2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10:30-да Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті LI сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 «Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы;
- «VIII шақырылым Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссияларының төрағаларын, мүшелерін сайлау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.
Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 9 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін [email protected] электрондық поштасына жолдау қажет.
БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.
Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.







