Қабашев Асқат Рақымжанұлы

    Депутат

    Қабашев Асқат Рақымжанұлы
    Депутат маслихата

    Қабашев Асқат Рақымжанұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен, Қабашев Асқат Рақымжанұлы 1983 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

    1999 жылы №45 орта мектепті аяқтап Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқуға түстім. 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы және несие» мамандығы, «Салық және салық салу» мамандандыруы бойынша оқу бітірдім.

    2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және ҚР ҰБ, «Макроэкономикалық процесстерді реттеу» мамандандыруы бойыншы аяқтадым.

    2004 жылы еңбек жолымды «Казинвест» Қазақстандық инвестицияларға қолдау орталығында бастадым.

    2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л. Б. Гончарова атындағы Қазақ автомобиль және жол институтының жаңа технологиялар жөніндегі проректоры қызметін атқарамын. Бұл институт Алматы қаласы Алатау ауданындағы жалғыз жоғары оқу орны.
    Оқу процесін цифрландыру мәселелеріне баса назар аударамын, педагогикалық қызметпен айналысамын, «Автомобильдерді техникалық пайдалану», «Көлік техникасының сенімділігі», «Іштен жану қозғалтқыштары», «Автомобильдердің қозғалыс теориясы» сияқты пәндерден сабақ беремін.

    Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысамын, бірқатар мақалалар жариялап, өнертабысқа патенттер алды.

    2009 жылдан қазіргі күнге дейін Алматы қаласында тауарлы бетон өндіруді және Қазақстан Республикасының маңызды инфрақұрылымдық объектілеріне бетон жеткізуді жүзеге асыратын «MEGA Бетон Плюс» ЖШС техникалық директорымын. Кәсіпорын Алматы қаласының Наурызбай ауданының құрылысына, Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы су ұстайтын құрылыстардың құрылысына, Шелек жел электр станциясының құрылысына және республиканың басқа да қол жетімділігі қиын инфрақұрылымдық объектілеріне белсенді қатысты.

    Отбасылы, екі балам бар.

    «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриотттық партиясы мүшесімін.

    2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері