
Өмірбаян
Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, 2001 жылы Экономика және құқық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы «Қазгипрокоммунстрой» Қазақ мемлекеттік коммуналдық құрылыс жобалау институтының экономикалық негіздемелер бөлімінің инженері болып бастаған. 1988-1992 жылдары «Қазпроекткоммунтруд» Республикалық орталығында инженер-экономист болып жұмыс істеді. 1992-1995 жылдары «Казлифт» өндірістік трестінің экономисті, 1995-1996 жылдары «ЖКХ» АК инспекторы. 1996 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ІІМ жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР БҒМ Орталық Азия университетінің ғылыми хатшысы, оқу-әдістемелік орталығының бастығы болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары ҚР ӘМ Сот сараптамасы жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Отставкадағы полковник. 2018 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2021-2023 жылдары VІI сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.
«Ерен еңбегі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «За отличную службу в ОВД РК» 3 степени, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқа үлесі үшін» медальдармен, «За отличную службу в ОВД РК» төсбелгісімен, мерекелік медальдармен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған.




