
Өмірбаян
Ерлан Диана 1986 жылы 22 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Мәскеу қаласындағы Г.В.Плеханов атындағы АЭА «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2018 жылы Executive MBA в Nazarbayev University and Duke University USА дәрежесін алды. 2013-2019 жылдары «Chocobon Қазақстан» ЖШС тең иесі. 2014-2021 жылдары «Тиг-Тан» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап қайырымдылықпен айналыса бастады. 2013 жылдан қазіргі күнге дейін «KZHol» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің тең құрылтайшысы, мүшесі. 2019 жылдан бастап «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, 2020 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Жас сарапшылар клубының» мүшесі, мүгедектігі бар адамдар туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, 2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси бюросының мүшесі.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2022-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VІII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




