
Өмірбаян
Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы 1961 жылы 16 қаңтарда Түркістан облысы Түлкібас ауданы 2-Түлкібас ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы Сауда техникумын «Технолог-тамақ дайындау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы ауылында жүгері өңдеу зауытында бастаған. 1979-1981 жылдары Кеңес армиясының қатарында қызмет етті. 1987-1992 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 1993-1998 жылдары аралығында «Консалтинвест» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары Алматы Сауда палатасы директорының орынбасары, 2003-2006 жылдары «ҚАЗАҚСТАН-АҚШ» талдау және болжау институтының атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Жас ұлан» киностудиясының директоры. 20-дан аса көркем және деректі фильмдер түсірген.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




