
Өмірбаян
Жайнарбай Жалынбек 1983 жылы 19 наурызда ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. 2006 жылы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» мамандығы бойынша XINJIANG Жоғары педагогикалық университетін бітірген. Қосымша білім ретінде 2017 жылы «Қаржылық жоспарлау» курсын тәмәмдады. 2021 жылы «HR менеджмент» оқуын бітірді. 2022 жылдан Халықаралық бизнес UIB университетінің Бизнес басқару факультетінде оқиды. Еңбек жолын 2006 жылдары тәуелсіз инженер жарнамалық жабдықты баптаушы болып бастады, 2009-2010 жылдары Мәскеу қаласындағы «Мега Полис» ЖШҚ өндіріс бастығы болды. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, сондай-ақ «SignTech» компаниялар Тобының директоры және негізін қалаушысы. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сыртқы жарнама агенттігі «PROREKLAMA.KZ» тең құрылтайшысы және негізін қалаушысы. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «АЛАЗОН Арена» ашық аспан астындағы концерттік алаңның тең құрылтайшысы және негізін қалаушысы.
«RESPUBLICA» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы маслихатының депутаты.
«Алтын жүрек» қоғамдық белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін» медалімен марапатталған.




