
Өмірбаян
Мен, Қарағұлов Ерұлан Серікұлы, 1971 жылы 14 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім.
1990 жылы Алматы құрылыс техникумын аяқтағанмын.
1990-1992 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызметін өттім, әскери міндеттімін.
1999 жылы Алматы технологиялық институтын «Машина және тамақ өндірісінің аппараты» мамандығы бойынша «Инженер-механик» біліктілігімен аяқтадым. 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесімен бітірдім.
1994-1999 жылдары Алматы технологиялық институтында техникалық оқыту құралдары бөлімінің инженері болып жұмыс істедім.
2000 жылы №18 Кәсіптік мектепке өндірістік оқыту шебері лауазымына қабылданып, кейіннен атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-ға ауыстырылды. 2007-2015 жылдары «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-да әдіскер, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым.
2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, кейіннен «AMANAT» партиясы болып атауы ауысты.
2015 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК-на директордың міндетін атқарушы болып тағайындалдым. 2015 жылдың қазан айында осы колледждің директоры болып тағайындалып және бүгінгі күнге дейін осы ұжымда жұмыс істеймін.
2015 жылы Алматы қаласы «AMANAT» партиясының Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болып сайландым.
Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары өңірлік кеңесінің Төрағасымын. Сондай-ақ «WorldSkills Almaty» өңірлік қозғалысының Стратегиялық комитетінің мүшесімін және «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
2022 жылдың шілде айында «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясында Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болып сайландым.
Отбасы жағдайы - үйленген. Бір ұл мен үш қызды тәрбиелеп отырмыз.
Марапаттарым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» Жарлығы бойынша мерекелік медалі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» Жарлығы бойынша мерекелік медалі, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі.




