Пономарев Сергей Михайлович

    Депутат

    Пономарев Сергей Михайлович
    Депутат маслихата

    Пономарев Сергей Михайлович

    Депутат

    Өмірбаян

    Пономарев Сергей Михайлович 1961 жылы 5 сәуірде Алматы қаласында туған. Киров атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін бітірген.
    Ол 1986 - 1991 жылдары Қазақ радиосы редакциясында қызмет етті. 1991 - 1998 жылдары КТК телеарнасында «Факты, новости, комментарии» бағдарламасының жүргізушісі және журналисі болды. 1998 жылдан 2003 жылға дейін «Хабар» агенттігінде комментатор және жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2003 жылға дейін "НТВ" телекомпаниясының (Ресей) Қазақстандағы меншікті тілшісі болды. 2003 - 2006 жылдары Орталық Азия бойынша «Бірінші арна» бюросын (Ресей) басқарды. Жаңалықтар журналистикасында далалық репортер болды, соғыс нүктелерінде жұмыс істеді, Тәжікстанда, Джамму және Кашмир штатында, Македонияда, Израильде әскери шиеленістерді түсірді, алғашқы қырғыз революциясын түсірді.

    2006 - 2009 жылдары ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі болды. Үш жыл бойы «Хабар» телеарнасында «Бармысым бауырым» («Жди меня» аналогы) бағдарламасын жүргізді.

    2011 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың ақпанына дейін КТК телеарнасында «Портрет недели» аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі болды. 2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстанның табиғаты туралы «Talk to nature» бағдарламасын, 2020-2021 жылдары – «Алматы» телеарнасында «Честно с Сергеем Пономаревым» авторлық бағдарламасын жүргізді.

    2017-2022 жылдары «Құрмет» орденімен марапатталған (2021). ҚР Журналистер одағының «Қазақстанның еңбек сіңірген журналисті» марапатының иегері. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады, экология, көгалдандыру мәселелерін көтереді.

    2022 жылғы маусымнан бастап – VII сайланған Алматы қаласы Мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері