Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы

    Депутат

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы
    Депутат маслихата

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы

    Депутат

    Өмірбаян

    Джузеева Қарашаш Узбекбайқызы 1969 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Жамбыл Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2019 жылы Эриксон Халықаралық бизнес коучинг мектебін бітірген. 1991-1998 жылдары Алматы қаласы Алматы бизнес ұжымының «Маркетинг негіздері», «Тамақ дайындау технологиясы кадефрасының оқытушысы және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары «БИЗНЕС-КУРЬЕР» жарнамалық-ақпараттық газетінің негізін қалаушы және меншік иесі. 1999-2004 жылдары «SHAHAR» телерадиокомпаниясының жарнама және PR бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2002-2005 жылдары «GRAND TOUR» ЖШС туристік агенттігінің негізін қалаушы және меншік иесі. 2012-2013 жылдары Dolce&Gabbana «VILED GROUP» бутиктерінің, «S0KS FIFTH AVENUE Almaty» әмбебап дүкені директоры. 2016-2018 жылдары Астана қаласы «ЦЕСНАБАНК» АҚ маркетинг, ілгерілету және PR коммуникациялар мәселелері жөніндегі Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары THE HUMAN MEDICAL SPA негізін қалаушы, иесі және директоры. 2005 жылдан бастап VINTAGE KAZAKHSTAN негізін қалаушы, баспагері және меншік иесі, 2006 жылдан бастап «БИЗНЕС МЕДИА» Баспа компаниясының құрылтайшы және меншік иесі. 2007 жылдан бастап «АСТРА» Бизнес-қонақ үйінің негізін қалаушысы және иесі.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері