Тё Елена Васильевна

    Депутат

    Тё Елена Васильевна
    Депутат маслихата

    Тё Елена Васильевна

    Депутат

    Өмірбаян

    Тё Елена Васильевна 1975 жылы 9 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    1997 жылы Экономика және құқық академиясын «Құқық бакаларвы» мамандығы бойынша, 2015 жылы INTO London World Education Centre (GB), 2020 жылы «International Olympic Academy» (MSc) Грецияда магистратураны тәмамдаған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған. Мемлекеттік басқару ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Корейлер қауымдастығының жауапты хатшысы болып бастады. 2004-2005 жылдары «Caspian Investment Holding» АҚ Әкімшілік департаментінің менеджері, 2005-2007 жылдары «Caspian Engineering Group» АҚ жоба басқарушы болып жұмыс істеді. 2008-2016 жылдары «Олимпиадалық даярлау орталығы» ЖШС бас директоры, 2016-2018 жылдары «Fitnesslink» ЖШС бас директоры, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас маманы, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің маркетинг департаментінің консультанты лауазымдарын атқарды. 2020-2022 жылдары Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының директоры. 2022 жылдан бастап Қазақстанның Конькимен жүгірушілер одағы РҚБ дамыту жөніндегі директоры, 2023 жылдың наурыздан бастап Қазақстан Корейлер қауымдастығының Төралқасының мүшесі, 2023 жылдың шілдесінен бастап ҚР Конькимен мәнерлеп сырғанау одағының Президенті, Кореяның демократиялық және бейбіт қосылу комитетінің мүшесі. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы» ЖШС директоры болып жұмыс істейді.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері