
Өмірбаян
Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы 1973 жылы 30 тамызда Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан обылсында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ-неміс университетін «Қаржы» мамандыңы бойынша тәмәмдады. 2001 жылы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласының темір жол ауруханасында гинеколог дәрігер лауазымынан бастады. 2000 жылы Қазақ медицина институтына акушерлік және гинекология кафедрасының аға зертханашысы болып ауысты. 2000 жылдың қараша айынан бастап 2005 жылғы мамырға дейін «Отбасылық медицина орталығы» ЖШС медицина қызметін ұйымдастыратын менеджері, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының медицина орталығының «Орталық клиникалық ауруханасы» РҚМК ғылыми-ақпараттық бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды. 2006-2014 жылдары «Керуен-Medicus» ЖШС бірінші басшысы болып қызмет істеді. 2014 жылғы маусымнан бастап «Керуен» холдингінің бас директоры лауазымына тағайындалып, еншілес компания мен филиалдарға жалпы басшылық етті. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Керуен-Medicus» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың тамыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты, денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Құрмет» орденімен, «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған.




