Темірәлі Дастан

    Депутат

    Темірәлі Дастан
    Депутат маслихата

    Темірәлі Дастан

    Депутат

    Өмірбаян

    Темірәлі Дастан 1985 жылы 2 шілдеде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Инженер-кенші» мамандығы бойынша, 2019 жылы РФ Президенті жанындағы Академияның РАНХиГС «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы Швейцарияның жоғары білім беру мектебін «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы бойынша «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК инженер-техник болып бастаған. 2010 жылдан 2013 жылға дейін Алматы облысы Талғар аудандық «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, 2013-2014 жж. – «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Алматы қаласы филиалы бастығының орынбасары, 2014-2015 жж. – Астана қаласы бойынша «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК басқармасының бастығы. 2015-2016 жылдары «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры. 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры. 2018-2019жж. – «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Астана қаласы бойынша төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары Алматы қаласы «ДАМУ» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директорының орынбасары, 2021-2022 жылдары «Қазавтожол» ЖШС бас директоры. Астана қ. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жеті мұра» ЖШС директоры қызметін атқарады.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері