Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы

    Депутат

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы
    Депутат маслихата

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы 1960 жылы 2 мамырда туған, білімі жоғары, 1983 жылы Семей педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.
    Педагогикадағы еңбек жолын 1983 жылы Аягөз қаласының №5 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастады.
    1985 жылдың желтоқсан айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Аягөз қаласы №5 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
    1989 жылдың қараша айынан желтоқсан айына дейін Алматы қаласы Алатау ауданы №122 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
    1990 жылдың қаңтарында Алматы машина жасау техникумында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
    1990 жылдың 1 ақпанынан бастап күндізгі бөлім меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
    1996 жылғы ақпанда машина жасау техникумын Алматы политехникалық колледжіне қайта құрғаннан кейін бөлім меңгерушісі лауазымында жұмысын жалғастырды, одан әрі – директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
    1998 жылдың ақпан айында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
    2007 жылдың маусым айында МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды аспап жасау колледжі» директоры лауазымына тағайындалды, мекеме 2008 жылы МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» болып өзгертілді.
    2017 жылы колледж директорлары арасында өткен «Табысты менеджер-2017» Республикалық байқауының Гран-при иегері.
    ТжКБ жүйесінің оқу орындарын аккредиттеу рәсіміне бірнеше рет сарапшылар тобының жетекшісі ретінде қатысты, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің мүшесі.
    «Аманат» партиясы Орталық аппаратының білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы АҚФ ҒКК мүшесі, «Қазақстан футзал Ассоциациясы» Президенті , Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті, ҚР колледждері арасында футзалдан ұлттық студенттік лиганың ұйымдастырушысы болып табылады.
    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың алғыстары бар, ҚР Білім Министрінің және Алматы қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының иегері:
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.
    ҚР Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.
    ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының
    Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
    ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998 ж.), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2011 ж.), «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2017 ж.), Генералдар кеңесінің шешімімен «Панфилов дивизиясына 75 жыл» медалімен марапатталған (2016 ж.).
    ШҚО Аягөз ауданының Құрметті азаматы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері