
Өмірбаян
Елеусізов Тимур Мэлсұлы 1986 жылы 5 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2019 жылдары аралығында «Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары Одағы «Табиғат» ЖМ жобалардың үйлестіруші-менеджері, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «Eco Fund Tabigat» ЖҚ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы. 2021 жылдан бастап «Kaz Eco Patrol» ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы, «АОК» төрағасы (Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы). 2020 жылдан бастап эко-амбассадор. «Сос новый Бор Алматы» Қоғамдық экопаркінің негізін қалаушы. ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Өсімдік әлемі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобалары бойынша қорытындылар дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Партиялық емес.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




