
Өмірбаян
Бакарасова Елена Евгеньевна, 1965 жылы 2 қазанда Қарағанды облысы Жезқазған ауданы Николаев-8 қаласы Сәтпаев ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. В 1987 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында бірінші разрядты жұмысшы ретінде бастады. Институтты бітіргеннен кейін «Ангор» енгізу бірлестігінің экология бөлімінде инженер және инженер-геолог болып, «Алатау» Қауымдастығының сыртқы экономикалық сауда бөлімінде инженер болып жұмыс істеді. 1993-2000 жылдары «Еркин кварц» ЖШС инженер-геолог болып жұмыс істеді. 2000-2006 жылдары аралығында «Jobi-строй» ЖШС бас менеджер, директор боллп қызмет атқарды. 2006 жылы «Bakarassov концерні» компаниясының бас директоры қызметіне тағайындалып, Алматы қаласында «Kaizer», «MEISTER GUT» брендтерімен әлемнің үздік технологиялары мен Еуропа елдерінен мамандарды тарта отырып, лак-бояу өнімдері зауытын құрды. 2006 жылдан қазіргі күнге дейін «Концерн Bakarassov» компаниясының бас директоры.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кәсіпорын Алмалы ауданы мен қала аумағындағы ғимараттардың, сәулет ескерткіштерінің қасбеттерін қалпына келтіруге белсенді қатысады. Көп балалы отбасыларға және жалғызбасты аналарға, интернаттарға мен балалар үйлеріне тұрақты негізде көмек көрсетеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың қазан айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Прзидентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Респубикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Атамекен» ҚР ҰКП III дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен, «Nur Otan» партиясының, Алматы қаласы Кәсіпкерлік палатасының алғыс хаттарымен, «Қанатты Әйел-6» көрмесінің «Креативті-инновациялық кәсіпкер» номинациясының, «Қазақстанның үздік тауары – 2012» дипломдарымен марапатталған.



