
Өмірбаян
Маралов Дәурен Әділмырзаұлы 1980 жылы 20 сәуірде Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар бойынша экономист» мамандығын тәмамаған, 2007 жылы Германияның Хельдихаин қаласында экономикадан біліктілігін арттырудан өтті.
2002 жылдан 2009 жылға дейін «Алматы ұн тарту комбинаты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді, 2010 жылдың қазан айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС бас экономистінің орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдан 2015 жылға дейін – «Петроқазақстанойл Продактс» ЖШС бас экономисті. 2015 жылдан 2024 жылға дейін – «Алтын Диірмен» корпорациясы» АҚ президенті. 2024 жылдан бастап 2025 жылдың наурыз айына дейін – «Қазақтелеком» АҚ филиалының сервистік фабрикасының бас директоры.
2025 жылдың айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Алтын Диірмен» корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
«АМАНАТ» партиясының мүшесі, 2023 жылдан «АМАНАТ» партиясы Түрксіб аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.
2025 жылдың шілде айынан бастап VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.



