Шардинов Шухрад Ахметжанович

    Депутат

    Шардинов Шухрад Ахметжанович
    Депутат маслихата

    Шардинов Шухрад Ахметжанович

    Депутат

    Өмірбаян

    Шардинов Шухрад Ахметжанович 1975 жылы Алматы қаласында туылған. Ұлты – ұйғыр. Білімі – жоғары.

    1997 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2019 жылы Назарбаев унивеситетінің Бизнес мектебін «Business Roadmap – 2020» бағдарламасы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1997 жылы бастады. «Алматы көпір құрылымдары зауытында» 5 жыл атқарушы директор болып жұмыс істеді.2013 жылдан бастап «АКҚЗ» ЖШС директоры болып қызмет атқарды.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АКҚЗ Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

    Ш.Шардинов қоғамдық қызметпен белсенді түрде айналысады:

    • Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңестің мүшесі;
    • Алматы көпір құрылымдары зауытының «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрағасы;
    • Алматы қаласы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі;
    • «AMANAT»партиясы жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі;

    «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Президентін сайлау жөніндегі Алматы қалалық штабының мүшесі және ҚР Президенттігіне кандидат Қ-Ж..К.Тоқаевтың сенімді өкілі болды.

    Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Құрметті жолшы», ТМД «Құрметті жолшысы» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Үйленген. Үш баласы бар.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері