
Өмірбаян
Сырғабаев Азамат Маратұлы 1971 жылы 11 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Мәскеу Энергетикалық институтын «Радиоинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы «Толқын» корпорациясында инженер болып бастаған, 1996-1998 жылдары 2-ші, 1-ші санатты маман, бөлім бастығының орынбасары, республикалық мемлекеттік Электр байланысы инспекциясы бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдары «Интел» АҚ техникалық директоры, бас директоры болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары ҚР ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, 2001-2002 жылдары «Транстелеком» АҚ президенті қызметін атқарды. 2002 жылдың ақпаннан наурызға дейін ҚР ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының м.а., 2002-2007 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры, вице-президенті. 2015 жылдан Словения Республикасының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Құрметті консулы, 2017 жылдан «ҚР құрметті консулдар қоғамы» РҚБ басқарма мүшесі. Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан бастап Smartnet компаниясының акционері және негізін қалаушы.
Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




