
Ақанова Асия Айқанқызы
Депутат
Өмірбаян
Ақанова Әсия Айқанқызы 1987 жылы 8 қазанда Москва қаласында дүниеге келген. 2005 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқуға түсті. 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның
Лондон университеттік колледжін «Нейроғылым» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесімен тәмәмдады. 2015 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірді. 2016 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ғылым докторы дәрежесімен бітірді. Еңбек жолын 2011 жылы фармакология кафедрасының аға зертханашысы болып бастап, 2013-2016 жылдары Семей ММУ докторантурада болды. 2018-2021 жылдары аралығында ҚазМУҒО ғылым бөлімінің әдіскері, отбасылық медицина кафедрасының доценті, отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2017-2022 жылдары «Kumis Khasyr» ҚБ директоры, 2018-2022 жылдары Белсенді Ұзақ Өмір Сүру Орталығының директоры. Оның басшылығымен Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүрудің алғашқы Орталығының жобасы іске асырылды. 2021-2022 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Клиникалық пәндер» кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2022 жылдан бері қазіргі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Big Data және жасанды интеллект» кафедрасының доценті. 2019 жылдан бастап ұзақ мерзімді күтімнің медициналық-әлеуметтік мәселелері бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен белсенді жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, 21 сәуірден бастап Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Заңғар» төсбелгісімен, алғыс хаттармен марапатталған.



