Өтемісов Мұрат Мұсаұлы

    Депутат

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы
    Депутат маслихата

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Өтемісов Мұрат Мұсаұлы 1975 жылы 28 тамызда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, 2006 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясының «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша МВА дәрежесімен бітірді, Мәскеу, Ресей. Еңбек жолын 1996 жылы «Астана-Моторс» Қазақ автомобиль компаниясы» ЖШС маркетинг бөлімінің менеджері, қаржы бөлімінің менеджері болып бастаған. 1998-2000 жылдары «Қостанай минералдары» Басқарушы компаниясы» ЖШҚ бас директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары «Костанай асбест» АҚ Қазынашылық бастығы, Жітіқара қаласы. 2002-2005 жылдары «Қостанай минералдары» АҚ коммерциялық директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, Жітіқара қаласы. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Eurasia FM Consulting Limited басқарушы директоры, Алматы қаласы. 2010 жылдан 2011 жылға дейін Кусто Менеджмент Лимитедте басқарушы директор болып жұмыс істеді. Kusto Group Директорлар кеңесінің мүшесі. 2011 жылдан 2020 жылға дейін Ресейдің Мәскеу облысындағы Kusto Group in Development бизнесіне жауапты басқарушы болып қызмет атқарды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін «Kusto Home» компаниясы тобының бас директоры, жылжымайтын мүлікті дамыту және салу Басқармасының мүшесі (Вьетнам). 2020 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін «Kusto Home» ЖШС бас директоры, Алматы қ.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    «Құрметті құрылысшы», «Заңғар» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Алтын Барыс» қоғамдық медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері