
Өмірбаян
Мен, Бискультанов Асқар Қуандықұлы 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Алматы қаласында 1986 жылдан бастап тұрамын.
1993-2001 жылдар аралығында №120 орта мектебінде (қазіргі «М.Бегалин атындағы №120 гимназия» мемлекеттік мекемесі) білім алып, 9 сыныпты үздік бітірдім. 2000-2002 жж. Ұлыбританиядағы Rugby School мектебіне оқуға түстім, орта білімді үздік нәтежемен бітірдім. 2002-2004 жж. Rugby School колледжін A-level жүйесі бойынша (негізгі пәндер: Математика, Жоғары Математика AS (ескерту - жарты курс), Химия, Экономика, қосымша Физика AS) оқу бағдарламаларын ең жоғары баллмен (барлығы А) бітірдім. 2004 жылы University College London (USL) жоғары оқу орнының экономика факультетінің «BSc Economics» мамандығына түсіп 2007 жылы бітіріп шықтым.
Бір жарым жыл жеке құрылымдарда жұмыс істеп, 2009 жылы Еуразиялық Даму Банкіне жобалық қызмет бойынша жетекші маман ретінде жұмысқа орналастым. 2011 жылы жоба менеджері дәрежесіне көтерілдім.
2013 жылы еңбек жолымды «Темірбетон-1» ЖШС темірбетон зауытында жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы ретінде жалғастырдым. 2015 жылы бас директордың орынбасары лауазымына көтерілдім.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Темірбетон-1» ЖШС бас директорымын.
Қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікпен айналысамын, мұқтаж жандарға, соның ішінде бірнеше медреселерге, Алматы хайуанаттар бағына, ардагерлерге, балалар үйіне көмектесуге тырысамын. Біз өзен тасқыны қауіпі бар және басқа да төтенше жағдайда қалған аймақтарға көмектесуге тырысамыз.
Үйленгенмін, екі ұлым бар.
«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі.
2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап VІІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




