматов Серік Аманжолұлы 1998 жылы 31 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 2011 жылы 13 жасында пойыздың астына түсіп, қатты жарақат алды, екі аяғы да ампутацияланған, I топ мүгедегі. 2020 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы волейболдан Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық құрамасының мүшесі болды. 2015 жылы волейболдан, ауыр және жеңіл атлетикадан ҚР отырып ойнау чемпионатының жүлдегері атанды. 2016 жылы паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР чемпионатының қатысушысы. 2018-2019 жылдары «Оңтүстік Астана» ТРК АҚ тележүргізуші болып жұмыс істеді. 2020 жылы «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған Оңалту орталығы директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясы төрайымының орынбасары. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан полициясына 30 жыл» Алматы қ. ПД мерекелік медалімен, «Ел Үмiті» ҚР дарынды балалардың төсбелгісімен марапатталған. 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды, 2021 жылы «Алтын Қыран» республикалық энциклопедиясына енді.

    Қабашев Асқат Рақымжанұлы
    Қызметкерлер

    Қабашев Асқат Рақымжанұлы

    Депутат

    Мен, Қабашев Асқат Рақымжанұлы 1983 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары. 1999 жылы №45 орта мектепті аяқтап Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқуға түстім. 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы және несие» мамандығы, «Салық және салық салу» мамандандыруы бойынша оқу бітірдім. 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және ҚР ҰБ, «Макроэкономикалық процесстерді реттеу» мамандандыруы бойыншы аяқтадым. 2004 жылы еңбек жолымды «Казинвест» Қазақстандық инвестицияларға қолдау орталығында бастадым. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л. Б. Гончарова атындағы Қазақ автомобиль және жол институтының жаңа технологиялар жөніндегі проректоры қызметін атқарамын. Бұл институт Алматы қаласы Алатау ауданындағы жалғыз жоғары оқу орны. Оқу процесін цифрландыру мәселелеріне баса назар аударамын, педагогикалық қызметпен айналысамын, «Автомобильдерді техникалық пайдалану», «Көлік техникасының сенімділігі», «Іштен жану қозғалтқыштары», «Автомобильдердің қозғалыс теориясы» сияқты пәндерден сабақ беремін. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысамын, бірқатар мақалалар жариялап, өнертабысқа патенттер алды. 2009 жылдан қазіргі күнге дейін Алматы қаласында тауарлы бетон өндіруді және Қазақстан Республикасының маңызды инфрақұрылымдық объектілеріне бетон жеткізуді жүзеге асыратын «MEGA Бетон Плюс» ЖШС техникалық директорымын. Кәсіпорын Алматы қаласының Наурызбай ауданының құрылысына, Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы су ұстайтын құрылыстардың құрылысына, Шелек жел электр станциясының құрылысына және республиканың басқа да қол жетімділігі қиын инфрақұрылымдық объектілеріне белсенді қатысты. Отбасылы, екі балам бар. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриотттық партиясы мүшесімін. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Қарағұлов Ерұлан Серікұлы
    Қызметкерлер

    Қарағұлов Ерұлан Серікұлы

    Депутат

    Мен, Қарағұлов Ерұлан Серікұлы, 1971 жылы 14 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. 1990 жылы Алматы құрылыс техникумын аяқтағанмын. 1990-1992 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызметін өттім, әскери міндеттімін. 1999 жылы Алматы технологиялық институтын «Машина және тамақ өндірісінің аппараты» мамандығы бойынша «Инженер-механик» біліктілігімен аяқтадым. 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесімен бітірдім. 1994-1999 жылдары Алматы технологиялық институтында техникалық оқыту құралдары бөлімінің инженері болып жұмыс істедім. 2000 жылы №18 Кәсіптік мектепке өндірістік оқыту шебері лауазымына қабылданып, кейіннен атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-ға ауыстырылды. 2007-2015 жылдары «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-да әдіскер, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым. 2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, кейіннен «AMANAT» партиясы болып атауы ауысты. 2015 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК-на директордың міндетін атқарушы болып тағайындалдым. 2015 жылдың қазан айында осы колледждің директоры болып тағайындалып және бүгінгі күнге дейін осы ұжымда жұмыс істеймін. 2015 жылы Алматы қаласы «AMANAT» партиясының Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болып сайландым. Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары өңірлік кеңесінің Төрағасымын. Сондай-ақ «WorldSkills Almaty» өңірлік қозғалысының Стратегиялық комитетінің мүшесімін және «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 2022 жылдың шілде айында «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясында Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болып сайландым. Отбасы жағдайы - үйленген. Бір ұл мен үш қызды тәрбиелеп отырмыз. Марапаттарым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» Жарлығы бойынша мерекелік медалі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» Жарлығы бойынша мерекелік медалі, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі.

    Жайнарбай Жалынбек
    Қызметкерлер

    Жайнарбай Жалынбек

    Депутат

    Жайнарбай Жалынбек 1983 жылы 19 наурызда ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. 2006 жылы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» мамандығы бойынша XINJIANG Жоғары педагогикалық университетін бітірген. Қосымша білім ретінде 2017 жылы «Қаржылық жоспарлау» курсын тәмәмдады. 2021 жылы «HR менеджмент» оқуын бітірді. 2022 жылдан Халықаралық бизнес UIB университетінің Бизнес басқару факультетінде оқиды. Еңбек жолын 2006 жылдары тәуелсіз инженер жарнамалық жабдықты баптаушы болып бастады, 2009-2010 жылдары Мәскеу қаласындағы «Мега Полис» ЖШҚ өндіріс бастығы болды. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, сондай-ақ «SignTech» компаниялар Тобының директоры және негізін қалаушысы. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сыртқы жарнама агенттігі «PROREKLAMA.KZ» тең құрылтайшысы және негізін қалаушысы. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «АЛАЗОН Арена» ашық аспан астындағы концерттік алаңның тең құрылтайшысы және негізін қалаушысы. «RESPUBLICA» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы маслихатының депутаты. «Алтын жүрек» қоғамдық белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін» медалімен марапатталған.

    Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы
    Қызметкерлер

    Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы

    Депутат

    Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы 1974 жылы 14 наурызда Қызылорда облысы Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы Құрылыс және менеджмент колледжін «Технолог-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2014 жылы Д.А.Қонаев атындағы мемлекеттік университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (МВА) біліктілігімен бітірді. 1991-1994 жылдары әртүрлі ұйымдарда жұмысшы, мұражай күзетшісі, экспедитор және әкімші болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Жан-М» компаниялар Тобының құрылтайшысы және директоры. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының шөптегі хоккей федерациясының вице-президенті, даму жөніндегі директоры болып табылады. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2022-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары. «Гордость экономики» қоғамдық орденімен, «Батыр шапағаты және Отанын қорғаушыға құрмет белгісі» медалімен, ҚР Бірінші Президентінің Алғысымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғысымен, «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Қасымов Ерболат Болатұлы
    Қызметкерлер

    Қасымов Ерболат Болатұлы

    Депутат

    Мен, Қасымов Ерболат Болатұлы 10 ақпан 1977 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары. 2007 жылыТ.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірдім. 2011 жылы Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық Университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірдім. "AMANAT" партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасымын. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясына қолдау көрсету» Қоғамдық қорының президенті, «Айсұлтан» Холдинг компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымын. Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қайта құру және толық жаңғырту жұмыстарының Бас демеушісімін, 2018 жылдан бастап Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің, Ақсай-4 домбыра үйінің демеушісімін, үш спорт алаңын салып, мектептерге сыйға тарттым: К. Байсейітова атындағы саз мектебі; №126 мамандандырылған лицей; С. Керімбеков атындағы мектеп. Қаскелең қаласында. Түнгі қаланың әдемі сәулеті мен әсем жарығын қолдау мақсатында, бірнеше ғимаратқа, мәдени мұраға сәулет-көркемдік жарық беру жұмыстарын жүргізу, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қастеев атындағы мұражай. Жеке патронатымда көмек көрсетіп жүрген 9 көпбалалы жанұя бар. Үйленгенмін, үш бала тәрбиелепотырмын. «Құрмет» орденімен (2017ж.), «НұрОтан» ХДП құрмет грамоталарымен (2009ж., 2011ж.), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен (2011ж., 2015ж.), «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен (2012ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) мерекелік медальдарымен мараптталғанмын. 2002 жылдан «AMANAT» партиясының мүшесімін. 2018-2021 жж. – VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болдым. 2021 жылдан бастап VII Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы
    Қызметкерлер

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы

    Депутат

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы 1984 жылғы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Қытай Халық Республикасының бизнес саласында бастап, Бейжің, Гуанчжоу және Шанхай қалаларында жұмыс істеген. Кейін Мәскеу, Киев және Минск қалаларындағы іскерлік ортамен ынтымақтастық орнатқан. «DosStroyConsult» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры. Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарға белсенді қатысады. Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, пандемия кезеңінде республикалық «Біз біргеміз» акциясына атсалысқан. Сонымен қатар жас спортшыларды, балалар үйлері мен қарттар үйлерін тұрақты түрде қолдап келеді. «AMANAT» партиясының мүшесі. VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған. «Құрмет» орденімен, «Халық алғысы» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

    Зулеев Мұхтар Махамбетұлы
    Қызметкерлер

    Зулеев Мұхтар Махамбетұлы

    Депутат

    Зулеев Мұхтар Махамбетұлы 1982 жылы 13 сәуірде Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. 20003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Мәскеу қ. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еңбек жолын 2003 жылы «Фуд Мастер компаниясы» АҚ кеңесші заңгер лауазымынан бастаған. 2006 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ шағын және орта бизнес менеджері қызметін жалғастырды. 2006-2007 жылдары «АТФ Банк» АҚ кредиттерді кепілмен қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, 2007-2008 жылдары «DAN PARTNERS» ЖШС заң бөлімінің бастығы, 2008-2010 жылдары «Альянс Банк» АҚ кешен – бақылаушы аппараты басшысының м. а., 2010-2011 жылдары «Эль-Дос» АҚ президентінің кеңесшісі, 2011-2013 жылдары «Лидер – Металл» ЖШС атқарушы директоры, 2013-2015 жылдары «Tatty Global Trade» ЖШС директоры, 2015-2018 жылдары «Boulangerie KZ» ЖШС құрылтайшысы, директоры болып қызметтерді атқарды. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «GOOD food KZ» ЖШС құрылтайшысы, директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021-2022 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Заңғар» төсбелгісімен марапатталған.

    Ибрагимұлы Болат
    Қызметкерлер

    Ибрагимұлы Болат

    Депутат

    Ибрагимұлы Болат 1983 жылы 28 тамызда Алматы орблысы Еңбекшіқазақ ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжау институты (KIMEP) «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, 2008 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша, МВА, 2014 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Жоғары бизнес мектебі» мамандығы бойынша, МВА тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы «КазСтройСервис» ЖАҚ бас директордың көмекшісі болып бастады, 2004 жылы қаржы менеджері болып тағайындалды. 2004-2007 жылдары «SAT Company» ЖШС бас директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2007 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында «SAT TRADE» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007-2012 жж.- «Қазферросталь» АҚ бас директоры. 2012-2013 жылдары «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директоры, Тараз қ. 2014-2016 жылдары «SAT & Company» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ., 2016-1017 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, Алматы қ., 2018-2019 жылдары «Qazaq Stroy» ЖШС жоба жетекшісі. 2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazaq Stroy Properties» ЖШС директоры болып қызмет атқарады. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Константинов Федор Алексеевич
    Қызметкерлер

    Константинов Федор Алексеевич

    Депутат

    Константинов Федор Алексеевич 1965 жылдың 2 маусымында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының Каттакурган қаласында туылған. Ұлты – орыс. Білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Орта мектепті аяқтаған соң 1982 жылы Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев атындағы Алма-Ата жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін бітірген. 1987 жылы училищені бітірген соң, сол училищеде взвод командирі болып тағайындалған. 1990 жылдан бастап рота командирі қызметін аға лейтенант шенінде атқарған. 1994 жылы капитан шенінде резервке ауыстырылып, жұмыстан босатылған. 1994-2000 жыл аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылдың тамызынан бастап «Эталон» Жөндеу-құрылыстық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірген, Мәскеу қаласы. Федор Алексеевич жетекшілік ететін кәсіпорын Алматы қаласы мен республиканың құрылыс индустриясын дамытуға үлкен үлес қосты. «Құрылыс - жөндеу кәсіпорны «Эталон» ЖШС-і Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар республика бойынша жұмыстарды орындауға шарттар жасасқан. Құрылыс жөндеу кәсіпорны «Эталон» ЖШС-і өз күштерімен тоғыз қабатты «Эталон» жеке бизнес - орталығын тұрғызып, пайдалануға берді. Жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын білікті кадрлармен, мамандандырылған автотехникамен, жабдықпен және басқа көмекші механизмдермен толық жинақталған. Ф.Константиновтың бастамасы бойынша өзінің округінде көше қиылысы алаңындағы спорт алаңшасы реконструкциялау, абаттандыру, алаңдарды жарықтандыру және асфальттау, арық желілерін жөндеу, алаңдардағы ескі ағаштарды санитарлық кесу және құлату, округ аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыс түрлерін өткізіп тұрады. Алмалы ауданның қайырымдылық іс-шараларына тікелей қатысады. Жыл сайын Жеңіс күніне орай Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, сонымен қатар, Алматы ауданы Еңбек фронтының қатысушыларын құттықтауды ұйымдастырады, 1 және 2 топ мүгедектеріне, мүгедек балаларға, сонымен қатар, кедей отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Қарт адамдар күніне орай өз округінде тұратын қарт адамдарға азық-түліктер мен адрестік көмек көрсетеді. Арыс қаласында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатында материалдық көмек және «Бақытты отбасы - Алматы» қорына демеушілік көрсетті. Алматы қаласындағы карантин кезінде аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша «#Biz birgemiz!» республикалық қайырымдылық акциясын жүзеге асыру аясында 500 мың теңге бөлді. Құрмет» орденімен (2016г.), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Алғыс хатымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдармен, ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының алғыс хаттарымен марапатталған. 2015 жылы «Қоғамдық Борыш 2014» халық сыйлығының «Кәсіби жетістіктер» категориясында Лауреаты атанды. Отбасы жағдайы - үйленген, екі баласы бар. 2012-2016 жж. – V, VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Идрисов Руслан Рашитович
    Қызметкерлер

    Идрисов Руслан Рашитович

    Депутат

    Идрисов Руслан Рашитович 1984 жылы 4 қыркүйекте Қостанай қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қостанай қаласының Заманауи гуманитарлық академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы РАНХиГС «Стратегиялық менеджмент» (EMBA) мамандығы бойынша Мәскеу қаласында бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы «Kazexim Group» ЖШС қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі маман, әрі қарай қаржы директоры болып бастады, 2008 жылдан 2009 жылға дейін «ЭнергоАлем» ЖШС атқарушы директор болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Идрисов» ЖК, «Global Foods» ЖШС, «Orange Group» құрылтайшысы. «RESPUBLICA» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

    Канкуров Станислав Владимирович
    Қызметкерлер

    Канкуров Станислав Владимирович

    Депутат

    Канкуров Станислав Владимирович 1985 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Орталық Азия университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2012 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ «Экономика» (MBA) мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлікті техникалық түгендеу» ЖШС бас маман, кейін директоры болып бастаған. 2009-2011 жылдары «ПСТК Бителеком» АҚ, Алматы қаласы «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасын қолдау» Қоғамдық қорының вице-президенті болып қызмт атқарды. 2011-2013 жылдары «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, содан кейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2018-2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген. «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы. 2016-2021 жылдары VI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін VII Алматы қаласы мәслихатының төрағасы. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ҚР Бірінші Президентінің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыстарымен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелігісімен, «Заңғар» төсбелгісімен, мерекелік және ведомстволық медальдармен марапатталған.

    Көбеева Алтынай Орманқалиқызы
    Қызметкерлер

    Көбеева Алтынай Орманқалиқызы

    Депутат

    Көбеева Алтынай Орманқалиқызы 1972 жылы 27 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі –жоғары. Алтынай Орманқалиқызы Көбеева 2000 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Алматы технология және бизнес университетін бітірді. 2007-2009 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екінші білім алған. «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Almaty Management University (AlmaU) магистратурасында «Коммерциялық емес сектордағы Менеджмент» мамандығы бойынша оқыды. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының басшысы болып қызмет істейді. 2010 жылдан 2019 жылға дейін «Almaty Azmattyq Alliance» болып қайта тіркеуден өткен «Қазақстанның ҮЕҰ ақпараттық-ресурстық орталықтарының ұлттық желісі» ЗТБ төрағасы, Қазақстан Азаматтық Альянсының үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласындағы өкілі болды. 2014 жылдан 2017 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры қызметін атқарды. Қоғамдық қызметін 2001 жылдан бастады. 2007 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. 2007 және 2012 жылдары Алматы қаласы бойынша «Nur Otan» Халықтық-Демократиялық партиясының сайлауалды штабының жұмысына қатысты. III, V, VI, VII Республикалық Азаматтық форумның делегаты. 2015 жылы Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі. 2008-2009 жылдары «Nur Otan» партиясы Алматы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, хатшысы. 2021 жылдан бастап «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы экология жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрайымы; 2012 жылы ҚХА Хатшылығы мен Алматы қаласы жанындағы ғылыми-сараптама тобының жұмысына хатшы ретінде қатысты. 2013 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанындағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың консультативтік-кеңесші Кеңесінің мүшесі, 2012 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласы бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшесі болды. 2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі және хатшысы. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі қолданыстағы «ҚР қоғамдық кеңестері туралы» Заңға заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі 2018 жылдан бастап ҒЖ бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болды. 2018г. жылдан бастап Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан, Алматы қ. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы 12 ОКГБ жанындағы Бақылау кеңесінің мүшесі. ҚР АҚДМ жанындағы МЖС және гранитті мемлекеттік қаржыландыру ережелері бойынша жұмыс тобының мүшесі. 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі заң жобасының жұмыс тобының мүшесі. 2021 жылдан бастап: «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық қоғамдық экологиялық кеңестің мүшесі. «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы экология жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің мүшесі. ҚР СІМ жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі Азаматтық қоғам құрылысындағы және елді демократияландырудағы белсенді қызметі үшін лайықты наградалар: * Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Медаль; * ҚХА 20 жылдығына арналған Медаль; * Астананың 10 жылдығына арналған Медаль; * Астананың 15 жылдығына арналған Медаль; * 2007 ж., 2011ж.сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты.; * 2011 жылғы сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты.; * 2008 жылы жеке үлесі және қоғамдық-саяси қызметке белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің алғыс хаттарымен марапатталды. * 2018 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

    Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы
    Қызметкерлер

    Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы

    Депутат

    Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Қазақстанның рухани мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2007), «Құрмет» орденінің иегері (2016) берілді. 1957 жылдың 8 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының филология факультетін (1978), аспирантурасын (1985) тәмамдаған. 1990 жылы «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Кенжехан Ісләмжанұлы 30 жылға жуық уақыт бойында республикамыздың түрлі мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Ол 1993-1995 жж. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитеті төрағасының орынбасары, 1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетте басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде тіл саясаты жөніндегі кеңесші, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің тіл саясатын үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Осы жылдары біртұтас мемлекеттік тіл саясатының қалыптасуына белсене араласып, Қазақстан Республикасының тіл заңының, тіл саясатының тұжырымдамасын, Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасауға ат салысты. 1999-2002 жж. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры қызметтерін атқарып, мәдени мұраны сақтау мен жүйелеуге байланысты тың бастамаларды қолға алды. 2005-2012 жж. Алматы қалалық әкімдігінде Мәдениет департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарып, өзінің көпжылдық басқарушылық тәжірибесі мен білім-білігін қаланың мәдени, рухани өмірін дамытуға бағыттады. 2012-2018 жж. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» ғылыми-инновациялық орталығының басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. Осы кезеңнен бастап К.Матыжановтың басшылығымен Рухани жаңғыру аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, ауқымды бастамалар қолға алынды. Абайдың 175 жылдығына орай маңызды академиялық басылымды дайындауға басшылық жасауы да халықтың рухани мұрасына деген жанашыр, қамқор көзқарасты айғақтайды. 2019 жылы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аясында мемлекеттік тапсырма бойынша К.Матыжановтың ғылыми жетекшілігімен «Қолжазба қорларын, фольклорлық экспедиция материалдарын жүйелеу мен зерттеу және дала фольклорының антологиясын қалыптастыру» жобасы жоғары деңгейде жүзеге асырылып, «Дала фольклоры антологиясының» алғашқы 5 томы кітаби, цифрлық және аудио форматтарда жарық көрді. Отандық басылымдарда және Еуропа мен ТМД елдерінің беделді басылымдарында К.Матыжановтың 200-ден астам ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген. Негізгі еңбектері: «Рухани уыз». Монография. (1995, 2008), «Алтын сандық» (1996), «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (1996), «Ел қазынасы ескі сөз» (1997), «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография. (2007).

    Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы
    Қызметкерлер

    Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы

    Депутат

    Мен, Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы, 1990 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым - Қазақ. 1996 жылы И.В. Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей гимназиясына оқуға түстім. 2012 жылы Халықаралық бизнес университетін есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірдім. 2020 жылы Халықаралық бизнес университетін менеджмент мамандығы бойынша магистратураны бітірдім. Университетті бітіргеннен кейін "InkPrint" полиграфиялық агенттігін құрып, бизнеспен айналыса бастадым. 2014 жылы серіктестікте цифрландыру, бағдарламалық қамтамасыз ету, сайттарды әзірлеу саласында жұмыс істейтін "E-home" it-компаниясы құрылды. 2018 жылдан бастап "Қоғамдық қорғаушы" тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының басшысы болып табыламын. 2022 жылғы шілдеден бастап VII шақырылымдағы Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болып сайланды.

    Козлов Сергей Анатольевич
    Қызметкерлер

    Козлов Сергей Анатольевич

    Депутат

    Козлов Сергей Анатольевич 1968 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ғалым агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы «Сусындар» ӨБ 3-разрядты тасымалдаушы, шебері болып бастаған. 1994 жылы «МАСАТО» ИҚК» ЖШС қойма меңгерушісі болды. 2019-2021 жылдары «Бахус» АҚ директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі күнге дейін МАСАТО» ИҚК» ЖШС бас директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2003-2021 жылдары Алматы қаласы мәслихатының 4-шақырылымдарының депутаты, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Құрмет» орденімен, «Еңбегі үшін» медалімен, ҚР Бірінші Президентінің алғысымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағына ие.

    Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы
    Қызметкерлер

    Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы

    Депутат

    Мен, Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы, 1987 жылы 23 қыркүйекте дүниеге келдім. Отбасымда 6 адам тұрады. Әкем Нұрлыбаев Ерғали Әбсәліұлы – заводта оператор болған, ал анам Әкімбаева Гүлайым Сапарқұлқызы, 40 жылға жуық аға медбике қызметін атқарып келеді. 1994 жылы Шымкент қаласындағы № 66 орта мектепке 1 сыныпқа бардым. Орта мектепті 2005 жылы бітірдім. 2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына грантпен оқуға түстім. Бакалавриятты 2009 жылы бітірдім. 2011 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына магистратураға грантпен оқуға түстім. 2012 жылы магистратураны бітіріп, осы жылы докторантураға «Наноматериалдар және нанотехнология» мамандығына грантпен оқуға түстім. 2015 жылы «Наноматериалдар және нанотехнология» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғап, PhD доктор атандым. Еңбек жолымды 2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «инженер» маманынан бастадым. 2012-2016 жылдары атаулы университетте Ғылыми және инновациялар департаментінің «маман», «жетекші маман», «бас маман» қызметтерін атқардым. 2016-2017 жылдары Химиялық инженерия институтында директордың орынбасары қызметін атқардым. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап «SAVENERGY» ЖШС құрылтайшысы және директор қызметін атқарып келемін. 2010 жылдан бастап ғылым саласында да біліктілігімді жетілдіріп гранттық қаржыландырулары бар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып келемін. Бұл салада «Инженер» қызметінен бастап, қазіргі күнде бірнеше жобалардың жетекшісімін. Сонымен қатар, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бірлескен жобасы аясында өткен конкурстың жеңімпазымын, «Энергияны тиімді пайдалануға арналған «вакуумдық жылу оқшаулағыш SAVENERGY панельдерін өндіру» коммерцияланған жобасына жетекшілік еттім. Бұл жобамыздан алған өнім 2019 жылы «Қазақстанның үздік тауары – 2019» көрме-байқауының жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда 70-тен аса ғылыми еңбектерім бар. Оның ішінде 10-нан астам ғылыми мақалаларымыз жоғары рейтингті журналдарда, атап айтқанда, «Applied Sciences», «Polymers», «PERIODICO TCHE QUIMICA» сияқты халықаралық танымал басылымдарда жарық көрді.

    Мундаханова Назерке Еркінқызы
    Қызметкерлер

    Мундаханова Назерке Еркінқызы

    Депутат

    Мундаханова Назерке Еркінқызы 1994 жылы 2 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Satbayev University (бұрынғы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ҰЗУ) «Сәулетші-урбанист» мамандығы бойынша, 2017 жылы Чех техникалық университетін «Қала құрылысшысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «АлматыГорСтрой» АҚ техник(студент) - сәулетші ретінде бастаған. 2014 жылы «MAG» АҚ ГАП көмекшісі ретінде сәулетші қызметін жалғастырды. 2015 жылы «Новоград» ЖШС компаниясында жобалық менеджері болып жұмыс істеді. 2018 жылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сәулетші-урбанист ретінде жұмысын жалғастырды. 2019 жылы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС аға сәулетші-урбанист болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АРХБЮРО TAL» ЖШС директоры болып жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап Satbayev University жобалық кеңсесінің менеджері, Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) практика профессоры, «Урбанистика және сити-менджмент» мамандығының оқытушысы. Қазақстан Халық партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
    Қызметкерлер

    Маралов Дәурен Әділмырзаұлы

    Депутат

    Маралов Дәурен Әділмырзаұлы 1980 жылы 20 сәуірде Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар бойынша экономист» мамандығын тәмамаған, 2007 жылы Германияның Хельдихаин қаласында экономикадан біліктілігін арттырудан өтті. 2002 жылдан 2009 жылға дейін «Алматы ұн тарту комбинаты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді, 2010 жылдың қазан айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС бас экономистінің орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдан 2015 жылға дейін – «Петроқазақстанойл Продактс» ЖШС бас экономисті. 2015 жылдан 2024 жылға дейін – «Алтын Диірмен» корпорациясы» АҚ президенті. 2024 жылдан бастап 2025 жылдың наурыз айына дейін – «Қазақтелеком» АҚ филиалының сервистік фабрикасының бас директоры. 2025 жылдың айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Алтын Диірмен» корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «АМАНАТ» партиясының мүшесі, 2023 жылдан «АМАНАТ» партиясы Түрксіб аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2025 жылдың шілде айынан бастап VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Набиев Әміржан Әміржанұлы
    Қызметкерлер

    Набиев Әміржан Әміржанұлы

    Депутат

    Нәбиев Әміржан Әміржанұлы 1973 жылы 1 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ «Психология» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі дәрежесімен бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласындағы «РМЗ» АҚ (Жөндеу-механикалық зауыты) маркетинг және басқару департаментінің директоры қызметінен бастады. 2009-2010 жылдары «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясын басқарып келеді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2014-2016 жылдары V сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2016-2021 жылдары VI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары. 2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Парламенті Сенатының, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, «Заңғар» төсбелгісімен, «AMANAT» партиясының құрмет грамоталарымен, мерекелік медальдармен марапатталған. «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағына ие.

    Омарханов Ербол Секенұлы
    Қызметкерлер

    Омарханов Ербол Секенұлы

    Депутат

    Омарханов Ербол Секенұлы, 1980 жылы 3 желтоқсанда Алтай өлкесі Рубцовск қаласында дүниеге келген. 1980 жылдан 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласында тұрды. 1998 жылы Шемонаиха орта мектебін бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетіне оқуға түсті. «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 2002 жылы университетті үздік бітіріп, «Заңгер» біліктілігін алды. Сол жылы Алматы қаласына көшіп келіп, қазіргі уақытқа дейін тұрғылықты жерін өзгертпеді. Еңбек өмірбаяны ШОБ субъектілерін қаржылық қолдауға маманданған, Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші МҚҰ бірі болып табылатын «KMF» микроқаржы ұйымында басталды. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы барлық микрокредиттердің 90%-ың негізінен микрокәсіпкерлікті дамытуға беретін микроқаржы ұйымдарына кіретін, «Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ директоры болып табылады. Микроқаржы саласында 15 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар. «Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ микроқаржы секторын қолдау және дамыту мәселелері бойынша белсенді жұмыс істейді, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген, Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығының және халықаралық микроқаржы орталығының (Польша) мүшесі болып табылады. Микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты заңдарды, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі жұмыс топтарының мүшесі болды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Қазақстанның еңбек сіңірген қаржыгері» медалімен марапатталған. [email protected] Байланыс нөмері: 8 707 977 03 93

    Пономарев Сергей Михайлович
    Қызметкерлер

    Пономарев Сергей Михайлович

    Депутат

    Пономарев Сергей Михайлович 1961 жылы 5 сәуірде Алматы қаласында туған. Киров атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін бітірген. Ол 1986 - 1991 жылдары Қазақ радиосы редакциясында қызмет етті. 1991 - 1998 жылдары КТК телеарнасында «Факты, новости, комментарии» бағдарламасының жүргізушісі және журналисі болды. 1998 жылдан 2003 жылға дейін «Хабар» агенттігінде комментатор және жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2003 жылға дейін "НТВ" телекомпаниясының (Ресей) Қазақстандағы меншікті тілшісі болды. 2003 - 2006 жылдары Орталық Азия бойынша «Бірінші арна» бюросын (Ресей) басқарды. Жаңалықтар журналистикасында далалық репортер болды, соғыс нүктелерінде жұмыс істеді, Тәжікстанда, Джамму және Кашмир штатында, Македонияда, Израильде әскери шиеленістерді түсірді, алғашқы қырғыз революциясын түсірді. 2006 - 2009 жылдары ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі болды. Үш жыл бойы «Хабар» телеарнасында «Бармысым бауырым» («Жди меня» аналогы) бағдарламасын жүргізді. 2011 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың ақпанына дейін КТК телеарнасында «Портрет недели» аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі болды. 2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстанның табиғаты туралы «Talk to nature» бағдарламасын, 2020-2021 жылдары – «Алматы» телеарнасында «Честно с Сергеем Пономаревым» авторлық бағдарламасын жүргізді. 2017-2022 жылдары «Құрмет» орденімен марапатталған (2021). ҚР Журналистер одағының «Қазақстанның еңбек сіңірген журналисті» марапатының иегері. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады, экология, көгалдандыру мәселелерін көтереді. 2022 жылғы маусымнан бастап – VII сайланған Алматы қаласы Мәслихатының депутаты.

    Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы
    Қызметкерлер

    Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы

    Депутат

    Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы 1973 жылы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық медицина училищесін «Фельдшер зертханашы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Алматы Мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін бітіріп, «Дәрігер-педиатр» біліктілігін алды. Еңбек жолын Қалалық клиникалық балалар ауруханасында медициналық мейіргер лауазымы бойынша 1993- 1997 жылдары жұмыс істеуден бастаған. 1997 жылы ҚазМмУ докторантура, аспирантура және клиникалық ординатура бөліміне балалар хирургиясы мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық ординатураға қабылданды. 1999 жылы Алматы қаласындағы №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының эндоскопия бөлімінде дәрігер, 2000-2001 жылдары №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігер -хирург болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2005 жылға С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2001 жылы диссертациялык кеңестің медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2005 жылдан бастап Медициналық қызметтер сапасын сараптау және медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2005-2006 жылдары Медициналық қызметтер сапасын сараптау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2006 жылы денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының бюджеттен тыс қаражат бойынша медицина қызметкерлерін бірыңғай автоматтандырылған тестілеу Орталығының басшысы болып тағайындалды. 2006-2007 жылдары Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары «Қалалық қан орталығының» директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылы Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, ал 2010 жылдан 2012 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Қалалық қан орталығы» КМК директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Шапағат» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы
    Қызметкерлер

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы

    Депутат

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы 1991 жылы 9 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. 2012 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясының (ҚазАЖИ) магистратурасын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген, 2017 жылы Мальта Өнер, Ғылым және Технология институты (MCAST) «Механикалық инженерия» мамандығы бойынша оқуын аяқтап, сертификат алды. 2020 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына (ҚазАТК) «D147 – көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану)» мамандығы бойынша PHD докторантураға түсті. Техника ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2004 жылы «Тайжарыс» Қазақ радиосы бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған. 2012-2013 жылдары Алматы автомобиль – жол колледжінде (ААЖК) оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында Инновациялық технологиялар орталығы директорының орынбасары, 2014 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясының Мансап орталығы директоры болып қызмет атқарды. 2015-2016 жылдары «СК Инжиниринг» ЖШС инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді. 2017-2023 жылдары Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол институтының (ҚазАЖИ) тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымында жұмыс істеді. 2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ «Білім және азаматтық қоғам туралы» ғылымның Басқарма басшысы лауазымында жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2022-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. ҚР Бірінші Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаттарымен марапатталған.

    Нұралдинов Олжас Елтайұлы
    Қызметкерлер

    Нұралдинов Олжас Елтайұлы

    Депутат

    Нұралдинов Олжас Елтайұлы 1989 жылы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарагай ауданы Қатон-Қарағай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2013 жылы «Казпостсервис» ЖШС (Астана қ.) директоры болып бастады. 2014 жылдан 2022 жылға дейін «KAZECOTRANSIT» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2014 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «СИНЭК» ЖК (Алматы қ.) басшысы болып табылады. 2021 жылғы 30 тамыздан бастап «Ақ жол» ҚДП» ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.

    Проценко Игорь Александрович
    Қызметкерлер

    Проценко Игорь Александрович

    Депутат

    Проценко Игорь Александрович 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. 1988 жылдан 1989 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 2004 жылы Алматы Технологиялық университетін «Сертификаттау жөніндегі инженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015-2022 жылдары Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының вице-президенті болды. 1994 жылдан қазіргі күнге дейін «Торнадо PLUS» ЖШС бас директоры. Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, Өңдеу өнеркәсібі одағы басқармасының мүшесі, «ҚР Жиһаз жасаушылар гильдиясы» басқармасының мүшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы аумақты дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңестің мүшесі, «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Бірқатар үкіметтік, салалық марапаттарға ие.

    Садықов Болат Нұрмырзаұлы
    Қызметкерлер

    Садықов Болат Нұрмырзаұлы

    Депутат

    Мен, Садықов Болат Нұрмырзаұлы 1957 жылы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім - жоғары. 1980 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін тәмәмдадым. 1981-1987ж.- Талғар «АОА» хирургі. 1987-1992ж.- Талғар «АОА» бас дәрігердің орынбасары болдым. 1992-1999ж.-Талғар «АОА»бас дәрігері болдым. 1999-2000ж.- «Талғар аудандық Денсаулық сақтау» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры болдым. 2000-2004ж.- «Талғар АОА» МҚК директоры. 2004-2008ж.- Алматы облысы әкімінің Денсаулық сақтау Басқармасының бастығы. 01.12.2008-10.02.2011ж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің жауапты хатшысы болдым. 2011ж.- БДҰ кеңесшісі. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 Қалалық клиникалық ауруханасы» МҚК бас дәрігерімін. Жалпы еңбек өтілім - 27 жыл. Мемлекеттік қызметте – 16 жыл. Жоғары санатты хирург. 2001 жылы кандидаттық диссертациясын қорғадым. 2008 жылы медицина ғылымдарының Докторы ғылыми дәрежесі берілді. Ресей академиясы медико-техникалық ғылымдарының академигімін (2007ж.). 2013 жылы Ұлттық республикалық бизнес рейтингте жалпы мемлекеттік кәсіпорындар үш номинация бойынша жүлделі орын алды: «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері», «Кірістілік көрсеткіштері» және «Өтімділік көрсеткіштері». 2013 жылдың қаржы қызметінің нәтижесі бойынша № 5 Қалалық клиникалық ауруханасы марапатталған. «Нақты іс-тәжірибелік денсаулық сақтау шараларына көмек» бағдарламасына белсенді араласып, жұмыс істеудемін. Көп жылғы жұмыс өтіліме байланысты аудан және қала тұрғындары үшін медицинаның көкейтесті мәселелері жөнінде баяндамалар жасап, дәрістемелер оқимын. №5 ШЖҚ ҚКА МКК-нда науқастарды емдеу мақсатында жаңа инновациялық технологияларды енгізуге қатысты жұмыстар жүргіземін. Емдеу-іс-тәжірибелік оқу орталығының басшысы ретінде Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу Институттарының профессорлық-ұстаздық құрамын тарта отырып, дәрігерлерге арналған ғылыми-практикалық және патологоанатомиялық конференциялар ұйымдастырамын. Маған қарайтын оқу орталығының таяу және алыс шетелдермен кеңейтілген байланысы жолға қойылған, сол себепті дәрігерлердің дені Австрия, Германия, АҚШ, Израиль сияқты алдыңғы қатарлы медициналық көрсеткішті елдерде жаңа технологияларды меңгеру мақсатында дәрістемеден өтеді. Өз жұмысымда барынша әділ болуға, өзіме және әріптестеріме жоғары талап қоюға тырысамын, кәсіби деңгейімді тұрақты түрде көтеріп тұрамын. Денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға үлес қосқан маман ретінде оны қайта құру бойынша стратегиялық жоспарларды қолдаймын және бұл мақсатты шараны өзіме бекітілген емдеу-профилактикалық мекемесінде іске асыруға бар күшімді саламын. «Шапағат» медалімен (2003г.), «Құрмет» орденімен (2016г.), «Отличник здравоохранения» (1987г.), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2006г.), «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасымен, «Даңқ жұлдызы - Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталғанмын. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2014-2021 жж. – VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Рамазанов Дулат Әмірғалиұлы
    Қызметкерлер

    Рамазанов Дулат Әмірғалиұлы

    Депутат

    Рамазанов Дулат Әмірғалиұлы 1971 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Таңат ауылында дүниеге келген. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласындағы сауда базасында бастаған. 1989-1991 жылдары Кеңес армиясының қатарында қызмет етті. 1991-1994 жылдары дейін Алматы әуежайының жас мамандарының тәрбиешісі, 1994-1997 жылдары «Ақсұңқар» қонақ үйінің директоры болып жұмыс істеді. 1998-2003 жылдары РФ Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігінде заңгері лауазымды қызметті атқарды. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «R4 RAMAZAN GROUP» компаниясының негізін қалаушы. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы
    Қызметкерлер

    Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы

    Депутат

    Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы 1961 жылы 16 қаңтарда Түркістан облысы Түлкібас ауданы 2-Түлкібас ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы Сауда техникумын «Технолог-тамақ дайындау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы ауылында жүгері өңдеу зауытында бастаған. 1979-1981 жылдары Кеңес армиясының қатарында қызмет етті. 1987-1992 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 1993-1998 жылдары аралығында «Консалтинвест» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары Алматы Сауда палатасы директорының орынбасары, 2003-2006 жылдары «ҚАЗАҚСТАН-АҚШ» талдау және болжау институтының атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Жас ұлан» киностудиясының директоры. 20-дан аса көркем және деректі фильмдер түсірген. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Сауранбаев Ералы Болатұлы
    Қызметкерлер

    Сауранбаев Ералы Болатұлы

    Депутат

    Сауранбаев Ералы Болатұлы 1979 жылы 29 шілдеде Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Запңгер» мамандығы бойынша, 2003 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның ДАРЕМ университетін «Қаржы және инвестициялар магистрі» дәрежесімен бітірген. 1997-2007 жылдары «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «ABN AMRO Asset Management» АҚ басшылық позицияларында коммерциялық және қаржы саласында жұмыс істеді. 2006-2012 жылдары «Sheberinvest» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары «SHEBER PARTNERS» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «SHEBER PARTNERS» ЖШС бас директоры қызметін атқарады. 2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрайымының орынбасары. «Ерен еңбегі үшін»медалімен, «Заңғар» төсбелгісімен марапатталған.

    Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы
    Қызметкерлер

    Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы

    Депутат

    Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы, 25.07.1968 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. 1975 жылы Қызылорда қаласының №6 жалпы білім беретін мектебіне оқуға түстім. 1985 жылы жалпы білім беретін мектебін бітіріп, УЭМИИТ-ке (Орал теміржол көлігі инженерлері институты) құрылыс факультетіне оқуға түстім. 1991 жылы 4 курсты бітірдім. 1987 жылдан 1989 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім. 1996 жылдан 2018 жылға дейін әртүрлі бизнес-құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс атқардым. 2000 жылы Мәскеу экономика және статистика институтының қашықтықтан білім беру институтын бітірдім, мамандығым: Қаржы және несие. 05.04.2019 ж. бастап ҚКХП мүшесімін. 13.06.2019 бастап Алматы қаласы ҚКХП Наурызбай аудандық комитетінің хатшысы лауазымына болып тағайындалдым. 05.06.2020 ж. бастап Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалдым.

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы
    Қызметкерлер

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы

    Депутат

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы 1960 жылы 2 мамырда туған, білімі жоғары, 1983 жылы Семей педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты. Педагогикадағы еңбек жолын 1983 жылы Аягөз қаласының №5 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастады. 1985 жылдың желтоқсан айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Аягөз қаласы №5 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. 1989 жылдың қараша айынан желтоқсан айына дейін Алматы қаласы Алатау ауданы №122 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. 1990 жылдың қаңтарында Алматы машина жасау техникумында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990 жылдың 1 ақпанынан бастап күндізгі бөлім меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 1996 жылғы ақпанда машина жасау техникумын Алматы политехникалық колледжіне қайта құрғаннан кейін бөлім меңгерушісі лауазымында жұмысын жалғастырды, одан әрі – директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылдың ақпан айында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдың маусым айында МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды аспап жасау колледжі» директоры лауазымына тағайындалды, мекеме 2008 жылы МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» болып өзгертілді. 2017 жылы колледж директорлары арасында өткен «Табысты менеджер-2017» Республикалық байқауының Гран-при иегері. ТжКБ жүйесінің оқу орындарын аккредиттеу рәсіміне бірнеше рет сарапшылар тобының жетекшісі ретінде қатысты, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің мүшесі. «Аманат» партиясы Орталық аппаратының білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы АҚФ ҒКК мүшесі, «Қазақстан футзал Ассоциациясы» Президенті , Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті, ҚР колледждері арасында футзалдан ұлттық студенттік лиганың ұйымдастырушысы болып табылады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың алғыстары бар, ҚР Білім Министрінің және Алматы қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының иегері: Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған. ҚР Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған. ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998 ж.), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2011 ж.), «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2017 ж.), Генералдар кеңесінің шешімімен «Панфилов дивизиясына 75 жыл» медалімен марапатталған (2016 ж.). ШҚО Аягөз ауданының Құрметті азаматы.

    Серікова Салтанат Бахтиярқызы
    Қызметкерлер

    Серікова Салтанат Бахтиярқызы

    Депутат

    Серікова Салтанат Бахтиярқызы 1990 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы Гагарин қаласында дүниеге келген. 2011 жылы «Бизнес әкімшілендіру саласындағы бакалавр» мамандығы бойынша SR University of Pennsylvania, АҚШ, 2014 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы магистр» Ұлыбританияның Букингем университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Ernst & Young» ЖШС аудит департаментінде аға аудитор болып бастады, 2019 жылы «Reedl & Partners» неміс консалтингтік компаниясында бас директордың бизнес-кеңесшісі, 2019 жылдан 2020 жылға дейін AqnietGroup бас директорының бизнес-кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Esentai Offices» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «BeeZone» ЖШС, Chief Product Officer болып жұмыс істейді. «RESPUBLICA» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Сырғабаев Азамат Маратұлы
    Қызметкерлер

    Сырғабаев Азамат Маратұлы

    Депутат

    Сырғабаев Азамат Маратұлы 1971 жылы 11 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Мәскеу Энергетикалық институтын «Радиоинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы «Толқын» корпорациясында инженер болып бастаған, 1996-1998 жылдары 2-ші, 1-ші санатты маман, бөлім бастығының орынбасары, республикалық мемлекеттік Электр байланысы инспекциясы бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдары «Интел» АҚ техникалық директоры, бас директоры болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары ҚР ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, 2001-2002 жылдары «Транстелеком» АҚ президенті қызметін атқарды. 2002 жылдың ақпаннан наурызға дейін ҚР ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының м.а., 2002-2007 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры, вице-президенті. 2015 жылдан Словения Республикасының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Құрметті консулы, 2017 жылдан «ҚР құрметті консулдар қоғамы» РҚБ басқарма мүшесі. Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан бастап Smartnet компаниясының акционері және негізін қалаушы. Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Тұрабаев Қуаныш Ауесханұлы
    Қызметкерлер

    Тұрабаев Қуаныш Ауесханұлы

    Депутат

    Тұрабаев Қуаныш Әуесханұлы 1975 жылы 18 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1997 жылы Мармара Университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітіріп шықты, Ыстамбұл қаласы, Тұркия. Түркия мемлекетінің Мармара Университетін тәмамдағаннан кейін елге оралып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен ашылған ірі компанияларда жұмыс істеді. Негізінен 90 жылдардың соңында Қазақстан нарығына еніп, ұялы телефон операторлығын жүргізген «Кселл», «К-mobile» сынды ірі компанияларда қызмет атқарды. 1999 жылы «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астана қаласы филиалының директоры қызметіне тағайындалды. 2003 – 2006 жылдары аралығында «Кселл» АҚ-ның сату департаментінің директоры міндетін атқарды. Аталмыш компанияларда қызмет еткен кезеңде Қуаныш Әуесханұлы өзін білікті маман ретінде таныта білді. Сату және экономикалық мәселелермен айналысып, өзінің қабілетті менеджер екенін айқын дәлелдеді. 2006 жылы Қуаныш Тұрабаев елімізде бастау алған «Қазақстанның үдемелі-индустриялды дамуы» мемлекеттік бағдарламасымен құрылыс материалдарын өндірісін қолға алып, жеке бизнесін ашты. Бастапқыда құрылыс материалдарының сауда-саттығымен қосымша айналыса жүріп, 2011 жылы Алматы қаласында полиуретан және полистирол элементтері негізінде өндірілетін декоративті материалдардың шағын зауытын ашты. «ADK Index» ЖШС компаниясының бұл өнімдері қазіргі таңда LEPKA маркасымен елімізге кеңінен танымал. Бүгінгі күндері компания декоративті материалдар өндірісі бойынша Қазақстан көлемінде көшбасшы компаниялардың біріне айналды. Сондай-ақ аталмыш зауытта BOYANA тауарлық маркасымен сыртқы және ішкі әрлеуде қолданылатын құрылыс бояулары да өндіріледі. «ADK Index» ЖШС-нің өнімдері Қазақстан Республикасындағы СТ-КЗ сапа және қауіпсіздік талаптарына сай деп танылған. Ғимараттардың сыртқы безендірілуінде қолданылатын өнімдері дәстүрлі декоративтік элементтерге қарағанда анағұрлым ыңғайлы, сапалы және үнемді материал. «ADK Index» өндірген декоративтік элементтер кез-келген стандартты ғимаратты тапсырыс берушінің талғамына орай безендіріп, олардың сыртқы көрінісіне әсемдік пен эстетикалық нақыш қосады. Осылайша қалалар мен елді мекендердің архитектуралық келбетінің жақсаруына үлес қосады. Қуаныш Турабаев - кәсіпкер ретінде үнемі өзінің біліктілігін жоғарылатып, өндіріс пен бизнес процестерге заманауи технологияларды енгізу арқылы құрылыс материалдарының нарығында «Қазақстандық брендті» қалыптастыра білген білікті менеджер. Кәсіпкерлікке келгенге дейін халықаралық компанияларда басқарушы қызметтерде болуы оның менеджер ретінде шыңдалып, осы іс-тәжірибесін жеке кәсібінде қолданып, табысқа жетуіне және еліміздегі осы саланың дамуына септігін тигізді. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі. Алматы қаласында өткізілетін партияның қоғамдық-саяси іс-шараларына белсенді араласады. Партияның Жарғысына сай өзіне тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді тұлға. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсету шараларына да үнемі демеушілік жасайды. «Құрметті құрылысшы» (2019ж.) төс белгісімен марапатталған. Үйленген. Екі қызы, үш ұлы бар. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Талгатов Зия Балалдинулы
    Қызметкерлер

    Талгатов Зия Балалдинулы

    Депутат

    Талгатов Зия Балалдинулы 1996 жылы 27 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында дүниеге келген. 2019 жылы «Қаржы және статистика» мамандығы бойынша Ұлыбританияның Ланкастер университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы KAZ Minerals PLC, Ұлыбритания (Лондон) Қаржы департаментінде тағылымдамадан өтуші болып бастаған. 2018 жылы Алматы қаласында KAZ Minerals PLC жарты жылдық есептілік менеджері болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ТехноGRAD компаниялар Тобының атқарушы директоры болып жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Тастекей Дулат Тұрсынұлы
    Қызметкерлер

    Тастекей Дулат Тұрсынұлы

    Депутат

    Тастекеев Дулат Тұрсынұлы 1982 жылы 22 маусымда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат аулыныда дүниеге келген. 2005 жылы ҚМЭБИ «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2007 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша КАЗГЮУ, бітірді, 2009 жылы MAB HEC француз бизнес мектебін, тәуекелдерді басқару, ЭМВА Франция, Париж, 2015 жылы Мәскеу менеджмент мектебін SKOLKOVO, Компания менеджменті (директорларға арналған семинар) Ресей, Мәскеу, 2019 жылы Мәскеу менеджмент мектебі SKOLKOVO, Digital Transformation Management (CDTO) Ресей, Мәскеу, 2019 жылы «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша PhD, NARXOZUNIVERSITYDBKAzakhstan бітірген. Қазіргі уақытта Гарвард бизнес мектебінде оқиды. Еңбек жолын 2003 жылы «Халық зейнетақы қоры» АҚ өңірлік филиалдарының талдаушысы, кураторы болып бастаған. 2004-2005 жылдары «БТА БАНК» АҚ №4 корпоративтік бизнес Басқармасының кредиттік талдаушысы болып жұмыс істеді, 2005-2010 жылдары «ПУЛЬСАР компаниясы» ЖШС компаниялар тобының қаржы директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «ТАС Кредит «МКО» ЖШС бас директоры, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін TASGROUP құрылтайшысы, иесі және менеджері. «Ақ жол» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2021 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, 2018 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша жыл кәсіпкері, 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Жомарт Жүрек» облыстық байқауының лауреаты. «Еңбек үздігі», «Күлтегін», «Дара тұлға» қоғамдық медальдармен марапатталған.

    Тау Нұрымбек
    Қызметкерлер

    Тау Нұрымбек

    Депутат

    Тау Нұрымбек 1980 жылдың 9 сәуірінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 2004 жылы К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017–2019 жылдары Yokohama компаниясының халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқып, келесі сертификаттарға ие болды: Advanced Training Course Basic Training Course Professional Course Еңбек жолын 2004 жылы К.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Мұнай инженериясы кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «SAN tyres» компаниясының (бұрынғы атауы — Daco Motors KZ) негізін қалаушы және құрылтайшысы болып табылады. Аталған компания әлемдік шиналар брендтері — Yokohama, Triangle, Nankang, Winda Boto, Landspider, Tracmax — ресми дистрибьюторы. 2018–2024 жылдар аралығында «SAN tyres» компаниясы Yokohama және Triangle тарапынан бірнеше рет «Жылдың үздік сатушысы» номинациясының жеңімпазы атанды. Тау Нұрымбек «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021–2023 жылдары — Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылым депутаты; 2023 жылдың наурыз айынан бастап — Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Қоғамдық белсенділігі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін келесі марапаттарға ие болды: Алматы мәслихатының "ZAŊĞAR" төсбелгісі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалі «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі «Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығы» медалі

    Финогенов Максим Владимирович
    Қызметкерлер

    Финогенов Максим Владимирович

    Депутат

    Мен Финогенов Максим Владимирович 1974 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келгем. 1991 жылы №74 орта мектебін бітірдім. Ұлтым – украин. Білімім – жоғары. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына оқуға түсіп, 1996 жылы «Ағаш өңдеу технологы» мамандығы бойынша құрметпен тәмамдадым. Еңбек жолымды 1996 жылы «Гордомерремстрой» АҚ құрылыс учаскесінің шебері ретінде бастап, тағдырымды құрылыс индустриясымен байланыстырдым. Әкем «Полиграфкомбинатта» жұмыс істеген, анам «Гордорреместрой» АҚ бригадир болған. Ата-анамның тәрбиесінің арқасында мен бар күшіммен жұмыс істеп, бастаған ісімді соңына дейін жеткізуді үйрендім. Мен көп балалы отбасында өстім. Ата-анам бойыма адалдық, ашықтық, үлкенге құрмет, шығармашылық, еліме деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді тәрбиеледі. Соның арқасында 17 жылдан астам уақыт бойы «DWS Group» компаниясын басқарып келемін. Жыл сайын Ұлы Отан соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесіне, «Дар», «Қазақстан мүгедектеріне арналған қайырымдылық қоры» «Өмірді сыйға тарт», «Сәби бақыты» Қоғамдық қорларына, №10 мектеп-интернатына қайырымдылық көмегін көрсетіп келемін. Междуреченск облыстық әкімдігінің демеушілігімен «Мектепке жол» акциясына, мүгедектер күніне, Жаңа жылға, Наурыз мейрамына, 9 мамырға, ата-аналардың өтініші бойынша мүгедек балаларды емдеуге демеушілік етемін. COVID-19 пандемиясы кезінде «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына 10 млн.теңге көлемінде спонсорлық көмек көрсетілді. «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық қорына 600 мың теңге көлемінде материалдық көмек, жеке қорғану құралдары және дезинфекциялау құралдары түрінде 680 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. «DWS Group» компаниясы Алматы облысы Іле ауданы аумағында орналасқанын ескере отырып, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі ретінде, Алматы қаласының өміріне белсенді қатысамын. Үйленгенмін, төрт балам бар. 2021 жылдан бастап VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Шамова Арайлым Мәтжанқызы
    Қызметкерлер

    Шамова Арайлым Мәтжанқызы

    Депутат

    Мен, Шамова Арайлым Мәтжанқызы 1988 жылы Атырау облысы, Мұқыр селосында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1995-2006 жылдар аралығында «Мұқыр орта мектебінде» білім алдым. 2006-2010 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалаврды аяқтап, 2010-2012 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі дәрежесін иелендім. 2022 жылы Д.А. Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым. 2010-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «№84 жалпы білім беретін мектептебінде» алғаш еңбек жолымды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастап, 2013-2015 жылдар аралағында сол мекемеде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым. 2015-2019 жылдары Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «№176 мектеп-гимназиясында» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым 2019 жылдан бастап Алматы қаласы, Алатау ауданы «КММ №201 мектеп-гимназия» директоры қызметін атқарудамын. Заманауи жаңа мектептерді модернизациялау бойынша «Үлгілі мектеп» қалыптасуына өз үлесімді қостым. 2020 жылы «Нұр Отан» партиясының партияішілік іріктеуі «Праймериз 2020» қатысып, Алматы қаласының Мәслихат депутатына кандидат болдым. 2022 жылы 20 шілдеде Алматы қаласы Маслихатының кезектен тыс XXIII сессиясын барысында «AMANAT» партиясының шешімі негізінде Алматы қаласының Маслихат депутаты болып сайландым. Негізгі қызметіммен қатар, төмендегідей қоғамдық жұмыстардың мүшесімін: - «AMANAT» партиясы Алматы қаласының Алатау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі; - «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі; Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесім мен педагогикалық қызметімде шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, төмендегідей марапаттарға ие болдым: - 2020 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры А.Боранбайдың Құрмет грамотасы; - 2021 жылы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың Алғыс хаты; - 2021 жылы Алатау ауданы әкімі А.Қалдыбековтың Алғыс хаты; - 2021 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты; - 2021 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ.Бисембаевтың Алғыс хаты; - 2020, 2021 жылы Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаевтың Алғыс хаты; - 2021, 2022 жылы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы М.Отыншиевтың Алғыс хаты; - 2022 жылы ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Алғыс хаты.

    Тё Елена Васильевна
    Қызметкерлер

    Тё Елена Васильевна

    Депутат

    Тё Елена Васильевна 1975 жылы 9 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Экономика және құқық академиясын «Құқық бакаларвы» мамандығы бойынша, 2015 жылы INTO London World Education Centre (GB), 2020 жылы «International Olympic Academy» (MSc) Грецияда магистратураны тәмамдаған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған. Мемлекеттік басқару ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Корейлер қауымдастығының жауапты хатшысы болып бастады. 2004-2005 жылдары «Caspian Investment Holding» АҚ Әкімшілік департаментінің менеджері, 2005-2007 жылдары «Caspian Engineering Group» АҚ жоба басқарушы болып жұмыс істеді. 2008-2016 жылдары «Олимпиадалық даярлау орталығы» ЖШС бас директоры, 2016-2018 жылдары «Fitnesslink» ЖШС бас директоры, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас маманы, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің маркетинг департаментінің консультанты лауазымдарын атқарды. 2020-2022 жылдары Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының директоры. 2022 жылдан бастап Қазақстанның Конькимен жүгірушілер одағы РҚБ дамыту жөніндегі директоры, 2023 жылдың наурыздан бастап Қазақстан Корейлер қауымдастығының Төралқасының мүшесі, 2023 жылдың шілдесінен бастап ҚР Конькимен мәнерлеп сырғанау одағының Президенті, Кореяның демократиялық және бейбіт қосылу комитетінің мүшесі. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы» ЖШС директоры болып жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Темірәлі Дастан
    Қызметкерлер

    Темірәлі Дастан

    Депутат

    Темірәлі Дастан 1985 жылы 2 шілдеде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Инженер-кенші» мамандығы бойынша, 2019 жылы РФ Президенті жанындағы Академияның РАНХиГС «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы Швейцарияның жоғары білім беру мектебін «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы бойынша «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК инженер-техник болып бастаған. 2010 жылдан 2013 жылға дейін Алматы облысы Талғар аудандық «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, 2013-2014 жж. – «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Алматы қаласы филиалы бастығының орынбасары, 2014-2015 жж. – Астана қаласы бойынша «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК басқармасының бастығы. 2015-2016 жылдары «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры. 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры. 2018-2019жж. – «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Астана қаласы бойынша төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары Алматы қаласы «ДАМУ» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директорының орынбасары, 2021-2022 жылдары «Қазавтожол» ЖШС бас директоры. Астана қ. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жеті мұра» ЖШС директоры қызметін атқарады. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Шимашева Рахат Сейдахметқызы
    Қызметкерлер

    Шимашева Рахат Сейдахметқызы

    Депутат

    Шимашева Рахат Сейдахметқызы 1962 жылдың 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Чкалов атындағы совхозда дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. Педогогикалық өтілі - 32 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 13 жыл. 1979 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп 1984 жылы бітірді. Еңбек жолын 1984 жылы Алматы қаласы №62 орта мектепте аға пионервожатый болып бастады. 1986 жылдан 1992 жылға дейін сол мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1992 жылдан 1994 жылға дейін Алматы қаласы №143 орта мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1994 жылдан 2003 жылға дейін аталмыш мектептің директоры болып тағайындалды. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласының №12 гимназия директоры болып жұмыс істеді, 29.08.2007 жылдан 26.11.2007 жылға дейін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарды. 26.11.2007 жылдан 29.12.2007 жылға дейін Білім басқармасының басшысы болып лауазымды қызмет атқарды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Тілдерді дамыту Басқармасының басшы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды. Тарих ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» (2010ж.), «Парасат» (2018ж.) ордендерімен марапатталған. Отбасын құрған, екі баланы тәрбиелейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы
    Қызметкерлер

    Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы

    Депутат

    Тұрсұнов Әкім Хазретәліұлы 1984 жылы 3 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық стансасында дүниеге келген. 2007 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Педиатр» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы ҚМИ «Жалпы отбасылық дәрігер, хирург» мамандығы бойынша резидентурасын бітірді, 2014 жылы АМДБЖИ Қоғамдық денсаулық сақтау магистратурасын бітірді. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы №12 ОҚК қабылдау бөлмесінің мейірбек ретінде бастады, онда 2008 жылға дейін жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары «Атамед» ЖШС отбасылық дәрігері, 2009-2010 жылдары Алматы қ. ЖМЖС желідегі дәрігер болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары № 22 ҚЕ дәрігер-хирург, мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары, педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2015 жылдан 2016 жылға дейін № 25 ҚЕ мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Health Guard» ЖШС (МСАК) бас дәрігері, бас директоры болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары «Серпін» ЗТ ЖКБ ұлттық білім және инновациялар палатасының атқарушы директоры. 2016 жылдан «АМС+» ЖШС бас директоры, бас дәрігері, 2017 жылдан «Qmed» ЗТ ЖКБ Ұлттық медицина палатасының атқарушы директоры, 2018 жылдан «Серпін» ЗТ ЖКБ Ұлттық білім және инновациялар палатасының бас директоры, 2018 жылдан бастап «Qmed» ЗТ ЖКБ Ұлттық медицина палатасының бас директоры. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қ. «Тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ президенті. «RESPUBLICA» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, ҚР ДСМ, ҚР ОАМ, Алматы қаласы әкімінің, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.

    Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы
    Қызметкерлер

    Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы

    Депутат

    Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, 2001 жылы Экономика және құқық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы «Қазгипрокоммунстрой» Қазақ мемлекеттік коммуналдық құрылыс жобалау институтының экономикалық негіздемелер бөлімінің инженері болып бастаған. 1988-1992 жылдары «Қазпроекткоммунтруд» Республикалық орталығында инженер-экономист болып жұмыс істеді. 1992-1995 жылдары «Казлифт» өндірістік трестінің экономисті, 1995-1996 жылдары «ЖКХ» АК инспекторы. 1996 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ІІМ жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР БҒМ Орталық Азия университетінің ғылыми хатшысы, оқу-әдістемелік орталығының бастығы болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары ҚР ӘМ Сот сараптамасы жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Отставкадағы полковник. 2018 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы. «Ерен еңбегі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «За отличную службу в ОВД РК» 3 степени, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқа үлесі үшін» медальдармен, «За отличную службу в ОВД РК» төсбелгісімен, мерекелік медальдармен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған.

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы
    Қызметкерлер

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы

    Депутат

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы 1975 жылы 28 тамызда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, 2006 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясының «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша МВА дәрежесімен бітірді, Мәскеу, Ресей. Еңбек жолын 1996 жылы «Астана-Моторс» Қазақ автомобиль компаниясы» ЖШС маркетинг бөлімінің менеджері, қаржы бөлімінің менеджері болып бастаған. 1998-2000 жылдары «Қостанай минералдары» Басқарушы компаниясы» ЖШҚ бас директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары «Костанай асбест» АҚ Қазынашылық бастығы, Жітіқара қаласы. 2002-2005 жылдары «Қостанай минералдары» АҚ коммерциялық директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, Жітіқара қаласы. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Eurasia FM Consulting Limited басқарушы директоры, Алматы қаласы. 2010 жылдан 2011 жылға дейін Кусто Менеджмент Лимитедте басқарушы директор болып жұмыс істеді. Kusto Group Директорлар кеңесінің мүшесі. 2011 жылдан 2020 жылға дейін Ресейдің Мәскеу облысындағы Kusto Group in Development бизнесіне жауапты басқарушы болып қызмет атқарды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін «Kusto Home» компаниясы тобының бас директоры, жылжымайтын мүлікті дамыту және салу Басқармасының мүшесі (Вьетнам). 2020 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін «Kusto Home» ЖШС бас директоры, Алматы қ. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. «Құрметті құрылысшы», «Заңғар» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Алтын Барыс» қоғамдық медалімен марапатталған.

    Хамраев Садир Артемович
    Қызметкерлер

    Хамраев Садир Артемович

    Депутат

    Хамраев Садир Артемович 1981 жылы 11 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжа ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономика және бизнес магистрі дәрежесімен бітірді. 2003-2004 жылдары ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінде мерзімді қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, заңгер болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ жалпы пайдалану қызметінің бастығы, сатып алу және маркетинг бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары «Алматыгортранс орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу және диспетчерлік қызметтің автоматтандырылған жүйесін енгізу маманы, перспективалық даму бөлімінің бастығы, орталық диспетчерлік қызметтің бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың наурыз айында «Алматыгортранс орталығы» ЖШС «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС болып өзгертілді, кейіннен 2014 жылдың ақпан айында «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы
    Қызметкерлер

    Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы

    Депутат

    Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы 1973 жылы 30 тамызда Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан обылсында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ-неміс университетін «Қаржы» мамандыңы бойынша тәмәмдады. 2001 жылы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласының темір жол ауруханасында гинеколог дәрігер лауазымынан бастады. 2000 жылы Қазақ медицина институтына акушерлік және гинекология кафедрасының аға зертханашысы болып ауысты. 2000 жылдың қараша айынан бастап 2005 жылғы мамырға дейін «Отбасылық медицина орталығы» ЖШС медицина қызметін ұйымдастыратын менеджері, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының медицина орталығының «Орталық клиникалық ауруханасы» РҚМК ғылыми-ақпараттық бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды. 2006-2014 жылдары «Керуен-Medicus» ЖШС бірінші басшысы болып қызмет істеді. 2014 жылғы маусымнан бастап «Керуен» холдингінің бас директоры лауазымына тағайындалып, еншілес компания мен филиалдарға жалпы басшылық етті. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Керуен-Medicus» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың тамыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Құрмет» орденімен, «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

    Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы
    Қызметкерлер

    Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы

    Депутат

    Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы 1986 жылы 20 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Физика-математика мектебін бітіргеннен кейін 2003 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтына (КИМЭП) оқуға түсіп, 2006 жылы Іскерлік әкімшілендіру бакалавры дәрежесін және «қаржы» мамандығын үздік бітірді. 2018 жылы Лозаннадағы (Швейцария) IMD - бизнестегі қолданбалы мамандықтар бойынша әлемдегі жетекші университеттердің бірінде Менеджерлерге арналған магистр дәрежесін (MBA) алды. Оқу аясында IMD АҚШ, Қытай, Вьетнам және Швейцариядағы жобаларды сәтті аяқтады. Соңғы жылдары қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады. «D-Mura» Мәдени-тарихи мұраны цифрландыру қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеті ғылыми-қолданбалы мақаланың авторы, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстандағы жалғыз халықаралық диалог және көрме алаңы «Kazakhstan International Occupational Safety and health (KIOSH) Conference and Exhibition» авторы және бастамашысы. Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы. 2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», «Заңғар» төсбелгілерімен марапатталған.

    Шин Андрей Антонович
    Қызметкерлер

    Шин Андрей Антонович

    Депутат

    Шин Андрей Антонович 1972 жылы 7 шілдеде Ташкент қаласында дүниеге келген. 1995 жылы ҚММА-ның емдеу факультетін бітірген. 1997 жылы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетінің құқықтану факультетін бітірген. 1995 жылы медициналық академияны бітіргеннен кейін ОҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Шин-Лайн» Компаниялар негізін қалаушы. 1996 жылы шағын цех ашты. Дәл сол кезде бүгінде бәріне танымал, әйгілі «Бомба» балмұздағын шығару идеясы пайда болды. 1997 жылы кондитерлік және вафли бұйымдарының цехын ашты. Ал, 1999 жылы сүт өндірісін іске қосып, артынша 2000 жылы мұздатылған жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашады. А.А. Шин компаниясының ауқымы өсті, 2002 жылы Алматы қаласында зауыттың құрылысы басталып, 2004 жылы іске қосылды, зауыт кейін бірнеше ірі қайта құрулардан өтті. Қазіргі уақытта 1500-ден астам жұмысшыны жұмыс орнымен қамтамасыз ететін үлкен өндіріс болып табылады. 2006 жылдан бастап Андрей Шин тамақ өнеркәсібінің әлемдік жетекші кәсіпорны – оңтүстік-кореялық серіктес Binggrae кәсіпорнымен бірлесіп өндірісті бастады, жеке өндіріс желісін іске қосты – негізгі өнімдермен қатар жаңа Мelona маркалы балмұздақ шығарыла бастады. Жаңа өнім желісінде осы балмұздақ түрінен басқа Velvetto, Chill, Sweet day, Sweet wee сияқты атаулар пайда болды. Бұл премиум кластағы бренд негізгі экспорттық өнім ретінде ойластырылған – компания осы өніммен Ресей нарығын белсенді игере бастады. 2011 жылы А.А. Шин NESTLE компаниясымен ынтымақтастықты бастап, «Шин-Лайн» ЖШС Орта Азия бойынша балмұздақтың бас дистрибьюторына айналды. 2020 жылы Мәскеуде азық-түлік өнімдері, сусындар және олардың өндірісіне арналған шикізаттың «Продэкспо-2020» халықаралық көрмесі өтті. «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстанға «Үздік өнім-2020» сыйлығының дипломы мен алтын медальді алып келді.

    Шардинов Шухрад Ахметжанович
    Қызметкерлер

    Шардинов Шухрад Ахметжанович

    Депутат

    Шардинов Шухрад Ахметжанович 1975 жылы Алматы қаласында туылған. Ұлты – ұйғыр. Білімі – жоғары. 1997 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2019 жылы Назарбаев унивеситетінің Бизнес мектебін «Business Roadmap – 2020» бағдарламасы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1997 жылы бастады. «Алматы көпір құрылымдары зауытында» 5 жыл атқарушы директор болып жұмыс істеді.2013 жылдан бастап «АКҚЗ» ЖШС директоры болып қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АКҚЗ Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. Ш.Шардинов қоғамдық қызметпен белсенді түрде айналысады: Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңестің мүшесі; Алматы көпір құрылымдары зауытының «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрағасы; Алматы қаласы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі; «AMANAT»партиясы жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі; «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Президентін сайлау жөніндегі Алматы қалалық штабының мүшесі және ҚР Президенттігіне кандидат Қ-Ж..К.Тоқаевтың сенімді өкілі болды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Құрметті жолшы», ТМД «Құрметті жолшысы» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Үйленген. Үш баласы бар. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.