Қасымов Ерболат Болатұлы

    Депутат

    Қасымов Ерболат Болатұлы
    Депутат маслихата

    Қасымов Ерболат Болатұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен, Қасымов Ерболат Болатұлы 10 ақпан 1977 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

    2007 жылыТ.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірдім. 2011 жылы Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық Университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірдім.

    "AMANAT" партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасымын.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясына қолдау көрсету» Қоғамдық қорының президенті, «Айсұлтан» Холдинг компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымын.

    Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қайта құру және толық жаңғырту жұмыстарының Бас демеушісімін, 2018 жылдан бастап Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің, Ақсай-4 домбыра үйінің демеушісімін, үш спорт алаңын салып, мектептерге сыйға тарттым:

    • К. Байсейітова атындағы саз мектебі;
    • №126 мамандандырылған лицей;
    • С. Керімбеков атындағы мектеп. Қаскелең қаласында.
    • Түнгі қаланың әдемі сәулеті мен әсем жарығын қолдау мақсатында, бірнеше ғимаратқа, мәдени мұраға сәулет-көркемдік жарық беру жұмыстарын жүргізу, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қастеев атындағы мұражай.

    Жеке патронатымда көмек көрсетіп жүрген 9 көпбалалы жанұя бар.

    Үйленгенмін, үш бала тәрбиелепотырмын.

    «Құрмет» орденімен (2017ж.), «НұрОтан» ХДП құрмет грамоталарымен (2009ж., 2011ж.), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен (2011ж., 2015ж.), «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен (2012ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) мерекелік медальдарымен мараптталғанмын.

    2002 жылдан «AMANAT» партиясының мүшесімін.

    2018-2021 жж. – VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болдым.

    2021 жылдан бастап VII Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері