
Өмірбаян
Идрисов Руслан Рашитович 1984 жылы 4 қыркүйекте Қостанай қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қостанай қаласының Заманауи гуманитарлық академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы РАНХиГС «Стратегиялық менеджмент» (EMBA) мамандығы бойынша Мәскеу қаласында бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы «Kazexim Group» ЖШС қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі маман, әрі қарай қаржы директоры болып бастады, 2008 жылдан 2009 жылға дейін «ЭнергоАлем» ЖШС атқарушы директор болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Идрисов» ЖК, «Global Foods» ЖШС, «Orange Group» құрылтайшысы.
«RESPUBLICA» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.




