Рамазан Бекбол Батыржанұлы

    Депутат

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы
    Депутат маслихата

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Рамазан Бекбол Батыржанұлы 1991 жылы 9 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. 2012 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясының (ҚазАЖИ) магистратурасын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген, 2017 жылы Мальта Өнер, Ғылым және Технология институты (MCAST) «Механикалық инженерия» мамандығы бойынша оқуын аяқтап, сертификат алды. 2020 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына (ҚазАТК) «D147 – көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану)» мамандығы бойынша PHD докторантураға түсті. Техника ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2004 жылы «Тайжарыс» Қазақ радиосы бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған. 2012-2013 жылдары Алматы автомобиль – жол колледжінде (ААЖК) оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында Инновациялық технологиялар орталығы директорының орынбасары, 2014 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол академиясының Мансап орталығы директоры болып қызмет атқарды. 2015-2016 жылдары «СК Инжиниринг» ЖШС инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді. 2017-2023 жылдары Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол институтының (ҚазАЖИ) тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымында жұмыс істеді.

    2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ «Білім және азаматтық қоғам туралы» ғылымның Басқарма басшысы лауазымында жұмыс істейді.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2022-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    ҚР Бірінші Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері