
Өмірбаян
Мен Финогенов Максим Владимирович 1974 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келгем. 1991 жылы №74 орта мектебін бітірдім. Ұлтым – украин. Білімім – жоғары.
1991 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына оқуға түсіп, 1996 жылы «Ағаш өңдеу технологы» мамандығы бойынша құрметпен тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1996 жылы «Гордомерремстрой» АҚ құрылыс учаскесінің шебері ретінде бастап, тағдырымды құрылыс индустриясымен байланыстырдым. Әкем «Полиграфкомбинатта» жұмыс істеген, анам «Гордорреместрой» АҚ бригадир болған. Ата-анамның тәрбиесінің арқасында мен бар күшіммен жұмыс істеп, бастаған ісімді соңына дейін жеткізуді үйрендім. Мен көп балалы отбасында өстім. Ата-анам бойыма адалдық, ашықтық, үлкенге құрмет, шығармашылық, еліме деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді тәрбиеледі.
Соның арқасында 17 жылдан астам уақыт бойы «DWS Group» компаниясын басқарып келемін.
Жыл сайын Ұлы Отан соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесіне, «Дар», «Қазақстан мүгедектеріне арналған қайырымдылық қоры» «Өмірді сыйға тарт», «Сәби бақыты» Қоғамдық қорларына, №10 мектеп-интернатына қайырымдылық көмегін көрсетіп келемін. Междуреченск облыстық әкімдігінің демеушілігімен «Мектепке жол» акциясына, мүгедектер күніне, Жаңа жылға, Наурыз мейрамына, 9 мамырға, ата-аналардың өтініші бойынша мүгедек балаларды емдеуге демеушілік етемін.
COVID-19 пандемиясы кезінде «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына 10 млн.теңге көлемінде спонсорлық көмек көрсетілді. «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық қорына 600 мың теңге көлемінде материалдық көмек, жеке қорғану құралдары және дезинфекциялау құралдары түрінде 680 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
«DWS Group» компаниясы Алматы облысы Іле ауданы аумағында орналасқанын ескере отырып, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі ретінде, Алматы қаласының өміріне белсенді қатысамын.
Үйленгенмін, төрт балам бар.
2021 жылдан бастап VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.




