Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы

    Депутат

    Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы
    Депутат маслихата

    Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Тұрсұнов Әкім Хазретәліұлы 1984 жылы 3 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық стансасында дүниеге келген. 2007 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Педиатр» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы ҚМИ «Жалпы отбасылық дәрігер, хирург» мамандығы бойынша резидентурасын бітірді, 2014 жылы АМДБЖИ Қоғамдық денсаулық сақтау магистратурасын бітірді. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы №12 ОҚК қабылдау бөлмесінің мейірбек ретінде бастады, онда 2008 жылға дейін жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары «Атамед» ЖШС отбасылық дәрігері, 2009-2010 жылдары Алматы қ. ЖМЖС желідегі дәрігер болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары № 22 ҚЕ дәрігер-хирург, мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары, педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2015 жылдан 2016 жылға дейін № 25 ҚЕ мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Health Guard» ЖШС (МСАК) бас дәрігері, бас директоры болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары «Серпін» ЗТ ЖКБ ұлттық білім және инновациялар палатасының атқарушы директоры. 2016 жылдан «АМС+» ЖШС бас директоры, бас дәрігері, 2017 жылдан «Qmed» ЗТ ЖКБ Ұлттық медицина палатасының атқарушы директоры, 2018 жылдан «Серпін» ЗТ ЖКБ Ұлттық білім және инновациялар палатасының бас директоры, 2018 жылдан бастап «Qmed» ЗТ ЖКБ Ұлттық медицина палатасының бас директоры. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қ. «Тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ президенті.

    «RESPUBLICA» партиясының мүшесі.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, ҚР ДСМ, ҚР ОАМ, Алматы қаласы әкімінің, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері