Алматы қаласы мәслихаты
Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Жаңалықтар
АшуАлматы мәслихатының депутаттары Бас жоспарға енгізілетін түзетулерге келісім беріп, тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына өзгерістерді қолдады
АшуАлматыда тіркеу нормасы, автотұрақ тарифтері және Шымбұлаққа кіру тәртібі бекітілді
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы
АшуАлматыда жыл соңына дейін жаңа мектептер мен дәрігерлік амбулатория ашылады
Алматы қаласы Мәслихатының кезекті LI сессиясы туралы қосымша хабарландыру
АшуМәслихаттың құрамы жаңа депутатпен толықты
Құжаттар
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 359 ««Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 166 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы29 қарашадағы № 166 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осышешімқабылданғанкүннен бастапқолданысқаенгізіледі. Алматы қаласымәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 351 «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» шешімі
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 208-бабының 4-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), арнайы техникадан және коммуналдық, жедел көлік құралдарынан басқа, Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының және шұғыл қызметтер, сондай-ақ осы аймақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдары кіруін шектеу. Демалыс және мереке күндері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу электр қозғалтқышындағы көлік құралдарына (электромобильдерге) да қолданылады. «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Алматы қаласымәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 329 «Алматы қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамы бекітілсін. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Алматы қаласымәслихатының төрағасы М. Отыншиев Алматы қаласы мәслихатының2026 жылғы 21 тамыздағы№ 329 шешіміне қосымша Алматы қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамы Алматы қаласының әкімі кеңес төрағасы; Алматы қаласы әкімінің құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары кеңес төрағасының орынбасары; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы кеңес төрағасының орынбасары; Алматы қаласы Мәслихатының депутаты (келісім бойынша); Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша); Садуов Асхат Кеңесұлы «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры; Нысанбаева Любовь Владимировна сарапшы – сәулетші-қала құрылысшысы (келісім бойынша); Ақбай Айдын Серікұлы сарапшы – сәулетші (келісім бойынша); Алдахов Еркін Серікұлы сарапшы – инженер-құрылысшы (келісім бойынша); Байжанова Жаннат Сәбитқызы сарапшы – сәулетші-урбанист (келісім бойынша); Барабанов Роман Александрович сарапшы – көлік қызметкері (келісім бойынша); Глаудинова Мехрибану Бекрімжанқызы сарапшы – сәулетші-тарихшы, сәулет докторы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры (келісім бойынша); Джепка Богдан Игоревич инклюзивті орта мәселелері жөніндегі сарапшы (келісім бойынша); Залогина Тамара Борисовна сарапшы – экономист-қала құрылысшысы (келісім бойынша); Дәулетқан Зарина сарапшы – сәулетші-урбанист (келісім бойынша); Қозбағарова Әсем Бекетқызы сарапшы – экономист (келісім бойынша); Мұңдаханова Назерке Еркінқызы сарапшы – сәулетші-урбанист (келісім бойынша); Мухамеджанов Евгений Викторович сарапшы – эколог (келісім бойынша); Марини Рикардо Андреа сарапшы – сәулетші-урбанист (келісім бойынша); Сариева Гүлшат Бауыржанқызы жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы (келісім бойынша); Сейітов Асқар Сәрсенұлы сарапшы – сәулетші (келісім бойынша); Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы көгалдандыру жөніндегі сарапшы (келісім бойынша); Татығұлов Айдар Әбдісағитұлы сарапшы – сәулетші (келісім бойынша); Филатов Владислав Михайлович сарапшы – сәулетші-урбанист (келісім бойынша); Цой Евгений Дин-Хукович сарапшы – сәулетші (келісім бойынша).
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 330 «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Алматы қаласымәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 331 ««Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген), Алматы қаласының мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоса беріліп отырған «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.