Рахметов Мақсат Мырзаханұлы

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы
    Руководитель аппарата

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы 1963 жылы 4 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Мақсат Мырзаханұлы өз еңбек жолын 1986 жылғы тамыз айыннан құс шаруашылығы бойынша Абай бас кәсіпорынның орналастыруын даярлау бригадирі болып басталды (Қаскелен ауданы, Алматы облысы).
    1990 жылы сәуір айынан бастап құс шаруашылығы бойынша Абай бас кәсіпорын кәсіподағының төрағасы болып сайланды (Қаскелен ауданы, Алматы облысы).

    1995 жылдың маусымнан бастап 1998 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Халықаралық агроөнеркәсіптік биржаның сараптау-талдау қызметінің талдаушысы, жетекші сарапшысы болып қызмет атқарды.

    Мемлекеттік қызметті 1998 жылыдың қаңтар айының Алматы облысы әкімі аппараты ауыл шаруашылық және экология бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады. 1999 жылы наурызынан Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесші, 2006 жылы шілдеден Алматы қаласы әкімі аппараты ауыл шарушылық бөлімінің бастығы, 2008 жылы мамырдан Алматы қаласы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 2009 жылы қаңтардан Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2015 жылы наурыздан Алматы қаласы ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы 2016 жылғы 2 қарашадан Алматы қаласы мәслихатының аппаратының басшысы болып тағайындалған.

    Рахметов Мақсат Мырзаханұлы «Құрмет» орденмен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері