
Өмірбаян
Константинов Федор Алексеевич 1965 жылдың 2 маусымында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының Каттакурган қаласында туылған. Ұлты – орыс. Білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.
Орта мектепті аяқтаған соң 1982 жылы Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев атындағы Алма-Ата жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін бітірген. 1987 жылы училищені бітірген соң, сол училищеде взвод командирі болып тағайындалған. 1990 жылдан бастап рота командирі қызметін аға лейтенант шенінде атқарған. 1994 жылы капитан шенінде резервке ауыстырылып, жұмыстан босатылған.
1994-2000 жыл аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылдың тамызынан бастап «Эталон» Жөндеу-құрылыстық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірген, Мәскеу қаласы.
Федор Алексеевич жетекшілік ететін кәсіпорын Алматы қаласы мен республиканың құрылыс индустриясын дамытуға үлкен үлес қосты. «Құрылыс - жөндеу кәсіпорны «Эталон» ЖШС-і Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар республика бойынша жұмыстарды орындауға шарттар жасасқан. Құрылыс жөндеу кәсіпорны «Эталон» ЖШС-і өз күштерімен тоғыз қабатты «Эталон» жеке бизнес - орталығын тұрғызып, пайдалануға берді. Жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын білікті кадрлармен, мамандандырылған автотехникамен, жабдықпен және басқа көмекші механизмдермен толық жинақталған.
Ф.Константиновтың бастамасы бойынша өзінің округінде көше қиылысы алаңындағы спорт алаңшасы реконструкциялау, абаттандыру, алаңдарды жарықтандыру және асфальттау, арық желілерін жөндеу, алаңдардағы ескі ағаштарды санитарлық кесу және құлату, округ аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыс түрлерін өткізіп тұрады. Алмалы ауданның қайырымдылық іс-шараларына тікелей қатысады. Жыл сайын Жеңіс күніне орай Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, сонымен қатар, Алматы ауданы Еңбек фронтының қатысушыларын құттықтауды ұйымдастырады, 1 және 2 топ мүгедектеріне, мүгедек балаларға, сонымен қатар, кедей отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Қарт адамдар күніне орай өз округінде тұратын қарт адамдарға азық-түліктер мен адрестік көмек көрсетеді.
Арыс қаласында зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатында материалдық көмек және «Бақытты отбасы - Алматы» қорына демеушілік көрсетті.
Алматы қаласындағы карантин кезінде аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша «#Biz birgemiz!» республикалық қайырымдылық акциясын жүзеге асыру аясында 500 мың теңге бөлді.
Құрмет» орденімен (2016г.), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Алғыс хатымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдармен, ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының алғыс хаттарымен марапатталған.
2015 жылы «Қоғамдық Борыш 2014» халық сыйлығының «Кәсіби жетістіктер» категориясында Лауреаты атанды.
Отбасы жағдайы - үйленген, екі баласы бар.
2012-2016 жж. – V, VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.
2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




