Тау Нұрымбек

    Депутат

    Тау Нұрымбек
    Депутат маслихата

    Тау Нұрымбек

    Депутат

    Өмірбаян

    Тау Нұрымбек 1980 жылдың 9 сәуірінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 2004 жылы К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2017–2019 жылдары Yokohama компаниясының халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқып, келесі сертификаттарға ие болды:

    Advanced Training Course

    Basic Training Course

    Professional Course

    Еңбек жолын 2004 жылы К.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Мұнай инженериясы кафедрасында оқытушы болып бастаған.

    2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «SAN tyres» компаниясының (бұрынғы атауы — Daco Motors KZ) негізін қалаушы және құрылтайшысы болып табылады. Аталған компания әлемдік шиналар брендтері — Yokohama, Triangle, Nankang, Winda Boto, Landspider, Tracmax — ресми дистрибьюторы.

    2018–2024 жылдар аралығында «SAN tyres» компаниясы Yokohama және Triangle тарапынан бірнеше рет «Жылдың үздік сатушысы» номинациясының жеңімпазы атанды.

    Тау Нұрымбек «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2021–2023 жылдары — Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылым депутаты;

    2023 жылдың наурыз айынан бастап — Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

    Қоғамдық белсенділігі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін келесі марапаттарға ие болды:

    Алматы мәслихатының "ZAŊĞAR" төсбелгісі

    «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалі

    «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі

    «Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығы» медалі

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері