
Мундаханова Назерке Еркінқызы
Депутат
Өмірбаян
Мундаханова Назерке Еркінқызы 1994 жылы 2 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Satbayev University (бұрынғы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ҰЗУ) «Сәулетші-урбанист» мамандығы бойынша, 2017 жылы Чех техникалық университетін «Қала құрылысшысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «АлматыГорСтрой» АҚ техник(студент) - сәулетші ретінде бастаған. 2014 жылы «MAG» АҚ ГАП көмекшісі ретінде сәулетші қызметін жалғастырды. 2015 жылы «Новоград» ЖШС компаниясында жобалық менеджері болып жұмыс істеді. 2018 жылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сәулетші-урбанист ретінде жұмысын жалғастырды. 2019 жылы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС аға сәулетші-урбанист болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АРХБЮРО TAL» ЖШС директоры болып жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап Satbayev University жобалық кеңсесінің менеджері, Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) практика профессоры, «Урбанистика және сити-менджмент» мамандығының оқытушысы.
Қазақстан Халық партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.




