
Өмірбаян
Серікова Салтанат Бахтиярқызы 1990 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы Гагарин қаласында дүниеге келген. 2011 жылы «Бизнес әкімшілендіру саласындағы бакалавр» мамандығы бойынша SR University of Pennsylvania, АҚШ, 2014 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы магистр» Ұлыбританияның Букингем университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Ernst & Young» ЖШС аудит департаментінде аға аудитор болып бастады, 2019 жылы «Reedl & Partners» неміс консалтингтік компаниясында бас директордың бизнес-кеңесшісі, 2019 жылдан 2020 жылға дейін AqnietGroup бас директорының бизнес-кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Esentai Offices» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «BeeZone» ЖШС, Chief Product Officer болып жұмыс істейді.
«RESPUBLICA» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




