
Өмірбаян
Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы 1974 жылы 14 наурызда Қызылорда облысы Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы Құрылыс және менеджмент колледжін «Технолог-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2014 жылы Д.А.Қонаев атындағы мемлекеттік университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (МВА) біліктілігімен бітірді. 1991-1994 жылдары әртүрлі ұйымдарда жұмысшы, мұражай күзетшісі, экспедитор және әкімші болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Жан-М» компаниялар Тобының құрылтайшысы және директоры. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының шөптегі хоккей федерациясының вице-президенті, даму жөніндегі директоры болып табылады.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2022-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.
«Гордость экономики» қоғамдық орденімен, «Батыр шапағаты және Отанын қорғаушыға құрмет белгісі» медалімен, ҚР Бірінші Президентінің Алғысымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғысымен, «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.



