Ахметов Алмат Сағындықұлы

    Депутат

    Ахметов Алмат Сағындықұлы
    Депутат маслихата

    Ахметов Алмат Сағындықұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Ахметов Алмат Сағындықұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде (МИРБИС) MBA дәрежесін алды. Сондай-ақ, Mini MBA (КИМЭП), Skolkovo Executive MBA және Master in Management Analytics бағдарламаларын аяқтаған. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде білім алуда.

    Еңбек жолын Алматы қаласы Медеу ауданының Салық бөлімінде бастаған. Кейін «Банк ТуранАлем» АҚ-да, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жұмыс істеген. 1998 жылдан бастап «Caspian Beverage Holding» АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.

    Қазақстан Халық партиясының мүшесі. Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты және кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

    2024 жылдың қараша айынан бастап Таза өндірістер бойынша салалық кеңестің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері