Ибрагимұлы Болат

    Депутат

    Ибрагимұлы Болат
    Депутат маслихата

    Ибрагимұлы Болат

    Депутат

    Өмірбаян

    Ибрагимұлы Болат 1983 жылы 28 тамызда Алматы орблысы Еңбекшіқазақ ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжау институты (KIMEP) «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, 2008 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша, МВА, 2014 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Жоғары бизнес мектебі» мамандығы бойынша, МВА тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы «КазСтройСервис» ЖАҚ бас директордың көмекшісі болып бастады, 2004 жылы қаржы менеджері болып тағайындалды. 2004-2007 жылдары «SAT Company» ЖШС бас директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2007 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында «SAT TRADE» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007-2012 жж.- «Қазферросталь» АҚ бас директоры. 2012-2013 жылдары «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директоры, Тараз қ. 2014-2016 жылдары «SAT & Company» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ., 2016-1017 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, Алматы қ., 2018-2019 жылдары «Qazaq Stroy» ЖШС жоба жетекшісі. 2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazaq Stroy Properties» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері