
Өмірбаян
Шин Андрей Антонович 1972 жылы 7 шілдеде Ташкент қаласында дүниеге келген.
1995 жылы ҚММА-ның емдеу факультетін бітірген. 1997 жылы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетінің құқықтану факультетін бітірген.
1995 жылы медициналық академияны бітіргеннен кейін ОҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Шин-Лайн» Компаниялар негізін қалаушы. 1996 жылы шағын цех ашты. Дәл сол кезде бүгінде бәріне танымал, әйгілі «Бомба» балмұздағын шығару идеясы пайда болды. 1997 жылы кондитерлік және вафли бұйымдарының цехын ашты. Ал, 1999 жылы сүт өндірісін іске қосып, артынша 2000 жылы мұздатылған жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашады. А.А. Шин компаниясының ауқымы өсті, 2002 жылы Алматы қаласында зауыттың құрылысы басталып, 2004 жылы іске қосылды, зауыт кейін бірнеше ірі қайта құрулардан өтті. Қазіргі уақытта 1500-ден астам жұмысшыны жұмыс орнымен қамтамасыз ететін үлкен өндіріс болып табылады. 2006 жылдан бастап Андрей Шин тамақ өнеркәсібінің әлемдік жетекші кәсіпорны – оңтүстік-кореялық серіктес Binggrae кәсіпорнымен бірлесіп өндірісті бастады, жеке өндіріс желісін іске қосты – негізгі өнімдермен қатар жаңа Мelona маркалы балмұздақ шығарыла бастады. Жаңа өнім желісінде осы балмұздақ түрінен басқа Velvetto, Chill, Sweet day, Sweet wee сияқты атаулар пайда болды. Бұл премиум кластағы бренд негізгі экспорттық өнім ретінде ойластырылған – компания осы өніммен Ресей нарығын белсенді игере бастады. 2011 жылы А.А. Шин NESTLE компаниясымен ынтымақтастықты бастап, «Шин-Лайн» ЖШС Орта Азия бойынша балмұздақтың бас дистрибьюторына айналды.
2020 жылы Мәскеуде азық-түлік өнімдері, сусындар және олардың өндірісіне арналған шикізаттың «Продэкспо-2020» халықаралық көрмесі өтті. «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстанға «Үздік өнім-2020» сыйлығының дипломы мен алтын медальді алып келді.




