Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

    Депутат

    Әбдімәлік Жансая Даниярқызы
    Депутат маслихата

    Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен, Әбдімәлік Жансая Даниярқызы 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

    2007 - 2010 жылдары №173 мектеп-лицейінде білім алдым. 2010-2016 жылдары №126 мамандандырылған лицейде білім алып, оны үздік бітірдім. 2016 жылы Инновациялық техникалық колледжге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы колледжді үздік бітіріп шықтым.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясының «Жоғары дәрежедегі спорт және денешынықтыру» мамандығы бойынша студентімін.

    2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-да «ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы лауазымында жұмыс істеймін, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК-да «Спортшы» лауазымында жұмыс істеймін, Алматы қаласы.

    Жеке жетістіктерім:

    Қыздар арасында 5 дүркін әлем чемпионы.

    Халықаралық әйелдер гроссмейстері – 2014 жыл.

    Халықаралық ерлер шебері – 2017 жыл.

    1 орын «5th Asian Indoor & Martial Arts Games 2017» жабық ғимараттардағы Азия ойындары – Ашхабад (Түркменістан) - 2017 жыл.

    1 орын 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем Чемпионаты, Тарвизио (Италия) – 2017 жыл.

    Әйелдер арасындағы шахматтан ҚР чемпионы – 2020 жыл.

    «AMANAT» партиясының мүшесімін.

    «Дара», «Үміт» қоғамдық ордендерімен марапатталғанмын.

    2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері