Грачев Михаил Владимирович

    Депутат

    Грачев Михаил Владимирович
    Депутат маслихата

    Грачев Михаил Владимирович

    Депутат

    Өмірбаян

    Грачев Михаил Владимирович 1985 жылы Алматы қаласында туылған. Ұлты – орыс. Білмі – жоғары, «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі бар.

    2007 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Университетті бітіргеннен кейін өзінің мамандығы бойынша «№13 жол-құрылыс басқармасы» АҚ жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы кәсіпорынның директоры болып табылады.

    VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты мәртебесінде болған қысқа уақыт ішінде Михаил Владимирович өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, сондай-ақ сайлаушылардың өзекті мәселелері бағытында өз округінде көптеген өзгерістер өткізді, атап айтқанда: Түрксіб ауданының 36 сайлау округі бойынша барлық аула аумақтарын абаттандыру 95%-ке дейін жеткізілді; тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін балалар және спорт кешендерін орнату арқылы Ауғандықтар скверін абаттандыру орындалды; Басқарасу өзені мен Сұлтанқарасу өзенінің бойында қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар орындалды; балалар алаңдарын, футбол алаңдарын орнату, Сүйінбай даңғылымен Төменгі және Жоғарғы Пятилетканы жалғайтын көпірді қайта жаңарту жұмыстары аяқталды; Түрксіб ауданын жарықтандыру бойынша жұмыстар аяқталды; Бекмаханов көшесінде ыңғайлы тротуарлар орнатумен асфальтбетон жабынына жөндеу жүргізілді; Пятилетка көшелері бойымен ұзындығы 44 км су құбыры мен канализацияны толық ауыстыру жобасы жасалды; аудан тұрғындарының қатысуымен аумақты тазалау бойынша іс-шаралар өткізіледі, жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге, ағаштардың жай-күйіне қатысты аудандағы ахуал бойынша жергілікті жерді тексеру және жедел ден қою шараларын қабылдау үшін халықпен кездесулер; «Nur Otan» партиясының «Мектепке жол», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау және көмек көрсетеді. «Бақытты отбасы-Алматы» қоғамдық қорына және "#Biz birgemiz!" республикалық қайырымдылық акциясын іске асыру аясында карантин кезеңінде Алматы қаласындағы аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша демеушілік көмек көрсетті.

    Михаил Владимирович 2019 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференцияға Алматы қаласы мәслихатынан делегат болды.

    «Ерен еңбегі үшін» (2018ж.) медалімен, «Туған өлке» номинациясында «Жомарт Жүрек» Республикалық сыйлығымен (2019ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алғысмен марапатталған.

    «AMANAT» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі.

    2018-2021 жж. - VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері