
Өмірбаян
Әбелқасов Мейрамбек Есентайұлы 1990 жылғы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Асанова ауылында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы» және «Банк ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы банк саласында бастаған. Әр жылдары «HSBC Банк» ЕБ АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «КазИнвестБанк» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ және «Альфа Банк» ЕБ АҚ-да қызмет атқарған. Кейін «Taxi Kolesa» және «JET Shering» компанияларында басшылық қызметтер атқарған.
2024 жылдан бастап «Esentai Success» ЖШС директоры.
Қазақстан Республикасы таксопарктері мен курьерлік қызмет қауымдастығының төрағасы. Жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмыстарына, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша пилоттық жобаға, сондай-ақ шағын электр көлік құралдары мен қоғамдық көлікті реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс топтарына қатысқан.
Қоғамдық және қайырымдылық қызметке белсенді атсалысады. Үлкен теннистен паралимпиада спортшыларын, балалар үйлерін қолдайды, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дамытуға және насихаттауға үлес қосып келеді.
Технологиялық бизнесті дамыту және шетелдік инвестициялар тарту бағытында тәжірибесі бар. JET стартапы аясында Қазақстанға 100-ден астам шетелдік инвестор тартылып, жоба қызметі 12 елге кеңейтілген. Astana Hub және АХҚО резиденті ретінде IT-қызметтер экспорты бағытында қызмет атқарады.
«Respublica» партиясының мүшесі.



