
Өмірбаян
Проценко Игорь Александрович 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. 1988 жылдан 1989 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 2004 жылы Алматы Технологиялық университетін «Сертификаттау жөніндегі инженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015-2022 жылдары Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының вице-президенті болды. 1994 жылдан қазіргі күнге дейін «Торнадо PLUS» ЖШС бас директоры. Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, Өңдеу өнеркәсібі одағы басқармасының мүшесі, «ҚР Жиһаз жасаушылар гильдиясы» басқармасының мүшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы аумақты дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңестің мүшесі, «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Бірқатар үкіметтік, салалық марапаттарға ие.




