
Өмірбаян
Мен, Садықов Болат Нұрмырзаұлы 1957 жылы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім - жоғары.
1980 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін тәмәмдадым.
1981-1987ж.- Талғар «АОА» хирургі.
1987-1992ж.- Талғар «АОА» бас дәрігердің орынбасары болдым.
1992-1999ж.-Талғар «АОА»бас дәрігері болдым.
1999-2000ж.- «Талғар аудандық Денсаулық сақтау» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры болдым.
2000-2004ж.- «Талғар АОА» МҚК директоры.
2004-2008ж.- Алматы облысы әкімінің Денсаулық сақтау Басқармасының бастығы.
01.12.2008-10.02.2011ж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің жауапты хатшысы болдым.
2011ж.- БДҰ кеңесшісі.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 Қалалық клиникалық ауруханасы» МҚК бас дәрігерімін.
Жалпы еңбек өтілім - 27 жыл. Мемлекеттік қызметте – 16 жыл. Жоғары санатты хирург. 2001 жылы кандидаттық диссертациясын қорғадым. 2008 жылы медицина ғылымдарының Докторы ғылыми дәрежесі берілді. Ресей академиясы медико-техникалық ғылымдарының академигімін (2007ж.).
2013 жылы Ұлттық республикалық бизнес рейтингте жалпы мемлекеттік кәсіпорындар үш номинация бойынша жүлделі орын алды: «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері», «Кірістілік көрсеткіштері» және «Өтімділік көрсеткіштері».
2013 жылдың қаржы қызметінің нәтижесі бойынша № 5 Қалалық клиникалық ауруханасы марапатталған.
«Нақты іс-тәжірибелік денсаулық сақтау шараларына көмек» бағдарламасына белсенді араласып, жұмыс істеудемін. Көп жылғы жұмыс өтіліме байланысты аудан және қала тұрғындары үшін медицинаның көкейтесті мәселелері жөнінде баяндамалар жасап, дәрістемелер оқимын. №5 ШЖҚ ҚКА МКК-нда науқастарды емдеу мақсатында жаңа инновациялық технологияларды енгізуге қатысты жұмыстар жүргіземін.
Емдеу-іс-тәжірибелік оқу орталығының басшысы ретінде Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу Институттарының профессорлық-ұстаздық құрамын тарта отырып, дәрігерлерге арналған ғылыми-практикалық және патологоанатомиялық конференциялар ұйымдастырамын.
Маған қарайтын оқу орталығының таяу және алыс шетелдермен кеңейтілген байланысы жолға қойылған, сол себепті дәрігерлердің дені Австрия, Германия, АҚШ, Израиль сияқты алдыңғы қатарлы медициналық көрсеткішті елдерде жаңа технологияларды меңгеру мақсатында дәрістемеден өтеді.
Өз жұмысымда барынша әділ болуға, өзіме және әріптестеріме жоғары талап қоюға тырысамын, кәсіби деңгейімді тұрақты түрде көтеріп тұрамын.
Денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға үлес қосқан маман ретінде оны қайта құру бойынша стратегиялық жоспарларды қолдаймын және бұл мақсатты шараны өзіме бекітілген емдеу-профилактикалық мекемесінде іске асыруға бар күшімді саламын.
«Шапағат» медалімен (2003г.), «Құрмет» орденімен (2016г.), «Отличник здравоохранения» (1987г.), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2006г.), «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасымен, «Даңқ жұлдызы - Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталғанмын.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2014-2021 жж. – VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.



