
Өмірбаян
Мен, Шамова Арайлым Мәтжанқызы 1988 жылы Атырау облысы, Мұқыр селосында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1995-2006 жылдар аралығында «Мұқыр орта мектебінде» білім алдым.
2006-2010 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалаврды аяқтап, 2010-2012 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі дәрежесін иелендім. 2022 жылы Д.А. Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.
2010-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «№84 жалпы білім беретін мектептебінде» алғаш еңбек жолымды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастап, 2013-2015 жылдар аралағында сол мекемеде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым.
2015-2019 жылдары Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «№176 мектеп-гимназиясында» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым
2019 жылдан бастап Алматы қаласы, Алатау ауданы «КММ №201 мектеп-гимназия» директоры қызметін атқарудамын. Заманауи жаңа мектептерді модернизациялау бойынша «Үлгілі мектеп» қалыптасуына өз үлесімді қостым.
2020 жылы «Нұр Отан» партиясының партияішілік іріктеуі «Праймериз 2020» қатысып, Алматы қаласының Мәслихат депутатына кандидат болдым. 2022 жылы 20 шілдеде Алматы қаласы Маслихатының кезектен тыс XXIII сессиясын барысында «AMANAT» партиясының шешімі негізінде Алматы қаласының Маслихат депутаты болып сайландым.
Негізгі қызметіммен қатар, төмендегідей қоғамдық жұмыстардың мүшесімін:
- «AMANAT» партиясы Алматы қаласының Алатау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі;
- «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі;
Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесім мен педагогикалық қызметімде шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, төмендегідей марапаттарға ие болдым:
- 2020 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры А.Боранбайдың Құрмет грамотасы;
- 2021 жылы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың Алғыс хаты;
- 2021 жылы Алатау ауданы әкімі А.Қалдыбековтың Алғыс хаты;
- 2021 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты;
- 2021 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ.Бисембаевтың Алғыс хаты;
- 2020, 2021 жылы Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаевтың Алғыс хаты;
- 2021, 2022 жылы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы М.Отыншиевтың Алғыс хаты;
- 2022 жылы ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Алғыс хаты.




