
Өмірбаян
Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы 1973 жылы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық медицина училищесін «Фельдшер зертханашы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Алматы Мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін бітіріп, «Дәрігер-педиатр» біліктілігін алды. Еңбек жолын Қалалық клиникалық балалар ауруханасында медициналық мейіргер лауазымы бойынша 1993- 1997 жылдары жұмыс істеуден бастаған. 1997 жылы ҚазМмУ докторантура, аспирантура және клиникалық ординатура бөліміне балалар хирургиясы мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық ординатураға қабылданды. 1999 жылы Алматы қаласындағы №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының эндоскопия бөлімінде дәрігер, 2000-2001 жылдары №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігер -хирург болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2005 жылға С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2001 жылы диссертациялык кеңестің медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2005 жылдан бастап Медициналық қызметтер сапасын сараптау және медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2005-2006 жылдары Медициналық қызметтер сапасын сараптау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2006 жылы денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының бюджеттен тыс қаражат бойынша медицина қызметкерлерін бірыңғай автоматтандырылған тестілеу Орталығының басшысы болып тағайындалды. 2006-2007 жылдары Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары «Қалалық қан орталығының» директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылы Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, ал 2010 жылдан 2012 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Қалалық қан орталығы» КМК директоры.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
«Шапағат» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.




