
Өмірбаян
Бекмурзаева Кристина Юрьевна Алматы қаласында дүниеге келген. О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және FH Aachen - University of Applied Sciences оқу орнын «Өнертанушы» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылдан 2018 жылға дейін қоғамдық және мәдени ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. «Алматы» галереясын басқарды.
2018 жылдан бері Алматы қаласында жастарды, мәдениетті және спортты қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, «Almaty Creative» ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі және «Almaty Creative Bureau» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.
Өз қызметі барысында 100-ден астам жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында: Алматы қаласындағы қоғамдық комьюнити-орталықтарды құру, «Шапағат» және «Әлеуметтік қызметтер үйі» әлеуметтік және мәдени орталықтарын ашу, Almaty Gallery галереясын іске қосу, 15-тен астам кітапхана мен мәдениет үйлерін қалпына келтіру, Астана, Павлодар және Шымкент қалаларында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы С. Жиенбаев атындағы кітапхана базасында креативті орталық құру жобалары бар.
2018 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі.
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты және денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




