
Башай Меруеш
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегітұрақты комиссияның мүшесі, депутат
Меруеш Башайқызы 12 желтоқсанда 1974 жылы Моңғолияның Баян-Өлке аймағында туған.
1990-1993 жылдары Педагогикалық колледжді мұғалім мамандығымен
2001-2005 жылдары Монғолияның Ұлан-Батор қаласындағы Мәдениет-Өнер университетін театрдың қоюшы режиссері
2014-2017 жылдары ҚАРТУ Экономика-менеджмент факультетін «Экономист- менеджер» мамандығымен оқып бітірді. 2021- жылдан қазірге дейін Е.Бөкетов атындағы заң факультетін юриспруденция бойынша оқып жатыр. Биыл оқу орнын аяқтайды. Монғолия және Қазақстан республикасында өткен көптеген халықаралық және республикалық әншілер байқауларының лауреаты.
Атап айтқанда:
1996 жыл – Монғолия республикасының жастар фестивалінің «Алтын медаль» жүлдегері, 2004 жыл – «Монғолияның ХХ ғасыр таңдаулы әншісі» атағы, 2004 жыл – Дорджцерен атындағы конкурстың лауреаты, 2004 жыл – Монғолияның мәдениет қайраткері, 2006 жыл – Монғол халық әндері байқауының лауреаты, 2005 жыл – Моңғолияда Дуэт әншілер бәсекесінің лауреаты, 2007 жыл - Тараз қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы халықаралық әншілер байқауының бас жүлдегері, 2008 жыл – Оңтүстік Қазақстанда өткен оралмандар фестивалінің лауреаты, 2009 жылы жоғары шеберлігі үшін М.Башай Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» атанды, 2011 жылы Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына орай өткізілген Қасым әндері байқауының лауреаты.
2012 жыл - Облыс әкімінің «Халық әндерінің үздік орындаушысы» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйлығы иегері атанды, 2019 жылы Пандемия жағдайына байланысты халыққа көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін Ел президентінің «Алғыс хатымен», 2020-жылы Президент Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының «Конституциясының-25 жылдық» мерекелік медалімен, 2020 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының-25 жылдық мерекелік меделімен марапатталды.
2021 жылы «Ел тәуелсіздігі-30 жылдық» мерекелік меделінің иегері, 2021 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен «Халық алғысы» медалі марапатталды.
Атқарған қызметтері:
1993-1996 жылы Моңғолияның Баян-Өлке аймағының Музыкалық Драма театрында әнші, 1996-2001 жылдары Баян –Өлке аймағының, Бұғылы 10 жылдық мектебінде мұғалім. 2001-2005 жылы Моңғолиядағы Қазақ музыкалы драма театрында әнші-актриса, 2005-2008 жылдары Моңғолияның Баян-Өлке аймағының Қазақ музыкалы драма театрының бас режиссеры болды. Осы уақытта Моңғолия және Қазақстан және шетел жазушыларының драмасын және опералық қойылымдар сахналады. Мәселен: А.П.Чехов «Ағайындылар» Ғ.Мүсірепов «Қозы көрпеш-Баян сұлу».Ш,Рахметұлы «Кесік қол келіншек», Лувсаншарав «Ұлы ханның Ханымдары» операсы т.б қойылымдарды сахналап халық көпшіліктен жоғары баға алды.
2008 жылдан қазірге дейін Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің әншісі, 2018 жылдан бастап Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы Республикалық қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облысы бойынша филиал басшысы болып әлемнің түпкір –түпкірінен келген қандастарға көмегін көрсетіп келеді. 2019 жылдан қазірге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне бағынышты «Отандастар қоры» КеАҚ ақпараттық және құқықтық көмек көрсеткен кеңесші және бас сарапшысы.
Меруеш Башайқызы Жапония, Корея, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Ресей, Моңғолия,т.б елдер Қазақстанымыздың барлық облыстарында халық көпшілікке өз өнерін тамашалатты. Алты баланы тәрбиелеп ртырған көп балалы ана «Күміс алқа иегері». Жолдасы Ерлан Бақтыгерей Әбдінәбиұлы. Ол Қарағанды облыстық «Тәттімбет» атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижеры.
Елімізге оралған құжатын алып үлгермеген, азаматтығы жоқ, құжатын жоғалтып алған 6000 (алты мыңға) жуық құжатсыз қандастарымызды құзырлы мекемелермен, шет ел консулдықтарымен бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде құжаттандыпуға, Қазақстанның толыққанды азаматы болуға құқықтық көмек, қолдау көрсетті.
2012 жылдан «Amanat» партиясының мүшесі.




