Есматов Серік Аманжолұлы

    Депутат

    Есматов Серік Аманжолұлы
    Депутат маслихата

    Есматов Серік Аманжолұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Есматов Серік Аманжолұлы 1998 жылы 31 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 2011 жылы 13 жасында пойыздың астына түсіп, қатты жарақат алды, екі аяғы да ампутацияланған, I топ мүгедегі. 2020 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы волейболдан Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық құрамасының мүшесі болды. 2015 жылы волейболдан, ауыр және жеңіл атлетикадан ҚР отырып ойнау чемпионатының жүлдегері атанды. 2016 жылы паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР чемпионатының қатысушысы. 2018-2019 жылдары «Оңтүстік Астана» ТРК АҚ тележүргізуші болып жұмыс істеді. 2020 жылы «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған Оңалту орталығы директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясы төрайымының орынбасары.

    Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан полициясына 30 жыл» Алматы қ. ПД мерекелік медалімен, «Ел Үмiті» ҚР дарынды балалардың төсбелгісімен марапатталған. 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды, 2021 жылы «Алтын Қыран» республикалық энциклопедиясына енді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері