Қызметкерлер — Қарағанды облыстық мәслихаты

    Қарағанды облыстық мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян 1967 жылы 29 желтоқсанда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды қаласының №93 орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. «Құқықтану», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Еңбек қызметі 1988–1996 жж. — Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында қызмет атқарды. 1996–2002 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданының «Жұлдыз» АҚ директоры. 2002–2007 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданында астық дақылдарын өсіру жөніндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының құрылтайшысы. 2007–2013 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары. 2013–2017 жж. — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі. 2017–2022 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі. 2022–2023 жж. — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін — Қарағанды облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Қоғамдық және мемлекеттік қызметі 2003-2007 жылдары III шақырылымдағы Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының депутаты болды. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — VIII шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты . Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан: Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында штаб мүшесі (2022 жыл); республикалық референдумдар өткізу жөніндегі штаб мүшесі (2022, 2024 жылдар); Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі (2026 жыл). Марапаттары «Құрмет» орденімен (2024 жыл) және «Парасат» орденімен (2026 год) наградталған. Көптеген мерекелік медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2026 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Отбасы Үйленген. Алты баласы бар.

    Халтонов Әскербек Ибрагимұлы
    Аппарат басшысы

    Халтонов Әскербек Ибрагимұлы

    Аппарат басшысы

    Білімі: - 2002 жыл – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті , мамандығы:Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары - 2005 жыл – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Құқықтану - 2010 жыл – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Маркетинг (бакалавр) - 2012 жыл – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Маркетинг, (магистр)

    Басқа қызметкерлер

    51
    Аппарат басшысының орынбасары

    Досмакова Гульшат Бахитжановна

    Аппарат басшысының орынбасары

    2001 жыл – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. Білімі: «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы 2020 жыл – Орталық Қазақстан Академиясы, Қарағанды қ. «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді 2020 жыл – Орталық Қазақстан Академиясы, Қарағанды қ. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді

    Өтешов Серік Балғатайұлы
    Қызметкерлер

    Өтешов Серік Балғатайұлы

    Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы

    Серік Балғатайұлы Өтешов 1963 жылы туған. Жоғары экономикалық білімі бар. Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған облыстық қаржы бөлімінде бюджет бөлімнің экономисті болып бастаған. 1988 жылы Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Жезқазған облыстық қаржы басқармасының кірістер түсімін болжау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1995 жылы Жезқазған облысының сыртқы экономикалық байланыстар облыстық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1996 жылдың тамызында облыстық өнеркәсіп департаментінің бастығы лауазымына ауыстырылды. 1996 жылдың қазан айында Жезқазған облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылғы шілдеде облыстардың бірігуіне байланысты Қарағанды облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, ал 1997 жылғы қыркүйекте Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бастығы болып жұмысқа ауыстырылды. 2000 жылдың мамыр айынан 2004 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары - Қарағанды облысы қаржы департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2011 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қазанына дейін - Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы. 2017 жылғы қарашада Қарағанды облыстық мәслихатының ХІ сессиясында алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысы болып бірауыздан сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.), «Қаржы қызметінің үздігі» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Абилов Мурат Смагулович
    Қызметкерлер

    Абилов Мурат Смагулович

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    АБИЛОВ Мурат Смагулович бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі 1959 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін 1982 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Қарағанды облысы Теміртау ІІБ тергеушінің м.а. болып жұмыс істеді. 1982 жылдың қарашасынан 1984 жылдың сәуіріне дейін Сахалин облысында Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1984 жылдың қыркүйегінен 1986 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды облысы Металлургия ауданы прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді. 1986 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі болып тағайындалды, онда 1990 жылғы сәуірге дейін жұмыс істеді.1990 жылдың сәуір айында Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының судьясы болып сайланды. 1993 жылдың маусымынан 1996 жылдың қарашасына дейін сол жерде аудандық соттың төрағасы болып жұмыс істеді. 1996 жылдың қараша айында Қарағанды қаласы Киров аудандық сотының төрағасы болып сайланды, содан кейін Киров ауданының қайта құрылуына байланысты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы негізінде Киров сот учаскесінің аға судьясы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы наурызда Қарағанды облысы Әділет басқармасының бастығы болып тағайындалды, онда 2002 жылғы шілдеге дейін жұмыс істеді. 2002 жылғы шілдеден 2004 жылғы наурызға дейін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары, ал 2004 жылғы наурыздан 2004 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылғы мамырда Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, ал 2009 жылғы наурызда Қарағанды облысы прокуратурасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылғы маусымнан 2016 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысы Әділет департаментінің бастығы болып жұмыс істеді, ал 2016 жылғы тамыздан 2018 жылғы сәуірге дейін Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып жұмыс істейді. «Құрмет» орденімен (2016), «Ерең еңбегі үшін» медалімен (2010) марапатталған. «NurOtan» партиясының мүшесі. Үйленген, 3 баласы бар.

    Абильдин Ермек Толеуулы
    Қызметкерлер

    Абильдин Ермек Толеуулы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі 1980 жылы 21 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. 2002 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2015 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру университетін заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды. Еңбек жолын 2003 жылы «Инсар» ЖШС тас қалаушы болып бастады. Содан кейін «Орталық Азия жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінде заңгер болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап – «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық Экономикалық палатасының Қарағанды облысындағы филиалы директорының орынбасары, 2013 жылы – «Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің директоры, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қарағанды облысының азаматтық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің президенті, Бірыңғай қызмет көрсету орталығы - заң консультанттары палатасының төрағасы болып табылады. «Қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің президенті. 2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған. «Ақ жол» партиясының мүшесі, Қарағанды облыстық филиалының басшысы. Үйленген, бес баласы - екі ұлы және үш қызы бар.

    Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы
    Қызметкерлер

    Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    ӘДЕКЕНОВ Серғазы Мыңжасарұлы өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы 1956 жылы 15 тамызда Қарағанды облысында туған. Қазақ. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша үздік бітірген. Академиялық атағы: ҚР ҰҒА академигі, профессор. Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының докторы. 1978-1984 жж. – Қазақ КСР ҒА Химия-металлургия институтының аға зертханашысы, инженері, кіші ғылыми қызметкері; 1984-1995 жж. – ҚР ҰҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының табиғи қосылыстар химиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі; 1995-2006 жж. – Фитохимия институтының директоры (ҚР Үкіметінің 07.04.1995 ж. №430 Қаулысына сәйкес Органикалық синтез және көмір химиясы институтының табиғи қосылыстар химиясы зертханасының негізінде «Фитохимия институты» РМҚК ұйымдастырылды); 2006-2009 жж. – «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ Президенті (ҚР Үкіметінің 27.09.2005 ж. №953 Қаулысымен «Фитохимия институты» РМҚК «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ болып қайта ұйымдастырылды); 2009 жылдан осы уақытқа дейін – «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ бас директоры (ҚР ҚМ ММЖК 24.03.2009 ж. №139 Бұйрығына және «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 30.04.2009 ж. №3 хаттамасына сәйкес «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ атауы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ болып өзгертілді). 2000-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 25 монографияның, 130-дан астам патенттің (20 шетелдік) авторы. Қатерлі ісікке қарсы жаңа бірегей отандық «Арглабин» препаратын жасаушы. Сондай-ақ, «Салсоколлин», «Атеролид», «Саусалин», «Экдифит», «Экдисоп» сияқты бірегей отандық дәрілік препараттарын жасап шығарды. Академик С.М. Әдекенов Қарағандыда биоорганикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы саласында дүниежүзі мойындаған ғылыми мектепті ұйымдастырды. Оның ғылыми жетекшілігімен 12 докторлық және 64 кандидаттық диссертация қорғалды. Серғазы Мыңжасарұлының тікелей жетекшілігі мен жеке қатысуымен «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің негізінде 72 бірегей дәрілік препаратты өндіретін Қарағанды фармацевтикалық зауыты салынып, пайдалануға берілді, аймақтық фармацевтикалық кластер құрылды, Биологиялық белсенді қосылыстардың және дәрілік заттар стандартты үлгілерінің республикалық банкі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 03.12.2007 ж. №451 Жарлығымен С.М. Әдекеновке ҚР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 03.12.2012 ж. №124 Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Құрмет» орденімен (2006 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2001 ж.), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1981 ж.) марапатталды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы. С.М. Әдекенов облыстық мәслихаттың жеті шақырылымының депутаты болып табылады. Үйленген, төрт қызы бар.

    Алимбаева Әдия Базылқызы
    Қызметкерлер

    Алимбаева Әдия Базылқызы

    құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    ӘЛІМБАЕВА Әдия Базылқызы құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі 1978 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген.Ұлты-қазақ. Білімі жоғары-1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар экономисі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қазақстан көлік және коммуникация академиясында диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2020 жылдан бастап Nazarbayev University-де Executive МВА бағдарламасы бойынша білім алады. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының операторы болып бастады. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік Бизнес дивизионының бас бизнес-талдаушысы болып жұмыс істейді. «Ерен еңбегі үшін» (2019 жыл) медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.), "Ұздық байланысшы" (2019 ж.) атағымен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Тұрмыста.Төрт баласы-үш қызы мен ұлы бар.

    Бадина Юлия Викторовна
    Қызметкерлер

    Бадина Юлия Викторовна

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1972 жылы 11 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орыс. Мамандығы бойынша төрт жоғары білімі бар: медицина ісі, аудармашы, мемлекеттік және жергілікті басқару және мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесі. 1995 жылдан 1997 жылға дейін «дерматология» кафедрасы, клиникалық ординатурада ординатор болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2003 жылға дейін Облыстық тері-венерологиялық диспансерде дәрігер болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2006 жылға дейін «Триада ЛТД» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Қарағанды қалалық мәслихатының үш шақырылымының депутаты. 2012-2013 жылдары Қарағанды қаласындағы «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының» атқарушы директоры. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облысының гимнастика федерациясы» ҚБ президенті. 2016 жылдан бастап «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бақылау кеңесінің мүшесі. 2019 жылдан бастап «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ «Ерең еңбегі үшін» (2017), «Белсенді еңбегі үшін» (2019) медальдарымен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Биржанов Кайрат Капарович
    Қызметкерлер

    Биржанов Кайрат Капарович

    Депутаттық өкілеттік, этика , заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1961 жылы 24 тамызда Солтүстік-Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Марьевка ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі-жоғары. 1988 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігін алды. Заң ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Қарағанды филиалының мүшесі. 1980 жылы «техник-механик» мамандығы бойынша Көкшетау ауылшаруашылық техникумын бітіріп өз еңбек жолын Көкшетау облысы Куйбышев ауданы «Рузаевский» совхозында тракторшы болып бастаған. Сол жылы әскер қатарына шақырылып, милицияның арнайы мотоатқыштар бөлімінде атқыш – патрульдеуші болып қызмет етті. 1983 жылы ҚР Куйбышев БЛКЖО жолдамасы бойынша Көкшетау облысы ІІБ Куйбышев АІІБ милиционері қызметіне жіберілді. 1988 жылғы тамызда Қарағанды облысы ІІБ Шахтинск ҚІІБ ҚІБ жедел уәкілі, одан кейін аға жедел уәкілі, одан кейін Шаханский ПБ бастығы, Шахтинск ҚІІБ әкімшілік қызметінің бастығы болып тағайындалды. 1996 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша МТКБ Шахтинск қаласы бойынша МТКБ-ға мүліктік қылмыстармен күрес және іздестіру жұмысы бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды. 1997 жылғы ақпанда Шахтинск қаласы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, одан әрі Шахтинск ҚІІБ қылмыстық іздестіру бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылдың қаңтар айында Қарағанды қ. ІІБ Қарағанды қ. ІІБ ҚІБ автокөлігіне қол сұғушылықпен күрес бөлімінің бастығы болып ауыстырылды. 1998 жылдың мамыр айында Қарағанды қ. ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдың желтоқсанында ҚР ІІМ Қарағанды заң институтына «жедел-іздестіру қызметі» кафедрасының аға оқытушысы лауазымына ауыстырылды. 2005 жылғы сәуірде тәжірибе, практикалық және педагогикалық өтілін есепке ала отырып, күндізгі оқу факультеті бастығының орынбасары болып тағайындалды, онда 2010 жылғы 12 қарашаға дейін «полиция полковнигі» арнаулы атағында отставкаға шыққанға дейін жұмыс істеді. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Орталық Қазақстан Академиясында жұмыс істейді, қазіргі уақытта қылмыстық құқық және процесс кафедрасының доценті. 2016 жылы ғылыми дәреже алу үшін диссертация қорғады – заң ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі. Үйленген. Екі баласы бар.

    Георгиади Иван Владимирович
    Қызметкерлер

    Георгиади Иван Владимирович

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    1980 жылы 18 шілдеде Теміртау қаласында туған. Грек. 1998 жылы политехникалық колледжге оқуға түсті. Оны аяқтаған соң ҚарМетИ-де оқуын жалғастырды. Аталмыш оқу орнын 2006 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтады. Сол жылы екінші жоғары мамандық алу үшін КГИУ-ге түсіп, оны 2008 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2003 жылдың наурызынан «ЦЕНТРПРОМСТРОЙ» ЖШС-нің құрылыс-монтаж ұйымында бас директор болды. 2010 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры. 2007 жылы Теміртау қалалық мәслихатына, 2012, 2016, 2021 жылғы VI -VIІ шақырылымының депутаты болып сайланды. Қарағанды облыстық мәслихатының өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Облыстық қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне сіңірген жеке үлесі үшін бірнеше рет Қарағанды облысы және қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2008 жылы «Жастардың жыл көшбасшысы» атағына, 2009 жылы «Жастардың үздік көшбасшысы» атағына, 2013 жылы Теміртау қаласы әкімінің «Дара тұлға» құрметті алтын белгісіне ие болды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2019 жыл), «Жомарт Жан» төс белгісімен, бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы бар.

    Досжанов Бейбіт Сабырұлы
    Қызметкерлер

    Досжанов Бейбіт Сабырұлы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1965 жылы 25 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары, 1994 жылы Алматы энергетика институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1987 жылдан 1997 жылға дейін Қарағанды үй құрылысы комбинатында учаске механигі лауазымында жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Интерстройсервис и К» ЖШС («СТРОЙМАРТ» дүкендер желісі) бас директоры лауазымында жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2012 және 2016 жылдары Қарағанды қалалық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 2020 жылдан бастап «Атамекен» Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы бар.

    Дюсенбаев Ғабдолла Болатұлы
    Қызметкерлер

    Дюсенбаев Ғабдолла Болатұлы

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1982 жылы 8 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар (2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша, 2006 жылы «Болашақ» өзекті білім беру институтын «экономика» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 10 жылдан астам уақыттан бері адвокат және «КӨМЕК» адвокаттық кеңсесінің басшысы, кәсіби медиатор, «Атамекен» БПҰ төрағасы. 2018 жылы Қарағанды облысы дзюдо федерациясының Вице-президенті болып сайланды. Кәсіпкерлік қызметпен (құрылыс, көліктік тасымалдау) айналысады. «Almaty bus service» ЖШС директоры. Ғабдолла Болатұлы меценат, бірнеше жыл бойы қайырымдылықпен кеңінен айналысып келеді. Осы қызмет аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Ғабдолла Болатұлының қамқорлығында Қарағанды қаласының дамуы тежелген балалар үйі мен балаларға арналған мектеп бар. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Абай, Шахтинск, Саран қалаларында 7 StreetWorkOut спорт алаңын салды. Мерейтойлық медальдармен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы. Үйленген, төрт баласы бар.

    Зевахин Александр Михайлович
    Қызметкерлер

    Зевахин Александр Михайлович

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1974 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орыс. Білімі-жоғары. 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын «құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік университетін, сол жылы Орталық Қазақстан Академиясын бітірген, «Заңтану» мамандығы бойынша «Заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі бар. Еңбек жолын 1983 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтада 4-разрядты жер асты электр слесарі болып бастады. 1996 жылдан 1997 жылға дейін «МАКИСМ и К» КМК фирмасы, ағаш ұстасы-станокшы болып жұмыс істеді. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды жауынгерлік өнер Федерациясында қауіпсіздік қызметінің күзетшісі, «Каратэ-до» - «Шотокан» мектебінде оқығаннан кейін белбеуі бар. 2000-2005 жылдары «Эфес-Қарағанды» ЖК жақ сыра қайнату зауытында слесарь, технологиялық жабдық операторы болып жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары «Шарк-Дастан» балалар орталығы ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінде электрик болып жұмыс істеді. 2015 жылы «Қарағанды облысының демократиялық күштер коалициясының» мүшесі болып сайланды. Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі-азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Президентінің Қарағанды облысындағы бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Құлыншақ» балалар үйі Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 2006 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатарына, 2011 жылы ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» ҚБ Орталық Комитетінің мүшесі. 2020 жылдың қараша айынан бастап, партия ребрендингінен кейін – «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының бірінші хатшысы. Үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізеді, Қарағанды қаласы әкімінің, түрлі ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдар мен ҚКХП ОК алғыс хаттары бар. «Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағына 90 жыл», «Ұлы Октябрь социалистік революциясына 100 жыл», «БЛКЖО-ға 100 жыл», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан Коммунистік халық партиясына» 15 жыл, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне» естелік медалімен марапатталды. Үйленген. Қызы мен ұлы бар.

    Ибатов Марат Кеңесұлы
    Қызметкерлер

    Ибатов Марат Кеңесұлы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1961 жылы 21 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Мәскеу автомобиль-жол институтын үздік бітірді. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтынан бастады, онда аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, тағылымгер-зерттеуші лауазымдарында жұмыс істеді. 1991 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды политехникалық институтында (бұдан әрі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрағасы, кафедра меңгерушісі, жол-көлік факультетінің деканы, оқу жұмысы жөніндегі проректор, бірінші проректор лауазымдарында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры. 2016 жылдың желтоқсан айында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, 2020 жылдың 30 қарашасынан бастап «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры болып тағайындалды. Докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, Тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі (РФ), барлық әлемдік компаниялар мойындайтын «тау-кен инженері» біліктілігін беру бойынша ЮНЕСКО аясында тау-кен-техникалық білім берудегі халықаралық құзыреттер орталығының сараптамалық кеңесінің мүшесі (Санкт-Петербург Тау-кен университетінің базасында, РФ). 430-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбек, оның ішінде 26 монография, 11 оқулық және 34 оқу құралы жарық көрді, 38 патент пен зияткерлік меншік куәлігінің иегері. Бранденбург техникалық университетінің электрондық оқыту технологиясы мамандығы бойынша дәріс алып (Германия), Халықаралық бизнес академиясының базасында «Қазіргі заманғы ЖОО-нын басқару стратегиясы» курсы бойынша (ҚР), Пенсильвания университеті базасында (АҚШ) «Автономия жағдайында ЖОО-ларды корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері» курсы бойынша, Назарбаев Университеті (ҚР) және Калифорния Университеті (АҚШ) базасында ҚР жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру сертификаттарына ие болды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың төрт бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық Оқу-әдістемелік Бірлестігінің төрағасы, «Университет еңбектері» және «Автоматика және информатика» республикалық журналдарының бас редакторы болып табылады. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттармен (2015 ж., 2016 ж., 2021 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хатымен (2019 ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «ҚарМТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерімен және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының «А. Байтұрсынов атындағы» алтын медалімен марапатталды. 2020 жылы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VII шақырылымдарының депутаты. «Nur Otan» Партиясының мүшесі. Үйленген, 3 баласы бар.

    Исекеев Мәди Сымбатұлы
    Қызметкерлер

    Исекеев Мәди Сымбатұлы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1988 жылы 27 сәуірде Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. Жоғары экономика мектебі - Ұлттық зерттеу институтын 2010 жылы бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ зияткерлік меншік жөніндегі менеджер ретінде бастады, содан кейін 2012-2015 жылдары «Kaznex Invest» ҰК» АҚ экспортты жылжыту қызметінің бас менеджері, 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Атамекен» ҰКП ҚБ - өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, 2016 жылдан 2019 жылға дейін – «Сарыарқа» ӘКК» АҚ, инвесторларға қызмет көрсету орталығының бас менеджері, қазіргі уақытта – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры болып жұмыс істейді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі. Үйленген. Екі қыз тәрбиелеп отыр.

    Калыков Арман Қобыландыұлы
    Қызметкерлер

    Калыков Арман Қобыландыұлы

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

    1973 жылы 31 қарашада Ақмола облысы Ақсу кентінде туған. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсіп, оны 1998 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2011 жылы бітіріп, экономист дипломын алды. Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласы В.И. Ленин атындағы шахтаның тазалау забойының жер асты тау-кен жұмысшысы, өндіру учаскесінің тау-кен шебері болып бастады. 1998-2007 жж. – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД В.И. Ленин атындағы шахтасының өндіру учаскесі бастығының көмекшісі, 2007-2008 жж. – В.И. Ленин атындағы шахта директорының техника қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары. 2008-2010 жж. – «Тентек» шахтасы директорының жер асты жұмыстары жөніндегі орынбасары. 2010-2015 жылдар аралығындағы кезеңде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері және директоры қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД В.И. Ленин атындағы шахтасының директоры болып еңбек етеді. Мемлекеттік және мерейтойлық наградалары бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020 жыл), III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2010) және II дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2015), I дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2019), «Мәслихаттарға 20 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015) марапатталған. Шахтинск қалалық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты, Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VII шақырылымдарының депутаты болып сайланды. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы – қызы және екі ұлы бар.

    Магзумов Арыстан Ғазизұлы
    Қызметкерлер

    Магзумов Арыстан Ғазизұлы

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1973 жылы 25 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының «емдеу ісі» факультетін бітіргеннен кейін Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс істей бастады. 1997 жылдан бастап облыстық клиникалық аурухананың микрохирург-дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2005 жылдан бастап Қарағанды қ. профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникада директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды; 2006 жылы «МОДССХ» КМҚК кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, одан әрі 2007 жылы «Облыстық кардиохирургия орталығы» КМҚК болып қайта аталды, қазіргі уақытта «Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасы» КМК, онда 2012 жылғы 19 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін директор болып жұмыс істейді. Кардиохирургия мамандығы бойынша жақын және алыс шет елдердегі (Ресей, Польша, Батыс Еуропа) клиникаларда мамандандырудан өтті. «Ерен еңбегі үшін» (2015 жыл); «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) медальдарымен, ҚР Парламенті Сенатының Алғыс хатымен-2019ж., «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) медалімен марапатталған. Мағзұмов Арыстан Ғазизұлы Қазақстанда аорто-коронарлық шунттау операциясын жүргізген алғашқы кардиохирургтардың бірі болып табылады. Кардиохирургия саласындағы барлық жаңа әзірлемелерді тәжірибеде тамаша қолданады. Партияның сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша аймақтық партиялық куратор болды. Облыстық мәслихаттың VI және VII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

    Махатчина Мира Атамалқызы
    Қызметкерлер

    Махатчина Мира Атамалқызы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1965 жылы 09 қазанда Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Төрт жоғары білімі бар: Қарағанды экономикалық университетінің жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша, Қарағанды Экономикалық Университетінің экология мамандығы бойынша, Орталық Қазақстан Академиясының заңгер мамандығы бойынша (құқықтану) бітірген, Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша (4 курс) оқиды. Еңбек өтілім 35 жылдан асады. Еңбек жолын 1985 жылдан бастап орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. Одан кейін кәсіпкерлікпен айналысып, «Ерболат» ЖК директоры болды. 2003-2004 жылдары-қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры, 2004 жылдан 2011 жылға дейін «Аспандау» ЖК кәсіпорны директорының орынбасары, 2011 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кадрлар жөніндегі инспектор, сонымен қатар қоғамдық қайырымдылық қорындағы атқарушы директор қызметін қоса атқарды. 2019 жылдан бастап Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып жұмыс істейді 20 жылдан астам қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады: бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы, бастауыш партия ұйымының төрағасы; барлық деңгейдегі депутаттарды сайлау жөніндегі комиссияның мүшесі, «Nur Otan» партиясы Октябрь ауданы филиалының сайлауалды штабының төрағасы, Октябрь ауданы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» облыстық филиалы Кеңесінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшесі. Марапаттары: «Ел ардақтысы» медалі- «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі (International Kazakh Creative Assosiation), «NurOtan» партиясының төсбелгісі - «Белсенді қызметі үшін», Қазақстан Республикасының Елбасы және Президентінің Алғыс хаттары, орман және жануарлар әлемін қорғау Комитетінің Құрмет грамотасы, облыстық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Қызы бар.

    Нигматулин Арғын Зайруллаұлы
    Мәслихат депутат

    Нигматулин Арғын Зайруллаұлы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1955 жылы 28 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар, 1977 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астында игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді; 2000 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі бар (1986 жыл). 1977 жылдан 1996 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында басшылық лауазымдарды атқарды; 1996 жылдан 1997 жылға дейін Қарағанды қаласының Ленин және Кеңес ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді; 1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директоры болып жұмыс істеді; 2007 жылдың сәуірінен 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры болды. Қазіргі уақытта белсенді қоғамдық қызметпен айналысады. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Фемидаға адал қызметі үшін», «Белсенді қызметі үшін» төс белгілерімен марапатталған, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» атақтары бар. Бокстан Қазақ КСР чемпионаттары мен біріншіліктерінің, бүкілодақтық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. А.З. Нигматуллин облыстық мәслихаттың V, VI, VII шақырылымдарының депутаты болған.

    НҰрқазов Ойрат Серікұлы
    Қызметкерлер

    НҰрқазов Ойрат Серікұлы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1981 жылы 24 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (2002 жылы) «құқықтану» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Қазыбек би аудандық прокуратурасында бөлім прокуроры қызметінен бастаған. 2005 жылдан 2011 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2011 жылы – «Қарағанды облысы бойынша бокс федерациясы» ҚБ президенті. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін –«Бахус-Автоорталығы компаниясы» ЖШС Бас директоры. VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты. Көптеген Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік депутат» медалімен (2020 жыл) марапатталған. Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бокстан Азия чемпионатының жүлдегері. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің, «Қазақстан спортшылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Ақ жол» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы - бір ұлы және екі қызы бар.

    Оспанова Қадиша Базарбайқызы
    Қызметкерлер

    Оспанова Қадиша Базарбайқызы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1959 жылы 19 тамызда Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Омбы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауысып, оны бітірді, онда 30 жыл жұмыс істеді, еңбек жолын кафедраның ассистентінен бастады, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор болып жұмыс істеді. 1991 жылы кандидаттық, 2003 жылдың ақпанында докторлық диссертация қорғады, медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылыми атағы бар. 2004 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, 2006 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің және партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2003 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, 2007 жылдан бастап облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты болып сайланды. Израильде, Венгрияда, АҚШ-та, Польшада басқару менеджменті және басқару психологиясы бойынша оқудан өтті. «Құрмет» орденмен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын Дәрігер» төс белгілерімен марапатталған. Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.

    Прокоп Георгий Георгиевич
    Қызметкерлер

    Прокоп Георгий Георгиевич

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

    1950 жылы 11 қарашада Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген. Неміс. Мектепті бітіргеннен кейін, 1968 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1973 жылы бітіріп, ауыл шаруашылығының инженер-механигі дипломын алды. Еңбек жолын 1965 жылы Целиноград облысы Вишневский ауданы «Вячеславский» кеңшарында машина-трактор паркінде жұмысшы, тракторшы, меңгеруші болып бастаған. 1975-1976 жылдары «Вячеславский» кеңшарында бас инженер, 1976-1986 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданы «Черниговский» кеңшарында бас инженер қызметтерінде жұмыс істеді. Отыз жылдан астам уақыт Қарағанды облысы Нұра ауданының «Шахтер» кеңшарында, кейін «Шахтер» ЖШС-да жұмыс істеп, қазіргі уақытта директор болып жұмыс істейді. Бірнеше рет аудандық мәслихаттың депутаты, Қарағанды облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Партияның Нұра филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі болып сайланды. Нұра ауданының меценаты және демеушісі. Ауылда лайықты еңбек ауысымының тәлімгері және тәрбиешісі. Мемлекеттік және мерейтойлық наградалары бар. «Құрмет» орденімен (1999), «Парасат» орденімен (2006), «Отан» орденімен (2014), КСРО ХШЖК Алтын медалімен (1979), КСРО ХШЖК қола медалімен (1980), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1982), «Тыңға 50 жыл» медалімен (2004), «10 жыл Астана» медалімен (2008), I дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен (2010 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «Бірлік» медалімен (2013), «Нұр Отан партиясына 15 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015) марапатталған. Нұра ауданының және Қарағанды облысының Құрметті азаматы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, ұлы бар.

    Тукбаева Айман Бекбулатқызы
    Қызметкерлер

    Тукбаева Айман Бекбулатқызы

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

    1956 жылы 30 мамырда Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Қазақ. Білімі жоғары, Украинаның Черкасск педагогикалық институтының филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1977-1979 жж. – Озерный орта мектебі, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу және тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; 1979-1982 жж. – Приозерск аудандық комсомол комитетінің хатшысы; 1982-1983 жж. – Приозерск аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1983-1985 жж. – Приозерск аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі; 1985-1987 жж. – Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы; 1987-1991 жж. – Приозерск аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; 1991-1992 жж. – Приозерск аудандық білім бөлімінің меңгерушісі; 1992 жылдан осы уақытқа дейін – Ақтоғай ауданы «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай» кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-нің директоры. А.Б. Түкбаева ҚР Үкіметінің жанындағы 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, халықаралық, республикалық білім беру және ғылыми форумдары мен съездеріне үнемі қатысып тұрады. Облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты, 2021 жылы Қарағанды облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының төрайымы болып сайланды. А.Б.Түкбаева көптеген республикалық және халықаралық форумдардың: ҚР ұстаздарының ІІІ съезі, ТМД елдері білім қызметкерлерінің І съезі, «Нұр Отан» партиясының XII, XІІІ, XIV, ХV сьездері, Қазақстан әйелдерінің І съезі, «Қанатты әйел» Республикалық Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің қатысушысы. А.Б.Түкбаева портреті еліміздің Тұңғыш Президенті мұражайы Қазақстанның 100 үздік әйелдері фотоэкспозициясына, 2010 жылы А.Б. Түкбаева туралы очерк «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енді. 2013 жылы облыстық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» патриоттар форумының жүлдегері атанды. «Nur Otan» партиясының 50 тұлғасы» партиялық байқауының жеңімпазы. «Құрмет» орденімен (2017 ж); «Ерен еңбегі үшін» (2007ж.) медальдарымен, аудандық білім бөлімдерінің, Тоқырауын және Ақтоғай аудандары әкімдерінің грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1997ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006ж.), «Ерен еңбегi үшiн» (2007ж.), «Ы.Алтынсарин» (2008ж.), «10 жыл Астана» (2008ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.) белгілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хатына және дипломына (2005ж.) ие болды. 2006 жылы Қазақстанның 100 үздік әйелдерінің құрамына кірді. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Құрмет грамотасы (2014ж.), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Астана 20 жыл» (2018ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» (2019ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) марапаттарының иегері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Тұрмыста, қызы бар.

    Турмухамбетова Анар Акылбековна
    Қызметкерлер

    Турмухамбетова Анар Акылбековна

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1969 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ. 1986 жылдан 1992 жылға дейін Қарағанды Мемлекеттік медицина институтында оқыды. Медицина ғылымдарының докторы. 1992 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтының №2 ішкі аурулар кафедрасының клиникалық ординаторы, ассистенті. 2000 жылдан 2002 жылға дейін Қарағанды қаласының №2 қалалық емханасының ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері. 2002 жылдан 2008 жылға дейін Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласындағы Республикалық диагностикалық орталықтың сәулелік диагностика және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласындағы травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды медицина университетінің стратегиялық жоспарлау және ғылым жөніндегі проректоры. «"Қазақстан Республикасы денсаулық ісінің үздігі» төсбелгісімен (2007 ж), «Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014 ж), ҚР Құрмет грамотасымен (2016 ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен (2020ж.) марапатталған. Белсенді қоғамдық және азаматтық ұстанымға ие. «Ауыл» партиясының мүшесі. Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.

    Өтеубаев Талғат Бабашұлы
    Қызметкерлер

    Өтеубаев Талғат Бабашұлы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1962 жылы 9 қаңтарда Целиноград облысы Ерментау қаласында дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары – инженер-механик (Целиноград инженерлік-құрылыс институты, 1985 жыл, Целиноград қ.), заңгер (Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1995 жыл, Қарағанды қ.), іскерлік әкімшілік магистрі (ҚР ІІМ Академиясы, 2001 жыл, Алматы қ.), докторантура (Ақпараттық жүйелер және менеджмент университеті - ISMA, (2014-2017 жыл, Рига қ., Латвия), PhD докторы (Д. А. Ценов атындағы экономика академиясы, 2018 жыл, Болгария). Еңбек жолын 1979 жылы Көкшетау облысы Талшық кентінің АКК-да бастады, автослесірден осы автокөлік кәсіпорнының бас инженеріне дейін еңбек жолын өтті. 1990-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 1997 ж. Қарағанды облысының Саран ҚІІБ басқарды, 2001 ж. ҚР ІІМ академиясын бітіргеннен кейін Қарағанды қаласының ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылдың сәуірінен бастап «Саранрезинотехника» ААҚ конвейер ленталарын және өзге де резеңке техникалық бұйымдарды өндіруші кәсіпорынның вице-президенті болып жұмыс істеді, 2003 жылдың қазанында «Сараньрезинотехника» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, 2005 жылдың шілдесінде «Карагандарезинотехника» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалды. 2006 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Eurasian Industrial Chemical Group Бас директорымы. «Құрмет» орденімен (2013 жыл), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының медальдарымен және төс белгілерімен марапатталды. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген. Балалары мен немерелері бар.

    Шиллер Марина Васильевна
    Қызметкерлер

    Шиллер Марина Васильевна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1980 жылы 4 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орыс. Білімі жоғары. 2006 жылы «Лингва» тіл және аударма институтын бітірді. 2008 жылы-«Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2004 жылы «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ Қарағанды облыстық филиалында менеджер болып бастады. Жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2018 жылы Атамекен ӨКП Іскер әйелдер кеңесін басқарды. Теміртау қаласында қазіргі уақытта осы кеңестің төраға болып жұмыс істейді. Оқытушылық қызметпен белсенді айналысады - Қарағанды қаласының коммерциялық колледжінде шақырылған оқытушы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалында шақырылған лектор. «Про бизнес Оқу орталығы» ЖШС Оқу орталығының басшысы. Белсенді қоғамдық және азаматтық ұстанымға ие. Қазақстан халқы Ассамблеясымен әлеуметтік кәсіпкерлік және медиация бағытында ынтымақтасады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен волонтерлерді жаттықтырушы ретінде оқытып, стартапжобалар бойынша Аstana Hub-пен ынтымақтастық орнатты. «Ақ жол» партиясының мүшесі. Тұрмыста, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

    Штергер Жанна Филипповна
    Қызметкерлер

    Штергер Жанна Филипповна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1969 жылы 6 қарашада Көкшетау қаласында туған. Неміс. Екі жоғары білімі бар. 1993 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2007 жылы Қарағанды экономикалық университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша оқып бітірген. 2014 жылы - Манчестер бизнес мектебі, ICA Compliance халықаралық дипломын алды. Заңгер, қаржы бакалавры, Compliance-офицер. Прокуратура органдарында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын Шахтинск қаласының прокуратурасында бастады, 1993 жылдың қыркүйегінен 1995 жылдың ақпанына дейін Шахтинск қаласы прокуратурасының тергеушісі, содан кейін аға тергеушісі болып жұмыс істеді. 1995 жылы Қарағанды облысының прокуратурасына басқарманың аға прокуроры болып ауыстырылды. 2002 жылдың сәуірінен 2013 жылдың наурызына дейін 11 жыл бойы Қарағанды облысының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, прокуратура аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. Отставкадағы әділет кеңесшісі. 2013 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыс істейді. Қазіргі уақытта заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөлімін басқарады. Мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық марапаттары бар: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»-2020 жыл; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы, 1-дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы. Тұрмыста.

    Экзеков Дулат Турсунович
    Қызметкерлер

    Экзеков Дулат Турсунович

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1974 жылы 30 маусымда Қарағанды облысы Молодежный ауданы Дальнее ауылында туған. Қазақ. Үш жоғары білімі бар. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, 2006 жылы заңтану мамандығы бойынша және 2017 жылы «Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін оқып бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы «Ертіс-Қарағанды» каналы мекемесінде СЕЖДЦ ҚАПБ пайдалану жөніндегі токарь болып бастады. Содан соң 12 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығымен шұғылданды – «Талап» және «Сарыарқа» шаруа қожалықтарын басқарды. 1996 және 1997 жылдары Қарағанды облысы Молодежный ауданының Салық бөлімінде салық инспекторы, аға салық инспекторы болып жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары «СельЭнерго» АООТ мекемесі директорының экономика жөніндегі орынбасары жұмысын атқарды. 12 жылдан астам уақыттан бері Қ.Сәтбаев атындағы каналда қызмет етеді, 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы Қарағанды пайдалану басқармасының бастығы. Осакаров аудандық мәслихатының төртінші шақырылымының депутаты (2007). Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VIІ шақырылымының депутаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған (2016ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» құрметті депутаты (2020ж.) Бірнеше рет «НұрОтан» партиясының, Қарағанды облысы әкімінің және өзінің жұмыс саласында Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы бар.

    Башай Меруеш
    Қызметкерлер

    Башай Меруеш

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, депутат Меруеш Башайқызы 12 желтоқсанда 1974 жылы Моңғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1990-1993 жылдары Педагогикалық колледжді мұғалім мамандығымен 2001-2005 жылдары Монғолияның Ұлан-Батор қаласындағы Мәдениет-Өнер университетін театрдың қоюшы режиссері 2014-2017 жылдары ҚАРТУ Экономика-менеджмент факультетін «Экономист- менеджер» мамандығымен оқып бітірді. 2021- жылдан қазірге дейін Е.Бөкетов атындағы заң факультетін юриспруденция бойынша оқып жатыр. Биыл оқу орнын аяқтайды. Монғолия және Қазақстан республикасында өткен көптеген халықаралық және республикалық әншілер байқауларының лауреаты. Атап айтқанда: 1996 жыл – Монғолия республикасының жастар фестивалінің «Алтын медаль» жүлдегері, 2004 жыл – «Монғолияның ХХ ғасыр таңдаулы әншісі» атағы, 2004 жыл – Дорджцерен атындағы конкурстың лауреаты, 2004 жыл – Монғолияның мәдениет қайраткері, 2006 жыл – Монғол халық әндері байқауының лауреаты, 2005 жыл – Моңғолияда Дуэт әншілер бәсекесінің лауреаты, 2007 жыл - Тараз қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы халықаралық әншілер байқауының бас жүлдегері, 2008 жыл – Оңтүстік Қазақстанда өткен оралмандар фестивалінің лауреаты, 2009 жылы жоғары шеберлігі үшін М.Башай Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» атанды, 2011 жылы Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына орай өткізілген Қасым әндері байқауының лауреаты. 2012 жыл - Облыс әкімінің «Халық әндерінің үздік орындаушысы» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйлығы иегері атанды, 2019 жылы Пандемия жағдайына байланысты халыққа көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін Ел президентінің «Алғыс хатымен», 2020-жылы Президент Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының «Конституциясының-25 жылдық» мерекелік медалімен, 2020 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының-25 жылдық мерекелік меделімен марапатталды. 2021 жылы «Ел тәуелсіздігі-30 жылдық» мерекелік меделінің иегері, 2021 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен «Халық алғысы» медалі марапатталды. Атқарған қызметтері: 1993-1996 жылы Моңғолияның Баян-Өлке аймағының Музыкалық Драма театрында әнші, 1996-2001 жылдары Баян –Өлке аймағының, Бұғылы 10 жылдық мектебінде мұғалім. 2001-2005 жылы Моңғолиядағы Қазақ музыкалы драма театрында әнші-актриса, 2005-2008 жылдары Моңғолияның Баян-Өлке аймағының Қазақ музыкалы драма театрының бас режиссеры болды. Осы уақытта Моңғолия және Қазақстан және шетел жазушыларының драмасын және опералық қойылымдар сахналады. Мәселен: А.П.Чехов «Ағайындылар» Ғ.Мүсірепов «Қозы көрпеш-Баян сұлу».Ш,Рахметұлы «Кесік қол келіншек», Лувсаншарав «Ұлы ханның Ханымдары» операсы т.б қойылымдарды сахналап халық көпшіліктен жоғары баға алды. 2008 жылдан қазірге дейін Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің әншісі, 2018 жылдан бастап Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы Республикалық қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облысы бойынша филиал басшысы болып әлемнің түпкір –түпкірінен келген қандастарға көмегін көрсетіп келеді. 2019 жылдан қазірге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне бағынышты «Отандастар қоры» КеАҚ ақпараттық және құқықтық көмек көрсеткен кеңесші және бас сарапшысы. Меруеш Башайқызы Жапония, Корея, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Ресей, Моңғолия,т.б елдер Қазақстанымыздың барлық облыстарында халық көпшілікке өз өнерін тамашалатты. Алты баланы тәрбиелеп ртырған көп балалы ана «Күміс алқа иегері». Жолдасы Ерлан Бақтыгерей Әбдінәбиұлы. Ол Қарағанды облыстық «Тәттімбет» атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижеры. Елімізге оралған құжатын алып үлгермеген, азаматтығы жоқ, құжатын жоғалтып алған 6000 (алты мыңға) жуық құжатсыз қандастарымызды құзырлы мекемелермен, шет ел консулдықтарымен бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде құжаттандыпуға, Қазақстанның толыққанды азаматы болуға құқықтық көмек, қолдау көрсетті. 2012 жылдан «Amanat» партиясының мүшесі.

    Ескалиева Алтынай Тукеновна
    Қызметкерлер

    Ескалиева Алтынай Тукеновна

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1967 жылы 31 шілдеде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Шобанкөл кентінде дүниеге келдім. Қазақпын. Білімім жоғары. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірдім. 2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірдім. 2012 жылы «Қаржы академиясы» АҚ бітіріп, менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алдым. 2008 жылы Томск қаласында (Ресей) «Психикалық денсаулық» ҒЗИ кандидаттық диссертациясын қорғадым. Ресей Федерациясының медицина ғылымдарының кандидатымын. ҚР БҒМ-де дипломды нострификациядан өткіздім. Қазақстан Республикасының медицина ғылымдарының кандидаты 1993-1997 жылдары еңбек жолымды Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов атындағы совхозда терапевт дәрігері ретінде бастадым. 1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін Әулиекөл аудандық орталық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істедім. 2001 жылдан бастап Қарағанды қаласының Облыстық медициналық орталығында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істедім. 2002 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облыстық наркологиялық орталығында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. 2009-2011 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Облыстық мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесі» КМҚК директоры болып жұмыс істедім. 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелерінің республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалдым және 2015 жылға дейін жұмыс істедім. 2015 жылдан бастап Қарағанды облысының ДСБ «Теміртау қаласының № 4 емханасы» КМК директоры болып жұмыс істеймін. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталғанмын. АМАNАТ партиясынан Теміртау қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутатымын (2021-2025 жылдары). «AMANAT» партиясының мүшесімін Жесірмін. Менің ұлым мен қызым, төрт немерем бар.

    Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы
    Қызметкерлер

    Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі 1975 жылы 7 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарқұдық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Филология ғылымдарының кандидаты 2007ж. 1999 жылы академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетін "Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" және 2016 жылы "Мемлекттік және жергілікті басқару" мамамандықтары бойынша тамамдаған. 1999-2000 жылдары Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалім. 2000-2001 жылдары Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университеті қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті. 2001 жылдан бері Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынын бастап университет доценті. 2002-2005 жылдар аралығында аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде оқыды. 2012 жылы «Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу тарихы» деген монографиясы жарық көрді. 100 жуық ғылыми мақаланың авторы 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы, термешілер мектебінде жетекшілілік және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық одағының» Қарағанды облысы филиалының өкілі қызметін атқарады. 03.2020-09.2022 аралығында Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасы "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кенсесінің басшысы қызметін атқарды. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері. 2012 жылы Республикалық Ардагерлер Кеңесі тағайындаған Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Алашорда үкіметі мен Алаш автаномиясының 100 жылдығының құрметіне арналған медальмен марапатталды. «Қазақ әдебиетін дәуірлеутарихы» монография, ЖШС «Тенгри», 2015.-Б.145, «Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (1968-1984 жылдардағы еңбектер негізінде)» (2015) атты оқу-әдістемелік құралы Қарағанды: ЖШС «Арко», 2015., -Б.245, «Бұқар жырау тағылымы» ғылыми жинақ Қарағанды: ЖШС «Тенгри», 2015.-Б.464, «Даналық дидары» ғылыми жинақ Қарағанды: ЖШС «Арко», 2015.-Б.144, «Жұмабек Ташенев» әдеби жинақ ЖШС «Тенгри», 2021.-Б.292 әдеби және ғылыми жинақтардың авторы. «Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы» 2019 ж., «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 2019 ж. мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері 2021ж. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Бірнеше аймақтық, Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. «AMANAT» партиясының мүшесі. «AMANAT» партиясының облыстық "Мирас" қоғамдық кеңес мүшесінің төрағасы. Отбасылы, 4 баланың әкесі.

    Қожахметова Ләззат Таймырқызы
    Қызметкерлер

    Қожахметова Ләззат Таймырқызы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік -мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі 1976 жылдың 28 тамызында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шабанбай селосында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары, 1997 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді, әлеуметтану ғылымдарының магистрі. 2018 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану және журналистика факультетін PhD дәрежесі бойынша бітірді. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында журналист болып қызмет істеді. Республикалық «Нехабар» газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, республикалық http://abctv.kz сайтының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, республикалық http://bnews.kz/kz ақпараттық агенттігінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, республикалық http://munara.kz ақпараттық порталының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облысының ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының оқытушысы, Қарағанды қаласындағы «5 канал» телекомпаниясында тілші, Қарағанды қаласының ІІБ баспасөз қызметі инспекторы, Қарағанды қалалық «5 канал» тілшісі, Қарағанды қалалық «ART-TV» телекомпаниясында тілші болған. 2014-2021 жылдар аралығында республикалық «Айқын» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, 2021-2022 жылдар аралығында « Qaraghandy Habary» газетінің бас редакторы болды. 2020-2022 жылдар аралығында Президент жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Президент жанындағы Жоғары кеңестің Әлеуметтік комитетіне мүше болды. Сенат жанындағы Әлеуметтік комиссия жанындағы жұмыс тобына мүше болды. 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының» директоры. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі. 2020 жылы Қарағанды облысы әкімінің журналистерге арналған «Алтын сұңқар» сыйлығын «Белсенді өмірлік ұстаным үшін» номинациясы бойынша иеленді. 2021 жылғы Қарағанды қаласы әкімінің қаланы дамытуға арналған «Замандас» сыйлығын «Ұстаным» номинациясы бойынша иеленді. Президент Қ.Тоқаевтың, «Amanat» партиясының төрағасы Е.Қошановтың Алғысхат иегері. 2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2021 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған. «Amanat» партиясының мүшесі. Тұрмыста, төрт баласы бар.

    Оспанова Қадиша Базарбайқызы
    Қызметкерлер

    Оспанова Қадиша Базарбайқызы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, депутат 1959 жылы 19 тамызда Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Омбы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауысып, оны бітірді, онда 30 жыл жұмыс істеді, еңбек жолын кафедраның ассистентінен бастады, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор болып жұмыс істеді. 1991 жылы кандидаттық, 2003 жылдың ақпанында докторлық диссертация қорғады, медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылыми атағы бар. 2004 жылдан бастап «Amanat» партиясының мүшесі, 2006 жылдан бастап «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің және партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2012 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін «Amanat» партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылғы қаңтардан бастап облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы. 2003 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, 2007 жылдан бастап облыстық мәслихаттың бес шақырылымының депутаты болып сайланды. Израильде, Венгрияда, АҚШ-та, Польшада басқару менеджменті және басқару психологиясы бойынша оқудан өтті. «Құрмет» орденмен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын Дәрігер» төс белгілерімен марапатталған. Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.

    Халилин Ерден Балтабайұлы
    Қызметкерлер

    Халилин Ерден Балтабайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасының орынбасары 1967 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Рассвет ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары, 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «дене тәрбиесі» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Кеңес әскерінің қарулы күштері қатарында қызмет етті. 1990 жылдан 2001 жылға дейін Қарағанды облысының «самбо» күресінен жаттықтырушы, аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін «Жас сұңқар» спорт мектебінің директоры. 2003 жылдан 2008 жылға дейін облыстық спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы, Қарағанды облысы бойынша жекпе-жек өнері қауымдастығының басшысы. 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамырына дейін VII сайланған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым (2021-2025 жылдар). 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты болды. 2006 жылы самбодан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. 2013 жылы «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» атағымен, 2008 жылы «10 жыл Астана», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. «Amanat» партиясының мүшесі. Үйленген, бес баласы бар.

    Шалабаева Зара Хамитовна
    Қызметкерлер

    Шалабаева Зара Хамитовна

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, депутат 1983 жылы 15 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты-қазақ. Тұрмыста, үш баласы бар. 2004 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Экономикалық қызмет саласындағы заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2006-2008 жылдары – «Юраудит» ЖШС заңгер. 2008-2018 жылдары – «Зигер Караганда» ЖШС заңгер. 2018 жылдан бастап «Оптимус КЗ» ЖШС заңгер болып жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап «Қарағанды қаласының мейірімділік клубының» басшысы болып табылады. «Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» ЗТБ мүшесі. 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Жаңа Қазақстан» Азаматтық одағы» ҚБ төрағасы. 2021 жылы VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутат болып сайланды. Марапаттары: «Халық алғысы» медалі, «Халыққа қызмет ету» номинациясы бойынша Замандас сыйлығы.

    Коновалов Михаил Александрович
    Қызметкерлер

    Коновалов Михаил Александрович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Дата рождения: 11 ноября 1984 года Место рождения: г.Темиртау Семейное положение, родственные связи: Женат, 1 ребёнок Образование, специальность (квалификация), лицензии: · Карагандинский государственный технический университет (2007), бакалавр «Менеджмент» · Карагандинский государственный индустриальный университет (2018), магистр «Экономика» Трудовой стаж: Агент по продажам банковских продуктов, ведущий специалист по мониторингу, главный специалист по работе с проблемными кредитами, заведующий сектором по работе с просроченными кредитами РБ ТФ АО «БТА Банк» г.Темиртау (2007-2013); Главный администратор, руководитель плавательного бассейна КГКП «Спортивный клуб «Темиртау» г.Темиртау (2013-2015); Помощник директора ТОО «Имсталькон-Темиртау» (2016-2017); Руководитель отдела механизации ТОО «Центрпромстрой» (2017-2018); Директор ТОО «АвтоТехЦентр-Азия» (2018-2021); Заместитель председателя комитета совета директоров по управлению активами группы компаний АО «Имсталькон» (2021-2022); Финансовый директор ТОО «АвтоТехЦентр-Азия» (настоящее время) Выборные должности, депутатство: Депутат Темиртауского городского маслихата (VI-VII созывов); Член партии «Nur Otan» (2012-2022), «Amanat» (с 2022) Государственные и международные награды, премии, почетные звания: · Қазақ халқы Ассамблеяссының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, Юбилейные медали «25 лет маслихатам Казахстана», «25 лет Ассамблеи Народа Казахстана», «30 лет Национальной гвардии», благодарственные письма Первого Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева, акима Карагандинской области Ж.Касымбек, акима г.Темиртау К.Бегимова, акима г.Темиртау Г.Ашимова и др. благодарственные письма и почетные грамоты. Воинская служба, воинские и специальные звания, классные чины: · Военная кафедра при КарГТУ (2004-2006), лейтенант запаса.

    Нұрқазов Ойрат Серікұлы
    Қызметкерлер

    Нұрқазов Ойрат Серікұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі 1981 жылы 24 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (2002 жылы) «құқықтану» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Қазыбек би аудандық прокуратурасында бөлім прокуроры қызметінен бастаған. 2005 жылдан 2011 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2011 жылы – «Қарағанды облысы бойынша бокс федерациясы» ҚБ президенті. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін –«Бахус-Автоорталығы компаниясы» ЖШС Бас директоры. VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты. Көптеген Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік депутат» медалімен (2020 жыл) марапатталған. Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бокстан Азия чемпионатының жүлдегері. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің, «Қазақстан спортшылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Ақ жол» партиясының мүшесі. Үйленген, үш баласы - бір ұлы және екі қызы бар.

    Серикұлы Жан
    Қызметкерлер

    Серикұлы Жан

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Дата рождения: 13.11.1988 Место рождения: г.Караганды Семейное положение, родственные связи: Женат, четверо детей Образование, специальность (квалификация), лицензии: · 2005-2009 - Карагандинский высший политехнический колледж, технология приготовлений пищи · 2013-2015 - Колледж Экономики Бизнеса и Права г.Караганда 2016-2019 - Карагандинский университет Казпотребсоюза, финансы 2020-2021 - Карагандинский университет Казпотребсоюза, юриспруденция Трудовой стаж: · 2009-2012 - менеджер государственных закупок в частных учреждениях · 2012-настоящее время - директором компаний ТОО «KZHS GROUP» Выборные должности, депутатство: · Депутат Карагандинского областного маслихата с 30.03.2023 года, член постоянной комиссии по бюджету и развитию местного управления и самоуправления.

    Токсамбаев Гамаль Сайляуович
    Қызметкерлер

    Токсамбаев Гамаль Сайляуович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    КРАТКИЕ СВЕДЕНИЯ О КАНДИДАТЕ Дата рождения 22 апреля 1975 г. Адрес проживания г.Караганда, проспект Шахтеров 60, кв 93 Национальность казах Пол муж Государственные награды (какие, год награждения) Медаль «Ерен еңбегі үшін» Партийные награды (какие, год награжд.) - Юбилейные медали (какие, год награждения) «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі в 2013 г. Ученая степень, ученое звание - Дата вступления в партию « AMANAT » 30.01.2023 № удостоверения члена партии « AMANAT » №01660395 ОБРАЗОВАНИЕ Год поступ. Год оконч. Название учебного заведения, город, страна Специальность 1992 1998 Карагандинская Государственная медицинская академия, г.Караганда, РК Лечебное дело ОПЫТ РАБОТЫ ММ.ГГ ММ.ГГ Должность (полное наименование), место работы,местонахождение организации 03.08.1998 25.07.2000 Врач-хирург - медико-санитарная часть г.Шахтинск, Карагандинская обл, г.Шахтинск 03.08.2000 31.03.2009 Врач-хирург КГП «Областная клиническая больница», г.Караганды 01.04.2009 28.03.2011 Главный специалист отдела организации стационарной помощи Управление здравоохранения Карагандинской области 01.05.2011 04.11.2011 Главный специалист Медицинского управления «Казахмыс», г.Караганды 07.11.2011 24.10.2016 Заместитель директора по лечебной части КГП «Областной медицинский центр» 24.10.2016 02.04.2019 Директор КГП «ЦРБ г.Сарань», Карагандинской области, г.Сарань 02.04.2019 Заместитель руководителя УЗКО по профилактической работе, ГЗ и ЧС 29.03.2021 03.05.2022 Руководитель Управление здравоохранения Карагандинской области 03.05.2023 Директор КГП на ПХВ «Многопрофильной больницы №3 г.Караганды» ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ Являетесь ли Вы ( выделить нужное) : ˜ Членом Бюро Политического Совета (партии/РФП/ТФП/ППО) ˜ Председатель ППО ˜ Членом ЦКРК / КРК (выбрать нужное) ˜ Депутатом маслихата областного/городского/районного уровней ˜ Членом консультативно-совещательных органов при партии (указать наименование КСО) ˜ Руководителем партийной группы ˜ Членом пула спикеров Сведения о судимости Не имеет

    Алимжанов Арман Жаканович
    Қызметкерлер

    Алимжанов Арман Жаканович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1989 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген . 2011 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін " Сәулетші " мамандығы бойынша бітірген . 2009-2011 жылдары " Парасат Сервис " ЖШС құрылыс бөлімінің маманы болып жұмыс істеді . 2011 жылдан 2012 жылға дейін " Саран қаласының сәулет және құрылыс бөлімі " ММ бақылау инспекторы қызметін атқарды . 2012-2013 жылдары Нұрсұлтан қ . " Шаңырақ " ЖШС сәулетшісі болып жұмыс істеді . 2013 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қ. " Стройком Астана " ЖШС бас сәулетшісі болып жұмыс істеді . 2013-2016 жылдары Нұрсұлтан қ . " NEMO ANIMATION " анимациялық студиясының жетекшісі болып жұмыс істеді . 2015-2016 жылдары Қарағанды қ. " ASYLTAL PRODUCTION " ЖШС компаниясының басшысы болып жұмыс істеді . 2017 жылдан бастап " АRMANFILMS " киностудиясының негізін қалаушы және жетекшісі . 2022 жылдан бастап - " STARTKINO " қауымдастығының төрағасы . Жобаның негізін қалаушы және " STARTKINO " кинотеатрында жастар шығармашылығын және компьютерлік технологияны дамыту жөніндегі қоғамдастық төрағасы . Қазақстан Республикасының лауреаты , Қазақ Ұлттық домбыра аспабында ойнаған " Абай жолы " фестивалінің жеңімпазы . Әбу Даби , БАӘ -нің " ART HOLIDAYS " II Халықаралық өнер байқауында диплом және куб - кристалмен марапатталған . " 3D " мектеп - студиясының компьютерлік графика және анимация саласындағы маманы Ресей , Екатеринбург қ . " Рухани Жаңғыру "Т арихи - мәдени мұрасын дамытуға қосқан үлесі үшін " дипломымен марапатталған . " ЕҚЫҰ - дан " қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдерді "Д амытуға қосқан үлесі үшін " сертификаты бар . Кинорежиссер , сценарист және фильм продюсері : Бұқар Жыраудың 350 жылдығын мерекелеу күніне орай " КӨМЕКЕЙ ӘУЛИЕ " деректі - көркем фильмі ; Арық . " ояну / ояну " фильмі ; Арық . " Аншы " фильмі ( мобильді кино ) ; Арық . " Бірінші толқын " фильмі ; Арық . " ЯМА " фильмі ( мобильді кино ) ; " ULTIMA " мобильді киносы ; Арық . " ӨМІР ҚҰНЫ / өмір бағасы " фильмі . " АСЫЛМҰРА " кітабының авторы.

    Ляпунов Андрей Васильевич
    Қызметкерлер

    Ляпунов Андрей Васильевич

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Дата рождения 18.07.1969 г. Адрес проживания Карагандинская обалсть, г.Караганда ул.Комиссарова дом 20/5 Национальность русский Пол мужской Государственные награды (какие, год награждения) Медаль «Электр энерегетикасы саласына қосқан үлесі үшін» (удостоверение №077, выдано приказом №790-ж от 08.12.2017г.) Медаль «Ерен еңбегі үшін» ко Дню Независимости Республики Казахстан от 29.11.2019г. Заслуженный энергетик СНГ 2010 г. Партийные награды (какие, год награжд.) Благодарность за участие в организации выборов Президента РК 2019 г. от Председателя городского предвыборного штаба кандидата К.Токаева Юбилейные медали (какие, год награждения) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 г.) Ученая степень, ученое звание не имеет Дата вступления в партию « AMANAT » 21.07.2009 г. № удостоверения члена партии « AMANAT » №0742932 ОБРАЗОВАНИЕ Год поступ. Год оконч. Название учебного заведения, город, страна Специальность 1998 г. 2001 г. КарГУ им.Е.А.Букетова, г. Караганда Инженер физик –теплоэнергетик 2006 г. 2008 г. Алматинская академия экономики и статистики, г.Караганда Экономика ОПЫТ РАБОТЫ ММ.ГГ ММ.ГГ Должность (полное наименование), место работы,местонахождение организации 04.1988г. 11.1988г. Машинист-обходчик Карагандинской ТЭЦ (контроль за работой оборудования, обеспечивая его надежную и экономичную работу); Машинист-обходчик Карагандинской ТЭЦ (контроль за работой оборудования, обеспечивая его надежную и экономичную работу); 11.1998г. 07.12.1990г. Служба в советской армии 08.1990г. 03.04.2006г. Начальник смены турбинного цеха Карагандинской ТЭЦ Начальник ПТО ТОО «Караганды Жылу» 04.2006г. 03.2007г. Директор, технический директор ТОО «Джет-7» 03.2007г. 07.2007г. Генеральный директор ТОО «СтепногорскРемСервис» 07.2007г. 12.2008г. Заместитель технического директора, технический директор ТОО «Караганды жылу» Технический директор, г.Караганда 12.2008г. 10.2010г. Генеральный директор ТОО «Караганда Энергоцент», г.Караганда 10.2010г. 10.2011г. Заместитель акима города Караганды, г.Караганда 10.2011г. 11.2014г. Генеральный директор ТОО «Теплотранзит Караганда», г.Караганда 11.2014г. 05.2017г. Заместитель акима Карагандинской области, г.Караганда 05.2017г. 08.2017г Генеральный директор ТОО «Усть-Каменогорская ТЭЦ» 08.2017г. по настоящее время Генеральный директор ТОО «Караганда Энергоцентр» , г.Караганда ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ Являетесь ли Вы ( выделить нужное) : ˜ Членом Бюро Политического Совета (партии/РФП/ТФП/ППО) ˜ Председатель ППО ˜ Членом ЦКРК / КРК (выбрать нужное) ˜ Депутатом маслихата областного/ городского/районного уровней ˜ Членом консультативно-совещательных органов при партии (указать наименование КСО) ˜ Руководителем партийной группы ˜ Членом пула спикеров Сведения о судимости

    Утеубаев Талгат Бабашевич
    Қызметкерлер

    Утеубаев Талгат Бабашевич

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    КРАТКИЕ СВЕДЕНИЯ О КАНДИДАТЕ Дата рождения 09.01.1962г. Адрес проживания г. Нур-Султан, ул.Сыганак, д.14, кв.44 Национальность казах Пол мужской Государственные награды (какие, год награждения) Орден "Құрмет", 2013 г., медаль "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін", 2014 г., звание «Заслуженный юрист Республики Казахстан», 2017 г. Партийные награды (какие, год награжд.) Партийная награда - "Белсенді қызмет үшін", 2012 г. Юбилейные медали (какие, год награждения) "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", 2005 г., "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2011 г., "ҚарМУ 40 жыл", 2012 г., "Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл", 2014 г., "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", 2015 г. Ученая степень, ученое звание PhD, доктор философии Дата вступления в партию « AMANAT » 19.10.2009 г. № удостоверения члена партии « AMANAT » № 0833315 ОБРАЗОВАНИЕ Год поступ. Год оконч. Название учебного заведения, город, страна Специальность 1980 г. 1985 г. Целиноградский инженерно-строи­тельный институт Автомобиль и автомобильное хозяйство 1991 г. 1995 г. Карагандинский государственный университет им. Е. А. Букетова Правоведение 1999 г. 2001 г. магистратура Академии МВД Республики Казахстан Деловое администрирование 2014 г. 2017 г. докторантура Университета информационных систем и менеджмента (ИСМА, Латвия) Бизнес администрирование ОПЫТ РАБОТЫ ММ.ГГ ММ.ГГ Должность (полное наименование), место работы,местонахождение организации 1979 г. 1988 г. автослесарь Талшикского автопредприятия (г. Талшик Ленинского района Кокчетавской области) 1988 г. 1990 г. главный инженер Талшикского автопредприятия (г. Талшик Ленинского района Кокчетавской области) 1990 г. 09.1991 г. инженер организации дорожного движения ГАИ Саранского ГОВД Карагандинской области 09.1991 г. 1992 г. инженер отделения по организации дорожного движения отдела ГАИ Карагандинского горисполкома 1992 г. 12.1994 г. Начальник отдела ГАИ Саранского ГОВД Карагандинской области 12.1994 г. 04.1997 г. первый заместитель начальника Саранского ГОВД 04.1997 г. 1999 г. начальник Саранского ГОВД 08.2001 г. 08.2006 г. заместитель начальника УВД г. Караганды 08.2006 г. по н/в. генеральный директор Товарищества с ограниченной ответственностью «Eurasian Industrial Chemical Group» ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ Являетесь ли Вы ( выделить нужное) : ˜ Членом Бюро Политического Совета (партии/РФП/ТФП/ППО) ˜ Председатель ППО ˜ Членом ЦКРК / КРК (выбрать нужное) ˜ Депутатом маслихата областного/городского/районного уровней ˜ Членом консультативно-совещательных органов при партии (указать наименование КСО) ˜ Руководителем партийной группы ˜ Членом пула спикеров Сведения о судимости

    Абилов Мурат Смагулович
    Қызметкерлер

    Абилов Мурат Смагулович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1959 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. 1977 - 1982 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенті. Университетті аяқтаған соң 1982 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Қарағанды облысының Теміртау ІІБ тергеушінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 1982 - 1984 жылдары Сахалин облысында Кеңес Армиясы қатарында болды. 1984 - 1986 жылдар аралығында Қарағанды облысы Металлургия ауданы прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді. 1986 жылдың аяғынан 1990 жылдың сәуіріне дейін - Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі. 1990 -1993 жылдары - Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының судьясы, 1993 - 1996 жылдары сол аудандық соттың төрағасы болып қызмет етті. 1996 -1999 жылғы наурызға дейін - Қарағанды қаласы Киров аудандық сотының төрағасы, Киров ауданының қайта құрылуына байланысты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы негізінде Киров сот учаскесінің аға судьясы болып жұмыс істеді. 1999 – 2002 жылдара арасында Қарағанды облысының Әділет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2002 - 2004 жылдарда - Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары, ал 2004 жылдың наурызынан 2004 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары болды. 2004 жылдан Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, ал 2009 жылғы наурыз – маусым аралығында Қарағанды облысы прокуратурасының бірінші орынбасары. 2009 - 2016 жылдарда - Қарағанды облысы Әділет департаментінің бастығы. 2016 - 2018 жылдары Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы болып қызмет істеді. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып жұмыс істейді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2010), «Құрмет» орденімен (2016) марапатталған. «АМАНАТ» партиясының мүшесі, 7-ші және 8 -ші сайланған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болды. Қазіргі уақытта депутаттық өкілеттіктер, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Үйленген, 3 баласы бар.

    Буслаев Евгений Михайлович
    Қызметкерлер

    Буслаев Евгений Михайлович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1973 жылы 7 тамызда Шахтинск қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шахтинск қаласының №6 орта мектебін бітірген. 1990-1995 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды. Институтты тау-кен өнеркәсібі салаларында экономика және басқару мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері - экономист біліктілігін алды. 2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, құқық бакалавры дәрежесі бар. Еңбек жолын 1995 жылдың шілдесінен В. И. Ленин атындағы шахтада жерасты тау-кен нормалаушысы ретінде бастады. Осы лауазымда 2006 жылға дейін жұмыс істеді. 2006 жылдың қарашасынан 2020 жылдың маусымына дейін шахта кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2020 жылдың маусым айынан бастап «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып істейді. Шахтинск қалалық мәслихатының 4-ші (2007-2011 жж.) және 7-ші (2021-2023 жж.) шақырылымдарының депутаты, бюджеттік саясат және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды. 2022 жылдан бастап Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Үйленген, бір ұлы бар.

    Калыков Абай Кобландиевич
    Қызметкерлер

    Калыков Абай Кобландиевич

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1975 жылдың 8-қарашасында Ақмола облысы, Искра ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы Шахтинск қаласының №3 орта мектебін аяқтадым. Орта мектепті бітіргеннен кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Жоғарыда аталған университетті 1996 жылы «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алды. 1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, экономика магистрі академиялық дәрежесіне ие болдым. 2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтап, 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны ойдағыдай қорғап, 2005 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иелендім. 2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, француз)» мамандығы бойынша аяқтап, педагогика бакалавры академиялық дәрежесі алдым. Еңбек жолын 1998 жылы қыркүйек айында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Экономика факультетінің Маркетинг кафедрасының оқытушысы болып бастадым. Осы оқу орында әртүрлі лауазымдарда -аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, проректорболып 2020 жылға дейін қызмет атқардым. 2020 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қараша айына дейін «Astana IT University» ЖШС-де жұмыс істедім. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басқарма мүшесі-проректоры лауазымында қызмет атқарудамын. (2016-2021 жж.) 6-шы шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Экономика, даму бағдарламасы және қала бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болдым. 2022 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің жанындағы жастар кеңесі жөніндегі кеңестің мүшесімін. Үйленгенмін. 2 баланың әкесімін.

    Оразбеков Асқар Бегалыұлы
    Қызметкерлер

    Оразбеков Асқар Бегалыұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    1988 жылы 26 маусым Мәскеу қаласында дүниеге келген. Кейін Астана қаласында №5 лингвистикалық гимназиясында 1995-2006 жылдар аралығында білім алған. ШОС бағдарламасы бойынша 2008 жылы Қытайдың Шанхай қаласында орналасқан East China University of Science and Technology (2008-2012ж) оқу ордасына «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша грантқа түседі. 2012 жылы сол оқу орнында «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2012-2014 жылдар аралығында білім алады. Жұмыс тәжірибесі: 2010 жылы сәуір – тамыз айлары аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында өткен ЭКСПО-да Персонал жөніндегі бас менеджер» қызметін атқарады. 2012 жылы сәуір – тамыз айлары аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өткен ЭКСПО-да Персонал жөніндегі бас менеджер болды. 2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың ақпанына дейін Shanghai Silkway Pty.Ltd. жұмыс орнында директор қызметін атқарады. 2016 жылдың ақпанынан қазіргі уақытқа дейін Forever Flourishing Middle Asia Pty.Ltd. кәсіпорнында қызмет етеді, компанияның негізін қалаушы. Қазақ тілінде еркін сөйлейді (туған тілі), орыс тілінде – еркін, ағылшын тілінде – Advanced, қытай тілінде – еркін.

    Кобжанов Нүркен Сайфиддинұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Кобжанов Нүркен Сайфиддинұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян 1967 жылы 29 желтоқсанда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды қаласының №93 орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. «Құқықтану», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Еңбек қызметі 1988–1996 жж. — Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында қызмет атқарды. 1996–2002 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданының «Жұлдыз» АҚ директоры. 2002–2007 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданында астық дақылдарын өсіру жөніндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының құрылтайшысы. 2007–2013 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары. 2013–2017 жж. — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі. 2017–2022 жж. — Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі. 2022–2023 жж. — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін — Қарағанды облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Қоғамдық және мемлекеттік қызметі 2003-2007 жылдары III шақырылымдағы Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының депутаты болды. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — VIII шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты . Е лдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан: Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында штаб мүшесі (2022 жыл); республикалық референдумдар өткізу жөніндегі штаб мүшесі (2022, 2024 жылдар); Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі (2026 жыл). Марапаттары «Құрмет» орденімен (2024 жыл) және «Парасат» орденімен (2026 год) наградталған. Көптеген мерекелік медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2026 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Отбасы Үйленген. Алты баласы бар.

    Шнель Владимир Александрович
    Қызметкерлер

    Шнель Владимир Александрович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Дата рождения 30.09.1969 Адрес проживания Карагандинская область, г.Караганда, ул.Костенко, д. 1, кв.23 Национальность немец Пол Мужской Государственные награды (какие, год награждения) Партийные награды (какие, год награжд.) Юбилейные медали (какие, год награждения) Ученая степень, ученое звание Дата вступления в партию « AMANAT » 24.11.2010 года удостоверения члена партии « AMANAT » № 1292581 ОБРАЗОВАНИЕ Год поступ. Год оконч. Название учебного заведения, город, страна Специальность 2005 2007 КарГТУ, г. Караганда, Казахстан Горное дело ОПЫТ РАБОТЫ ММ.ГГ ММ.ГГ Должность (полное наименование), место работы,местонахождение организации 07.1991г 01.1995г Проходчик УПР-2 ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 02.1995г. 09.1997г Горный мастер УПР-2 ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 09.1997г 06.2002 Проходчик УПР-2 ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 12.2002г 01.2007г Зам.начальника УПР-2 ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 01.2007г 06.2010г Начальник УПР-1 ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 07.2010г. 01.2013г Главный инженер ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 02.2013г. 07.2016г Директор ш. Костенко УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 07.2016г 12.2016г Горный мастер УВТБ ш.. Саранская УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 01.2017г 11.2017г. Зав.горными работами подготовительной службы ш. Саранская УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 11.2017г. 01.2020г. Главный инженер ш. Казахстанская УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 02.2020г. 04.2022г. Директор ш. Казахстанская УД АО «АрселорМиттал Темиртау» 05.2022г по нас.вр. Директор ш. Саранская УД АО «АрселорМиттал Темиртау» ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ Являетесь ли Вы (выделить нужное): ˜ Членом Бюро Политического Совета (партии/филиала/ППО) ˜ Председатель ППО ˜ Членом ЦКРК / КРК (выбрать нужное) ˜ Депутатом маслихата всех уровней ˜ Членом консультативно-совещательных органов при партии ˜ Руководителем партийной группы ˜ Членом пула спикеров Сведения о судимости

    Щетинин Виктор Петрович
    Қызметкерлер

    Щетинин Виктор Петрович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. Білімі жоғарғы. 1959 жылы 16 қаңтарда Ресейдің Пенза облысында дүниеге келді. Ұлты орыс. Сол жылы ата-анамен Теміртау қаласына қоныс аударады. 1985 жылы оқуға түсіп, 1991 жылы Қарағанды зауыты-ВТУЗ инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 1976 жылы Қарағанды металлургиялық зауытында, кейін Арселор Миттал Теміртауда жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды, Менің мемлекеттік наградалары жоқ. «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі. Үйленген, бес баласы бар.