Астана қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Республикалық байқауда Түркістан облысының үш колледж студенті үздіктер қатарынан көрініп, жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтар болсақ, Кентау көпсалалы колледжінің студенті Ақмарал Рысхан, Түркістан жоғары медицина колледжінің студенті Малика Асадуллаева мен Мақтаарал аграрлық колледжінің студенті Меруерт Серікбай еліміздің үздік студенттері қатарынан көрінген. Бұл жетістік – жастардың ізденісі мен табандылығының, кәсіби білімге деген ұмтылысының және ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Айта кетейік, конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 400 колледжден 5 мыңнан астам студент өтінім білдірген. Жобаның басты мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу, кәсіби, қоғамдық салада нәтиже көрсеткен дарынды студенттерін анықтау және қолдау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








