
Өмірбаян
Хамраев Садир Артемович 1981 жылы 11 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжа ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономика және бизнес магистрі дәрежесімен бітірді. 2003-2004 жылдары ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінде мерзімді қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, заңгер болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ жалпы пайдалану қызметінің бастығы, сатып алу және маркетинг бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары «Алматыгортранс орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу және диспетчерлік қызметтің автоматтандырылған жүйесін енгізу маманы, перспективалық даму бөлімінің бастығы, орталық диспетчерлік қызметтің бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың наурыз айында «Алматыгортранс орталығы» ЖШС «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС болып өзгертілді, кейіннен 2014 жылдың ақпан айында «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС директоры.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




